3. Азаматтардың және қоғамдық бiрлестiктердiң Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы лауазымды адамдарының әрекеттерiне бағыныстылық ретi бойынша немесе сотқа шағымдануға құқығы бар.
27-бап. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын тұрақты және жылжымалы көздерi бар жеке және заңды тұлғалардың мiндеттерi
Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын тұрақты және жылжымалы көздерi бар жеке және заңды тұлғалар:
1) адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiруi мүмкiн немесе қатер төндiретiн не адамдардың денсаулығына және (немесе) қоршаған ортаға зиян келтiрген атмосфералық ауаның ластануы туғызған авариялық шығарындылар туралы ақпаратты авариялық шығарындылар салдарынан зақымдануы мүмкiн ұйымдарға және мемлекеттік органдарға дереу берiп отыруға;
2) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын органдарға атмосфералық ауаны қорғау мәселелерi бойынша дер кезiнде, толық және дұрыс ақпаратты белгiленген тәртiппен берiп отыруға;
3) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарылуының есебiн жүргiзудi және жол берілетiн шектi шығарындылардың нормативтерi мен атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудiң жол берiлетiн шектi нормативтерiн әзiрлеудi қамтамасыз етуге;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер ететін шаруашылық және өзге де қызмет объектiлерiн салу орындарын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен келiсуге;
5) атмосфералық ауаның ластану деңгейiн азайту мақсатында қалдығы аз және қалдықсыз технологияны енгізуге;
6) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын ұстап қалу, кәдеге жарату, зарарсыздандыру, оларды жол берiлетiн шектi шығару нормативiне жеткенге дейiн қысқарту жөніндегі iс-шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға;
7) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттарды авариялық шығарудың алдын алу мен жою жөніндегі, сондай-ақ оның ластану зардаптарын жою жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыруға;
8) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын және олардың көздерiн есепке алуды жүзеге асыруға, атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарудың белгiленген нормативтерiнiң сақталуына бақылау жүргiзуге;
9) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларын тазарту мен бақылауға арналған құрылыстарды, жабдықтарды пайдалану ережелерiн сақтауға;
10) атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызмет объектiлерiнің санитариялық-қорғаныш аймақтары режимiнiң сақталуын қамтамасыз етуге;
11) шаруашылық және өзге де қызмет объектiсiнің тиiстi аумағынан атмосфералық ауаны ластайтын қалдықтардың осындай қалдықтар жинап қойылатын немесе көмiлетiн арнаулы орындарға, сондай-ақ осындай қалдықтарды шикiзат ретiнде пайдаланатын шаруашылық және өзге де қызмет объектiлерiне уақтылы апарылуын қамтамасыз етуге;
2004.20.12. N 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 12) тармақша өзгертілді
12) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мемлекеттік инспекторларының нұсқамаларын орындауға ;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды
13) атмосфералық ауаға таралатын зиянды заттар шығарындыларының белгіленген жол берілетін шекті нормативтерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
7-тарау. Қорытынды ережелер
28-бап. Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарын бұзу арқылы келтiрiлген зиянды өтеу
Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарын бұзу салдарынан азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаға, ұйымдардың, азаматтар мен мемлекеттiң мүлкiне зиян келтiрген жеке және заңды тұлғалар зиянды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеуге мiндеттi.
29-бап. Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
30-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" 1981 жылғы 12 маусымдағы Қазақ ССР Заңының (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1981 ж., № 25, 482-құжат; 1984 ж., № 36, 447-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының