Мемлекеттік органның iшкi бақылау қызметi:
1) бақылау жоспарын жасайды;
2) ақпарат беру үшiн iшкi бақылау жүргiзу жөніндегі жоспарды: орталық атқарушы орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлдiк берген мемлекеттік органға; жергiлiктi орган - әкiм уәкiлдiк берген мемлекеттік органға табыс етедi;
3) iшкi бақылау жүргiзу жоспарларының орындалуы жөніндегі есептi: орталық атқарушы орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлдiк берген мемлекеттік органға; жергiлiктi орган - әкiм уәкiлдiк берген мемлекеттік органға табыс етедi.
Жыл сайынғы есептердi табыс ету туралы талаптар мен iшкi бақылау жүргiзу жоспарлары туралы ақпараттар ақпараты мемлекеттік құпияға жататын шығыстарды бақылауға байланысты жағдайларға қолданылмайды.
6. Мемлекеттік органның iшкi бақылау қызметi:
1) орталық атқарушы органда, оның аумақтық бөлiмшелерiнде және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында, жергiлiктi атқарушы органда - тиiстi жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын жергiлiктi мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкiм уәкiлдiк берген мемлекеттік мекемелерде, сондай-ақ олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында iшкi бақылау жүргiзуге;
2) тиiсiнше Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлдiк берген мемлекеттік орган мен әкiм уәкiлдiк берген мемлекеттік органның консультациясын алуға құқылы.
5-тарау. Мемлекеттік бақылау органдарының өзара іс-әрекеті, есеп
комитеті төрағасының, мүшелерінің және мемлекеттік бақылау органдары
басшыларының өкілеттіктері мен құқықтары, бақылау объектісі лауазымды
адамдарының міндеттері мен құқықтары
11-бап. Мемлекеттік бақылау органдарының өзара iс-әрекетi
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлдiк берген мемлекеттік органдар ақпарат беру үшiн Есеп комитетiне республикалық бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргiзу жоспарларын жiбередi.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлдiк берген мемлекеттік органдар және әкiм уәкiлдiк берген мемлекеттік орган ақпарат беру үшiн мәслихаттың тексеру комиссиясына жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргiзу жоспарларын жiбередi.
3. Қажет болған жағдайда Есеп комитетi Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлдiк берген мемлекеттік органмен, ал мәслихаттың тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлдiк берген мемлекеттік органмен және әкiм уәкiлдiк берген мемлекеттік органмен бiрлесе отырып бақылау жүргiзедi.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлдiк берген тиiстi мемлекеттік органдар республикалық бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргiзген кезде осы жұмысқа шарттық негiзде және Есеп комитетiмен келісім бойынша тәуелсiз жеке аудиторлық ұйымдарды тартып, аталған органдарға олардың көрсеткен қызметтерiне осы мақсатқа республикалық бюджеттен бөлiнген қаражат шегiнде ақы төлей алады.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлдiк берген мемлекеттік орган және әкiм уәкiлдiк берген мемлекеттік орган бюджет қаражатын пайдалануды бұзушылық фактілері бойынша тексерiс жүргiзу туралы қылмыстық қудалау органдарының қаулылары негiзiнде жоспардан тыс бақылау жүргiзедi.
12-бап. Есеп комитетi төрағасының, мүшелерiнiң және мемлекеттік бақылау органдары басшыларының өкiлеттiктерi мен құқықтары
1. Есеп комитетiнiң төрағасы:
1) Есеп комитетiнiң қызметiне басшылық етедi, өзiне жүктелген тапсырмалар мен мiндеттердi орындау үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің алдында дербес жауапты болады;
2) кемiнде тоқсанына бiр рет Қазақстан Республикасының Президентiне Есеп комитетiнiң жұмысы туралы ақпарат берiп отырады;
3) Есеп комитетi қызметiнiң регламентiн бекітедi;
4) өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар бередi, олардың орындалуын тексередi, Есеп комитетiнiң отырыстарында қабылданған қаулылар мен өзге де актiлерге қол қояды;
5) республикалық және шетелдiк ұйымдармен өзара қатынастарда Есеп комитетiнен өкiлдiк етедi;
6) бақылау жүргiзудiң мерзiмдiлiгi мен ұзақтығын белгiлейдi;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Есеп комитетiнiң төрағасы мен мүшелерi:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi басқармасының және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары алқаларының отырыстарына қатысуға;
2) құпиялылық режимiнiң, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау мәселелерiне қатысты құжаттамамен кедергiсiз танысуға;
3) өздерi белгiлеген мерзiмде бақылау объектiлерiнен бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi талап етуге және алуға құқылы.
3. Есеп комитетiнiң төрағасы мен мүшелерi:
1) өздерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтайды, тексерiлетiн бақылау объектiлерiнiң жұмыс iстеуiне кедергi жасамауға және олардың ағымдағы шаруашылық қызметiне араласпауға тиiс;
2) бақылау нәтижелерiнiң бұрмаланғаны, мемлекеттік органдарға табыс етiлетiн және жариялауға берiлетiн ақпараттың дұрыстығы, заңмен белгiленген құпияны жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауап бередi.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлдiк берген мемлекеттік органның басшысы:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлдiк берген мемлекеттік органның қызметiне басшылық етедi;
2) Қазақстан Республикасының Yкіметіне тиiстi шаралар қолдану үшiн бақылаудың нәтижелерi туралы ақпарат берiп отырады;
3) бақылау жүргiзудiң мерзiмдiлiгi мен ұзақтығын белгiлейдi;
4) бақылау объектiлерiнен республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау мәселелерi жөніндегі қажеттi құжаттама мен ақпаратты сұратады және алады;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
5. Мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы:
1) мәслихаттың тексеру комиссиясының қызметiне басшылық етедi, өзiне жүктелген тапсырмалар мен мiндеттердiң орындалуына дербес жауап бередi;
2) бақылау жүргiзудiң мерзiмдiлiгi мен ұзақтығын белгiлейдi;
3) мәслихатқа тексеру комиссиясының жұмысы туралы хабарлап отырады;
4) мәслихат пен әкiмге бақылаудың нәтижелерi туралы хабарлап отырады;
5) жергiлiктi атқарушы органдардан, бақылау объектiлерiнен жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау мәселелерi жөніндегі қажеттi құжаттама мен ақпаратты сұратады және алады;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
6. Әкiм уәкiлдiк берген мемлекеттік органның басшысы:
1) әкiм уәкiлдiк берген мемлекеттік органның қызметiне басшылық етедi;
2) тиiстi шаралар қолдану үшiн әкiмге және мәслихатқа бақылаудың нәтижелерi туралы ақпарат берiп отырады;
3) бақылау жүргiзудiң мерзiмдiлігi мен ұзақтығын белгiлейдi;
4) бақылау объектiлерiнен жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау мәселелерi жөніндегі қажеттi құжаттама мен ақпаратты сұратады және алады;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
7. Мемлекеттік органның iшкi бақылау қызметiнiң басшысы:
1) мемлекеттік органның басшысына бағынады және есеп бередi;
2) iшкi бақылауды жүргiзуге жауапты;
3) Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылу фактілері туралы тиiсiнше Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкiлдiк берген мемлекеттік органның және әкiм уәкiлдiк берген мемлекеттік органның басшыларына дереу хабарлауға мiндеттi.
13-бап. Бақылау объектiсi лауазымды адамдарының мiндеттерi мен құқықтары
1. Бақылау объектісiнiң лауазымды адамы:
1) сыртқы және iшкi бақылаудың мемлекеттік органы қызметкерiн жұмыс орнымен қамтамасыз етедi;
2) сыртқы және iшкi бақылаудың мемлекеттік органы қызметкерiн бақылау жұмыстарын жүзеге асыру үшiн қажеттi сұрау салынған барлық ақпаратпен қамтамасыз етедi және оның дұрыстығы, объективтiлiгi және толықтығы үшiн дербес жауапты болады;
3) сыртқы және iшкi бақылаудың мемлекеттік органы қызметкерiнiң iс-әрекеттерiне араласпайды, жаңылыстыруға әрекет етпейдi, бақылау жүргiзуiне кедергi жасамайды және оның ауқымын шектемейдi;
4) кемшiлiктердi жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы уақтылы есеп берiп отырады.
2. Бақылау объектiсiнiң лауазымды адамы:
1) бақылаудың мақсатын, уақыты мен ұзақтығын, оның нәтижелерiн, тұжырымдары мен ұсынымдарын (егер олар болса) бiлуге;
2) тиiсiнше Есеп комитетiнiң тапсырмасын, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлдiк берген мемлекеттік органның және әкiм уәкiлеттiк берген мемлекеттік органның бұйрығын мәслихаттың, мәслихат тексеру комиссиясының не мәслихат хатшысының бақылау жүргiзуге берiлген шешiмiн табыс етпеген сыртқы және iшкi бақылаудың мемлекеттік органының қызметкерiн бақылауға жiбермеуге құқылы.
6-тарау. Қорытынды ережелер
14-бап. Халықаралық байланыстар
Есеп комитетi және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлдiк берген мемлекеттік орган шет мемлекеттердiң мемлекеттік аудит және бақылау органдарымен және халықаралық ұйымдармен байланыс жасайды, оның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олармен ынтымақтастық туралы шарттар мен келісімдер жасасуға құқығы бар және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен осы халықаралық ұйымдардың құрамына кiре алады.
15-бап. Мүдделер тартысы
1. Мүдделер тартысы - сыртқы және iшкi бақылаудың мемлекеттік органы қызметкерiнiң объективтiлiгi мен тәуелсiздiгiн шектей алатын кез келген қызмет немесе қатынастар.
2. Мыналарға:
1) бақылау объектiсi басшысының, құрылтайшысының немесе оған қатысушының жақын туыстары немесе жекжаттары болып табылатын;
2) бақылау объектiсiнде жеке мүлiктiк мүдделерi бар қызметкерлердiң, қатысушылардың, оның лауазымды адамдарының бiрi болып табылатын;
3) тексеру кезеңiнде бақылау объектiсiнде жұмыс iстеген сыртқы және iшкi бақылаудың мемлекеттік органдарының қызметкерлерiне бақылау жүргiзуге тыйым салынады.
3. Мүдде тартысы туындаған жағдайда сыртқы және iшкi бақылаудың мемлекеттік органының қызметкерi бұл туралы бақылауды тағайындаған басшыға хабарлауға тиiс. Олай болмаған жағдайда мүдде тартысы жағдайларының туындағаны үшiн толық жауапкершiлiк сыртқы және iшкi бақылаудың мемлекеттік органының қызметкерiне жүктеледi.
16-бап. Келiспеушiлiктердi шешу
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, сондай-ақ бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым берiлуi мүмкiн.
17-бап. Қазақстан Республикасының республикалық және жергіліктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау туралы заңдардың бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының