Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 шілдедегі № 976 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 24 қаңтардағы № 98 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1385 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аккредитациялаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 шілдедегі № 976 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 27, 338-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аккредитациялаулың ережесіндегі:
21-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Тоқаев Қ. |