Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 және
2000 жылғы 5 маусымдағы № 841 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 9 қаңтардағы № 13 қаулысы
(2006.14.08. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Қазақстан Республикасына тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат):
Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртібінде:
5-тармақта:
в) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"егер өтiнiм берушi ретiнде делдал қатысса, тауарды экспорттаушы және өндiрушi немесе импорттаушы және тұтынушы арасындағы шартты";
мынадай мазмұндағы к) тармақшасымен толықтырылсын:
"к) ұсынылатын құжаттардың тiзiмдемесiн";
он үшiншi абзацтағы "г", "е" деген сөздердiң алдынан "в", "д" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;
"Өтiнiш Лицензиардың деректер банкiнде тiркеуге жатады.
Лицензия немесе лицензия беруден бас тарту туралы дәлелдi шешiм барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн он күн мерзiмнен кешiктiрiлмей берiледi.";
7-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "алты" деген сөз "тоғыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшіншi абзацта:
"ұзартылуы мүмкiн" деген сөздердiң алдынан ", бiрақ, бiр күнтiзбелiк жылдан асырылмай" деген сөздермен толықтырылсын;
"жолдайды" деген сөз "ұсынады" деген сөзбен ауыстырылсын;
"өтiнiш" деген сөз "өтiніштi, бiрақ, лицензияның қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн 10 күннен кешiктiрмей" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
"16. Лицензия жоғалған кезде лицензиаттың телнұсқаны алуға құқығы бар. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша он күн iшiнде лицензияның телнұсқасын берудi жүргiзедi. Бұл ретте лицензиат қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына алым төлейдi.";
2) ҚР Үкіметінің 2006.14.08. № 765 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі белгiленген тәртiппен Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжiкстан Республикасының Интеграциялық комитетiн сыртқы сауда қызметiн реттеу жөнінде қазақстан тарабы қабылдайтын шаралар туралы хабардар етсiн.
3. Жарияланған күнiнен 30 күн өткеннен кейiн күшiне енетін осы қаулының 1-тармағы 2) тармақшасынан басқасы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Тоқаев Қ. |