Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі қылмыстық-атқару
жүйесiнiң кейбір ұйымдастырушылық мәселелерi туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1751 қаулысы
ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1443 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесiнiң құрылымын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының шектi штаттық санын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 8 қазандағы № 1018-74 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Орталық органның аппараты" деген жолдағы "1903" деген сан "1929" деген санмен ауыстырылсын;
оның iшiнде:
"Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi" деген жолдағы "146" деген сан "172" деген санмен ауыстырылсын;
"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық iшкi iстер органдарының аппараты мен бөлiмшелерi" деген жолдағы "20 320" деген сан "20 514" деген санмен ауыстырылсын;
оның iшiнде:
"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық қылмыстық-атқару жүйесi органдарының аппараты мен бөлiмшелерi" деген жолдағы "356" деген сан "550" деген санмен ауыстырылсын;
"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ведомстволық бағыныстағы ұйымдар" деген жолдағы "39 243" деген сан "40 314" деген санмен ауыстырылсын;
"Түзеу мекемелерi" деген жолдағы "11 218" деген сан "11 682" деген санмен ауыстырылсын;
"Жиыны" деген жолдағы "96 893" деген сан "97 577" деген санмен ауыстырылсын.
2. Қосымша санды ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап республикалық бюджеттен жүргiзiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі осы қаулыны іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі