Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 26 маусымдағы № 942 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 14 желтоқсандағы № 1639 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. «Жекешелендiру объектілерін сатудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 26 маусымдағы № 942 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 27, 317-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Жекешелендiру объектілерін сатудың ережесінде:
кiрiспе «жекешелендiру» деген сөздiң алдынан «аукциондар мен тендерлерде» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
3) тармақшадағы «заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы акциялар мен үлестер» деген сөздер «акционерлік қоғамдардың акциялары мен шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталдарындағы үлестер» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) «Ағымдағы баға» - аукционда сауда-саттық барысында қалыптасатын жекешелендiру объектiсiнiң бағасы;";
19) тармақшадағы «ұсынған сауда-сатыққа Қатысушы» деген сөздер «ұсынған тендерге Қатысушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «мемлекеттік мүлiкке иелiк етуге, пайдалануға және билiк етуге» деген сөздер «осындай шешiм қабылдауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірiншi абзацындағы «ол сатылғанға» деген сөздер «сатып алушыға меншiк құқығы көшкенге» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
бірiншi абзацтағы «ерекше» деген сөз алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жекешелендiру әрбір объектiсi бойынша сауда-саттықтардың түрiн айқындау;";
10-тармақта:
1) тармақшадағы «заңды тұлғалар» деген сөздер «шаруашылық серiктестiктер» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың бірiншi абзацындағы «7» деген сан «5» деген санмен ауыстырылсын;
13-тармақта:
бірiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Комиссия Сатушының тапсырмасы бойынша мынадай функцияларды жүзеге асырады:";
24-тармақтағы «сауда-саттықтардың өтуiне бір күн» деген сөздер «тендердiң өтуiне бір күн және аукционның өтуiне бір сағат» деген сөздермен ауыстырылсын;
мемлекеттік тiлдегi мәтiнiне қатысы жоқ;
25-тармақта:
4) тармақшадағы «коммерциялық» деген сөздiң алдынан «жабық конвертте берiлетiн» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) инвестициялық тендерге қатысу үшiн жекешелендiру объектiсiн сатып алу бағасы туралы ұсыныс көрсетiлген өтiнiм және инвестициялық бағдарлама (бизнес-жоспар) жабық конвертте берiледi;";
сегiзiншi абзацтағы «Заңды тұлғалар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацтағы «жарғылық капиталдағы мемлекеттiң үлесi туралы және» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«Шетелдiк заңды тұлғалар құрылтай құжаттарын орыс тіліндегi нотариалдық расталған аудармасымен ұсынады.»;
27-тармақтың 1) тармақшасы «Қатысушыдан» деген сөзден кейiн «аукционға» деген сөзбен толықтырылсын;
30-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ең төменгi баға белгiленген жағдайда, жекешелендiру объектiсi одан төмен бағаға сатыла алмайды.»;
35-тармақтың соңғы сөйлемiндегi «10» деген сан «5» деген санмен ауыстырылсын;
42-тармақтағы «5-15» деген сандар «1-15» деген сандармен ауыстырылсын;
56-тармақтың 1) тармақшасындағы «5» деген сан «10» деген санмен ауыстырылсын;
58-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Егер қамтамасыз етудің өзге тәсілі сатып алу-сату шартымен көзделмесе, сатып алушы алған жекешелендіру объектісіне Сатушының кепіл құқығы төлемдердің уақытылы өтелуін қамтамасыз етуге қызмет етеді.»;
59-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |