2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 45-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
45-1) поездарды қалыптастыру жоспары - тасымалдаушылардың поездарды қалыптастыру жоспарының жобалары негізінде ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен, оның ішінде магистральдық теміржол желісі учаскелерінің өткізу қабілеті мен станциялардың өңдеу қабілеті ескеріле отырып, теміржол станцияларында қалыптастырылатын, поездардың санаты мен бағытын белгілейтін құжат;
46) салмағы ауыр жүк - массасы мен ұзындығы немесе вагонның жақтауына (еденіне) жүктемесі жүктерді тиеу мен бекітудің техникалық шарттарында белгіленген, әмбебап жылжымалы құрамда тасымалдау кезінде рұқсат етілетін шамадан асатын жүк;
47) станциялық жолдар - станциялар шекараларындағы теміржолдар: станциялар шекараларындағы магистральдық жолдарды қоспағанда, сұрыптау, тиеу-түсіру, тартымдық, деполық, жалғастырғыш, арнайы теміржолдар;
48) тармақ иеленушi - меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде теміржолдың кiрме жолдарын иеленушi тұлға;
49) тасымалдау - жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін, жүктерді жөнелту пунктінен межеленген пунктке апару;
49-1) тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушы - жолаушы, жүк жөнелтуші (жөнелтуші), жүк қабылдаушы (қабылдаушы), экспедитор;
50) тасымалдауға болатын мерзiм - тез бүлiнетiн багаждың, жүктiң, жүк-багаждың сертификатта (сапалық куәлiкте) көрсетiлген деректер негiзге алынып, жолда болуының ықтимал шектi мерзiмi;
51) тасымалдау қағидалары - тасымалдау процесiнiң барлық қатысушыларының қызметiн және өзара қатынастарын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер;
52) тасымалдау құжаттары - ресiмделуi арқылы тасымалдау шарты жасалатын құжаттар (жол жүру құжаты (билет), багаж бен жүк-багаж түбіртегі, теміржол көлiгi жүкқұжаты);
53) тасымалдау процесі - теміржол көлігімен тасымалдауды дайындау, жүзеге асыру және аяқтау кезінде орындалатын ұйымдастырушылық және технологиялық тұрғыдан өзара байланысты операциялар жиынтығы;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 295-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 54) тармақша жаңа редакцияда
54) тасымалдау процесіне қатысушы - тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушы, тасымалдаушы, Ұлттық инфрақұрылым операторы, локомотивтік тартқыш операторы, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторы, вагондар (контейнерлер) операторы, тармақ иеленуші, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдарды иеленуші;
54-1) тасымалдау процесінің қауіпсіздігі (бұдан әрі - қозғалыс қауіпсіздігі) - қауіпті фактордың іске асу ықтималдығы мен оның салдарларының ауырлық дәрежесінің ұштасуын ескере отырып, адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіруге, тасымалдау процесіне қатысушылар мен үшінші тұлғалардың мүлкіне залал келтіруге байланысты, тасымалдау процесі операцияларын орындау кезінде жол берілмейтін қатердің болмауы;
54-2) тасымалдаушы - жүктерді немесе жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және тасымалдау құжаттарында көрсетілген, тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде жылжымалы құрамды иеленетін тұлға;
55) тез бүлiнетiн багаж, жүк, жүк-багаж - жарамдылық мерзiмi шектеулi және тасымалдау мен сақтаудың ерекше жағдайын талап ететiн багаж, жүк, жүк-багаж;
55-1) теміржол вокзалының класы - теміржол вокзалының орындалатын жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) көлеміне және техникалық жарақтандырылуына қарай айқындалған мәртебесі;
56) теміржол вокзалы - класына қарай халыққа теміржол көлігімен тасымалдау және багажды, жүк-багажды қабылдау-беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үйлердің, ғимараттардың (жолаушы платформаларын, вокзал өтпелерін және вокзал маңындағы аумақты қоса алғанда) және басқа да мүлік түрлерінің кешені;
57) теміржолдар - жылжымалы құрамның жүруi жүзеге асырылатын жылжымайтын мүлiк объектiлерi (магистральдық, станциялық, кiрме жолдар);
58) теміржол көлiгi - теміржолдармен тасымалдауды қамтамасыз ететiн көлiк түрi;
59) 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
60) теміржол көлiгiнiң қорғалатын аймақтары - тасымалдау қауiпсiздiгiн, теміржол көлiгi құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектілерінiң сақталуын, төзiмдiлiгi мен берiктiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi жер учаскелерi;
60-1) теміржол көлігінің көмекші қызметі - тасымалдау процесінің қатысушысы болып табылмайтын және инфрақұрылым объектілерін, ғимараттарды, теміржол көлігінің жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, жасау, оларға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және кәдеге жарату бойынша қызметтер көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
61) теміржол қатынасы - жөнелту және межелі пункттер арасында теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау;
62) теміржол станциясы - поездар қозғалысын реттеудi, өткізу қабiлетiн қамтамасыз ететiн және оларды қабылдау, жөнелту және (немесе) тоғыстыру, басып озу жөніндегі, жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерiн және (немесе) жүктердi қабылдау, беру жөніндегі операцияларды, сондай-ақ маневрлік жұмысты жүргiзуге мүмкiндiк беретiн жол дамытылымы бар, магистральдық жолдарды учаскелерге бөлетiн пункт;
62-1) 2019.27.12. № 295-VІ ҚР Заңымен 2022 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 62-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
62-2) уақытша теңгерімдеу төлемақысы - Ұлттық жүк тасымалдаушының жолаушылар тасымалын қолдауға бағытталған шығыстары;
63) уәкiлеттi орган - теміржол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 64) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
64) Ұлттық жолаушылар тасымалдаушы - жолаушыларды, багажды, жүк-багажын, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін, бүкіл магистральдық теміржол желісінде поездарды қалыптастыру жоспарын іске асыруды, оның ішінде арнайы және әскери тасымалдаулар бойынша қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 64-1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
64-1) Ұлттық жүк тасымалдаушы - жүктерді тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін, оның ішінде арнайы және әскери тасымалдауларды орындайтын, бүкіл магистральдық теміржол желісінде поездарды қалыптастыру жоспарын іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 295-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 64-2) тармақша жаңа редакцияда
64-2) Ұлттық инфрақұрылым операторы - акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке немесе Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтіп-ұстауды, жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін, сондай-ақ әскери тасымалдарды бірінші кезекте қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 65) тармақша жаңа редакцияда
65) Ұлттық теміржол компаниясы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, дамудың жалпы бағыттарын айқындайтын жəне Ұлттық инфрақұрылым операторы, ұлттық тасымалдаушылар жəне теміржол көлігі саласында қызметін жүзеге асыратын өзге де үлестес заңды тұлғалар қызметінің бағыттарын, оның ішінде əскери тасымалдарды жан-жақты қамтамасыз ету бойынша үйлестіруді қамтамасыз ететін акционерлік қоғам;
66) экспедитор - тасымалдау құжаттарында көлiк экспедициясы шартының негiзiнде тасымалдаудың төлеушiсi ретiнде көрсетiлуi мүмкiн, жүк тасымалдауларын ұйымдастыру жөнiнде қызметтер көрсететiн тұлға.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бап өзгертілді
2-бап. Теміржол көлiгiнің мемлекеттік саясаты және жұмыс істеу қағидаттары
1. Теміржол көлігінің жұмыс істеуі мынадай қағидаттар:
1) Қазақстан Республикасының бірыңғай әлеуметтік-экономикалық кеңістігін сақтау және нығайту;
2) Қазақстан Республикасының бірыңғай көлік жүйесінің жұмыс істеуінің келісімділігі;
3) теміржол көлігі инфрақұрылымының тұтастығын және іркіліссіз жұмыс істеуін сақтау;
4) тасымалдау процесінің қауіпсіздігін, үздіксіздігін және іркіліссіздігін қамтамасыз ету;
5) көлік нарығының барлық субъектiлерiнiң теміржол көлiгi қызметтерін ұсынуға және алуға еркін қол жеткізуі;
6) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау;
7) тасымалдаулардың барлық қатысушылары үшін құқықтық және экономикалық кепілдіктердің бірыңғай стандартын қолдану негізінде жүзеге асырылады.
2. Теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік саясат халық пен мемлекеттің тасымалдауларға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасауға бағытталған. Теміржол көлiгi саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары:
1) теміржол көлiгiнiң магистралдық теміржол желісін және жылжымалы құрамын дамыту;
2) тасымалдарды дамыту;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)
3) адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін теміржол көлігі мен оның өмірлік циклі процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес теміржол көлiгiнде тариф, салық және кеден саясатын жүзеге асыру;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред.қара)
5) темiржол көлiгiнде кәсiпкерлiкті дамыту және оған жеке инвестицияларды тарту үшін жағдайлар жасау және мемлекеттiк органдардың шаруашылық қызметке заңсыз араласуына жол бермеу;
6) бәсекелестiктi дамыту, соның iшiнде халықаралық тасымалдар саласындағы бәсекелестiктi дамыту;
7) магистралдық теміржол желісінiң бірыңғай мүлiктiк кешенiн сақтау;
8) қоршаған ортаны қорғау;
9) теміржол көлiгiн жұмылдыру дайындығында ұстап тұру;
10) теміржол көлiгiнiң қажеттерi үшiн импортты алмастыратын өндiрiстi дамытуға жәрдемдесу;
11) транзиттік және халықаралық тасымалдауларды кеңейту;
12) мемлекет, тасымалдау процесіне қатысушылар мен теміржол көлігінің көмекші қызметі мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету;
13) көлік-логистика жүйесін дамыту және теміржолдар бойынша жүктердің көлік ағындарын арттыру болып табылады.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру уәкілетті органға және өз құзыретіне сәйкес өзге де мемлекеттік органдарға жүктеледі.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-бап. Теміржол көлiгiнде жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтілімдерi тасымалын ұйымдастыру негiздерi
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Темiржол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және пошта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау уәкілетті орган белгілеген тәртiппен және шарттарда жүзеге асырылады.
1-1. Тасымалдау процесіне қатысушылар жасалатын шарттарға, тасымалдау қағидаларына, инфрақұрылымдық қызметтерге қол жеткізу және оларды көрсету қағидаларына, осы Заңға, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес тасымалдау процесі операцияларын жоспарлайды, ұйымдастырады және орындайды.
2. Тасымалдаушы осы Заңда және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделгеннен басқа жағдайларда, ақысын төлеген және жол жүру немесе багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтілімдерi тасымалдарына арналған тасымалдау құжаттарын дұрыс ресiмдеген қызмет пайдаланушыларға тасымал жасаудан бас тартуға құқығы жоқ.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 295-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Өзінің жылжымалы құрамы жоқ тасымалдау процесіне қатысушылар шарттың негізінде локомотивтік тартқыш операторының, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының және вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді
4-бап. Теміржол көлiгi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы
1. Теміржол көлiгi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2-1. Халықаралық теміржол қатынасы кезінде құжаттарды ресімдеу халықаралық жолаушылар және жүк теміржол қатынастарында теміржол ынтымақтастығы саласындағы шарттарға (келісімдерге) сәйкес жүзеге асырылады.
3. Әскери және арнайы тасымалдарды ұйымдастыру, қамтамасыз ету және орындау ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
5-бап. Теміржол көлiгiнiң ортақ және жеке пайдаланылатын объектiлерi
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Магистральдық теміржол желісі жекешелендіруге жатпайды және кейіннен Ұлттық инфрақұрылым операторына беріле отырып, Ұлттық теміржол компаниясына беру үшін уәкілетті орган белгілейтін шарттарда және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингке беріледі.
Мемлекет меншігіндегі магистральдық, станциялық жолдар және магистральдық теміржол желісінің өзге де объектілері кейіннен Ұлттық инфрақұрылым операторына беріле отырып, Ұлттық теміржол компаниясына беру үшін уәкілетті орган белгілейтін шарттарда және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингке беріледі.
Кірме жолдың жылжымалы құрамды бір жолдан екінші жолға ауыстыруға арналған құрылысжайлары, құрылғылары мен элементтері кірме жолдың бөлінбейтін бөлігі болып табылады.
2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Магистральдық темiржол желiсiне жатпайтын темiржолдар жеке пайдалану объектiлерi бола алады және жеке меншiкте, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары негізінде жеке меншікте бола алады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жекеше әріптеске мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессионерге концессия шарттары бойынша теміржолдарға және теміржол көлігі объектілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының, оның ішінде концессия шарттарының қолданылу мерзіміне иелену мен пайдалану құқығы беріледі.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдар және теміржол көлігі объектілері мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының, оның ішінде концессия шарттарының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін магистральдық теміржол желісінің құрамына енгізілмейді.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды
5-1-бап. Теміржолдарды сыныптау
Теміржолдарды сыныптау тәртібін уәкілетті орган жолаушы және жүк поездары қозғалысының жүк сыйымдылығы мен рұқсат етілетін ең жоғары жылдамдықтарының үйлесімділігіне қарай айқындайды.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 5-2-баппен толықтырылды
5-2-бап. Ұлттық теміржол компаниясы мен магистральдық теміржол желісін басқару ерекшеліктері
1. Ұлттық инфрақұрылым операторына берілген магистральдық теміржол желісін, сондай-ақ Ұлттық инфрақұрылым операторының акцияларын жеке және (немесе) заңды тұлғаларға иеліктен шығаруға, оған үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға тыйым салынады.
2. Ұлттық басқарушы холдингке нәтижесінде Ұлттық теміржол компаниясының тоқсан пайыздан кем плюс бір дауыс беретін акциясы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болатын осы Ұлттық теміржол компаниясының акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-бап. Магистральдық теміржол желісі
1. Тасымалдаушылар магистральдық теміржол желісі бойынша тасымалдауларды Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
2. Тасымалдаушы магистралдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтері үшiн Ұлттық инфрақұрылым операторына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген мөлшерде ақы төлейдi.
3. Магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу құқығын Ұлттық инфрақұрылым операторы береді.
Ұлттық инфрақұрылым операторы магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне кемсiтушіліксiз қол жеткізудi қамтамасыз етуге және тасымалдаушыларға магистральдық теміржол желісін пайдалануға тең құқық беруге мiндеттi.
Магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен айқындалады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Ұлттық инфрақұрылым операторы магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтiп-ұстауды және жаңғыртуды, салуды жүзеге асырады.
Жаңа магистральдық жолдар салу уәкілетті органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 6-1-баппен толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 6-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-1-бап. Магистралдық теміржол желісін пайдалану кезiнде туындайтын мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауаптылық
Магистралдық теміржол желісін пайдалану кезiнде туындайтын мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидасында, сондай-ақ осылардың негiзiнде жасалатын шарттарда белгiленген негiздер бойынша және мөлшерде жауаптылықта болады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 6-2-баппен толықтырылды; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 6-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-2-бап. Теміржол қатынастарының түрлері
1. Теміржол қатынастары мынадай түрлерге:
1) жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау;
2) жүк тасымалдау болып бөлінеді.
2. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау:
1) халықаралық - Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен тасымалдау;
2) республикаішілік - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жөнелту және межелі станциялар арасындағы тасымалдаулар болып бөлінеді.
3. Әкімшілік-аумақтық белгісі бойынша республикаішілік жолаушылар мен жүк тасымалдау:
1) облысаралық - әртүрлі облыстардағы жөнелту және межелі станциялар арасында жүзеге асырылатын немесе республикалық маңызы бар қалалармен, астанамен елді мекендерді жалғастыратын тасымалдау;
2) ауданаралық (облысішілік қаларалық) - бір облыс шегіндегі жөнелту және межелі станциялар арасындағы тасымалдау;
3) қала маңындағы - тиісті аумақтарда қала маңындағы аймақтардың бекітілген шекаралары шегінде қаланы елді мекенмен жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдаулар болып бөлінеді.
4. Жүктерді тасымалдау:
2019.27.12. № 295-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) халықаралық - Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы тасымалдар немесе жүк транзиті;
2) республикаішілік - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жөнелту және межелі теміржол станциялары арасындағы тасымалдау болып бөлінеді.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-бап. Теміржол қатынасын тоқтату
Мемлекеттік меншік болып табылатын теміржолдар арқылы теміржол қатынасын тоқтатуды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-бап. Теміржол көлiгіндегі шарттар
1. Тасымалдау шарттарының мiндеттi талаптары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда және соларға сәйкес шығарылған тасымалдау ережелерiнде белгiленедi. Тараптар тасымалдау шарттарының өзге де талаптарын белгiлеуге ерiктi.
2019.27.12. № 295-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру кезінде Ұлттық теміржол компаниясының, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының және тасымалдаушылардың мемлекеттік басқару органдарымен өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарттардың талаптарымен жүзеге асырылады.
2016.09.04. № 494-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған шарттар уәкілетті орган бекітетін үлгілік шарт негізінде жазбаша түрде жасалады.
2016.09.04. № 494-V ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды; 2019.27.12. № 295-VІ ҚР Заңымен 2-2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-2. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттар жазбаша нысанда жасалады. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттар уәкілетті орган бекітетін үлгілік шарт негізінде жазбаша нысанда жасалады.
Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген шарттың заңнамаға сәйкес бұзылуы жағдайында уәкілетті орган мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын және кредиттік қаражатты қайтару мен жолаушылар вагондарын сатып алуға берілетін қаржылық лизингті төлеу міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ететін жаңа тасымалдаушыны айқындай алады.
Осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген тасымалдаушыны айқындау тәртібі шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларында белгіленеді.
2016.09.04. № 494-V ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды; 2019.27.12. № 295-VІ ҚР Заңымен 2-3-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-3. Уәкілетті орган және (немесе) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мынадай міндеттемелер бойынша шарттар жасаса алады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау;
3) осы баптың 2-2-тармағының екінші бөлігінде аталған тасымалдаушыны айқындау;
4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген басқа да міндеттемелер.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2-4-тармақпен толықтырылды
2-4. Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған шарттар уәкілетті орган бекітетін үлгілік шарт негізінде жазбаша нысанда жасалады.