Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 мамырдағы № 601 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 қазандағы № 1338 қаулысы
ҚР Үкіметінің 24.04.02 ж. № 470 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2001 жылғы 13 сәуірдегі кеңесте берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 мамырдағы № 601 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 16, 214-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2001 жылғы 13 сәуірдегі кеңесте берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«Сайлау комиссиясының мәселелері» бөлімінде:
«Орындалу мерзімі» бағанында, реттік нөмірі 2-жолдағы «2001» деген сан «2002» деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі