1) 19-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерiнiң ақшалай үлесi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi.";
2-тармақтағы ", егер заңдарда белгiленген тәртiппен өзгеше көзделмесе, заңдарда Қарулы Күштердiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген бұйымдық және заттай үлеспен" деген сөздер "заңдарда белгiленген тәртiп бойынша мүлiкпен және азық-түлiкпен" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 20-баптың 1-тармағындағы "қызмет өткерген жылдарына проценттiк үстемеақы" деген сөздер "лауазымдық айлықақы" деген сөздермен ауыстырылсын.
10. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат, № 23, 925-құжат):
1) 60-баптың 1-тармағында:
бiрiншi абзацтағы "Әскери қызметшiлердiң" деген сөздерден кейiн "(мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "және" деген сөз "немесе" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) әскери қызметтегi офицерлiк құрамдағы адамдардың, прапорщиктердiң (мичмандардың), Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдардың, сондай-ақ келісім-шарт бойынша әскери қызметтен өтiп жүрген, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген әскери қызметтi және Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарындағы қызметтен өтудiң шектi жасына жеткен, 25 жыл және одан да көп жалпы еңбек стажы бар, оның кемiнде 12 жыл 6 айын үздiксiз әскери қызметтегi немесе Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарындағы қызметi құрайтын адамдардың;";
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) 25 жыл және одан да көп жалпы еңбек стажы бар, оның кемiнде 12 жыл 6 айын үздiксiз әскери қызмет немесе iшкi iстер органдарындағы қызмет құрайтын, штаттың қысқаруына немесе денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар;";
2) 61-бапта:
1-тармақтағы "ақшалай үлестiң 60 процентi" деген сөздер "ақшалай қаражатының 50 процентi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2, 4-тармақтардағы "ақшалай үлестiң" деген сөздер "ақшалай қаражатының" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
"ақшалай үлестiң 75 процентiнен" деген сөздер "ақшалай қаражатының 65 процентiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне төленетiн ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң ең жоғары мөлшерi тиiстi жылға арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген жетпiс бес айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.";
3) 63-бапта:
тақырыптағы "ақшалай үлесiнiң" деген сөздер "ақшалай қаражатының" деген сөздермен және 1-тармақтағы "ақшалай үлесi" деген сөздер "ақшалай қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiн, iшкi iстер органдары қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражат мөлшерiне лауазымдық айлықақысы, әскери (арнаулы) атағы бойынша айлықақысы (қосымша ақы) кiредi.";
3-тармақтағы "ақшалай үлесi" деген сөздер "ақшалай қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 64-баптың 1-тармағындағы "ақшалай үлес" деген сөздер "ақшалай қаражат" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 65-бапта:
3-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әскери қызметiнде, iшкi iстер органдарындағы қызметте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылға жетпейтiн әскери қызмет стажы бар, Қазақстан Республикасының республикалық және жергiлiктi бюджеттер есебiнен қамтылған әскери қызметшiлерi, iшкi iстер органдары қызметкерлерi үшiн мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына немесе мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорына, осы Заңның 63-бабының 2-тармағында белгiленген ақшалай қаражаты мөлшерiнiң 20 процентi мөлшерiнде тиiстi бюджеттiң қаражаты есебiнен салымшының таңдауы бойынша жеке зейнетақы шотына мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару тәртібі енгiзiледi.";
үшiншi бөлік алып тасталсын.
11. "Дипломатиялық қызмет туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 21, 275-құжат; 1999 ж., № 23, 916-құжат):
26-баптың 2-тармағында:
бiрiншi бөлiкте:
"адамдарды ақшалай қамтамасыз ету" деген сөздер "адамдарға еңбекақы төлеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бiртұтас жүйесiмен" деген сөздер "бiрыңғай жүйесi негiзiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктегi "еңбегiне ақы төлеу" деген сөздер "еңбек" деген сөзбен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заңның 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, осы Заң 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының