Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290
қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 8 қазан № 1298
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 602 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. "Кейбiр акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 8, 85-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:
1) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Осы қаулының 1-тармағының 5), 7), 9) тармақшаларында көзделген iс-шараларды орындау мүмкiн болмаған жағдайда, осындай іс-шаралардың орындалу мерзiмiн уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен келісім бойынша ауыстыруы мүмкiн деп белгiленсiн.";
2) көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
1-тармақта:
"Палымбетов Болат Әбiлқасымұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Мұртазаев Мұрат Арзаұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi";
3-тармақта:
"Палымбетов Болат Әбiлқасымұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi
Дүкенбаев Кенжемұрат Дүкенбайұлы - "Электр желiлерiн басқару жөніндегі қазақстандық компания" ААҚ-ның президентi" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Әмрин Асқар Кемеңгерұлы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Заң департаментiнiң директоры
Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы - "Электр желiлерiн басқару жөніндегі қазақстандық компания" ААҚ-ның президентi";
4-тармақта:
"Оразбақов Ғалым Iзбасарұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Оразбақов Ғалым Iзбасарұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi";
8-тармақта:
"Тоқсейiтов Рахымберген Құрманғалиұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс бiрiншi вице-министрi" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Рахметов Нұрлан Құсайынұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс вице-министрi";
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Мәжiренов Жомарт Рахымбекұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң департамент бастығы (келісім бойынша)".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.