27. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің қойылған түйінді нысаналы индикаторларды орындау пайызы (Тп) мынадай қағидат бойынша айқындалады:
1) «тиімді» деп бағаланған кезде түйінді нысаналы индикаторларды орындау 80 %-дан 100 %-ға дейінгі деңгейде белгіленеді;
2) «қанағаттанарлық» деп бағаланған кезде түйінді нысаналы индикаторларды орындау 60 %-дан 80 %-ға дейінгі деңгейде белгіленеді.
28-тармақ 2021 ж. 1 шілдеден бастап 2022 ж. 31 желтоқсан аралығындағы құқықтық қатынастарға қолданылды
28. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің қойылған түйінді нысаналы индикаторларды орындау пайызы (Тп) мынадай қағидат бойынша айқындалады:
1) «өте жақсы» деп бағаланған кезде түйінді нысаналы индикаторларды орындау 100 % деңгейінде белгіленеді;
2) «тиімді» деп бағаланған кезде түйінді нысаналы индикаторларды орындау 80 % деңгейінде белгіленеді;
3) «қанағаттанарлық» деп бағаланған кезде түйінді нысаналы индикаторларды орындау 60 % деңгейінде белгіленеді.
ҚР Үкіметінің 2023.09.03. № 192 Қаулысымен 28-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады)
28-1. Түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізу және саралау әдісі бойынша (Тп) пайызбен қорытынды бағалау нәтижесі мынадай формула бойынша айқындалады:
T – түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізу және саралау әдісі бойынша қорытынды (орташа қорытынды) бағалау.
ҚР Үкіметінің 2023.09.03. № 192 Қаулысымен 29-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29. Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің нақты жұмыс істеген уақыты мына формула бойынша айқындалады:
А – есепті кезеңде жұмыс істеген жұмыс күндерінің нақты саны;
В – күнтізбелік жылдағы жұмыс күндерінің саны.
Есепті кезеңде жұмыс істеген жұмыс күндерінің нақты саны:
жыл сайынғы кезекті ақылы демалыста болған уақытын;
қайта даярлау және біліктілік арттыру курстарында болған кезеңді;
іссапарда болған кезеңді;
мемлекеттік әкімшілік қызметші есепті кезеңде уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты іс жүзінде жұмыс істемеген, бірақ күнтізбелік 20 күннен аспайтын уақытты қамтиды. Бұл ретте күнтізбелік күндерді есептеу есепті кезеңде еңбекке алғашқы уақытша жарамсыздық басталған күннен бастап жүзеге асырылады;
жалақысы сақталмайтын демалыста болған, бірақ есепті кезеңде күнтізбелік 5 күннен аспайтын уақытты қамтиды. Бұл ретте күнтізбелік күндерді есептеу есепті кезеңде жалақысы сақталмайтын демалыстың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің нақты жұмыс істеген уақытын есептеуді мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін орындау жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (адам) жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2023.09.03. № 192 Қаулысымен 30-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30. Мемлекеттік әкімшілік қызметшіге:
1) мемлекеттік әкімшілік қызметшіде және (немесе) жұмыстан шығарылған мемлекеттік әкімшілік қызметшіде есепті кезеңде мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар үшін алынбаған тәртіптік жазасы болса;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес бонустар төлеу басталғанға дейін мемлекеттік қызметті тоқтату үшін негіз болып табылатын қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған мемлекеттік әкімшілік қызметшіге және (немесе) қызметтен шығарылған мемлекеттік әкімшілік қызметшіге бонустар төленбейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшіге бонустар төлеу оған қатысты қылмыстық іс бонустар төлеу басталғанға дейін қозғалған жағдайда және қылмыстық іс тоқтатылғанға дейін немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот актісі шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады;
3) есепті кезеңде мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қызметі қанағаттанарлықсыз бағаланған кезде бонустар төленбейді.
ҚР Үкіметінің 2023.09.03. № 192 Қаулысымен 31-тармақпен толықтырылды
31. Ақтап үкім шығарылған немесе қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда мемлекеттік әкімшілік қызметшіге және (немесе) жұмыстан шығарылған мемлекеттік әкімшілік қызметшіге бонус олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша төленеді. Бұл жағдайда нақты жұмыс істелген уақыт есепті кезеңдегі қылмыстық іс қозғалған кезден бастап ақтау үкімі шығарылғанға немесе қылмыстық іс тоқтатылғанға дейінгі уақытты да қамтиды.