резервтік аумақтар - бүлінген табиғи аумақтарды қалпына келтіру, жаңа көгалдандырылған аумақтарды ұйымдастыру үшін резервте қалдырылған аумақтаp.
Табиғи кешен аумақтарын сақтау мен дамытудың негізгі бағыттары:
Астана қаласының, қала маңы аймағының және елорда агломерациясының табиғи кешенінің тұтастығын сақтауды;
әртүрлі иерархиялық деңгейдегі рекреациялық аймақтарды қалыптастыруды;
табиғи кешеннің нақты аумақтарын жобалауды және күтіп-ұстауды экологияландыруды;
табиғи кешен аумақтарының алаңдарын 14,8 мың гектардан 31,4 мың гектарға дейін ұлғайтуды көздейді.
ҚР Үкіметінің 2016.23.12. № 848 Қаулысымен 3.5-кіші бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
3.5. Аумақты сәулет-жоспарлауды ұйымдастыру
Бас жоспарда қаланың ішкі аумақтарын қарқынды пайдалану арқылы қаланы қала шегінде одан әрі дамыту көзделіп отыр.
Негізгі сегіз жоспарлау-құрылымдық осі (Қорғалжын, Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Қарағанды, Ерейментау, Қосшы) бойындағы бос аумақтарды игеру есебінен қала аумақтық дамытылады.
Бас жоспарда жаңа тұрғын үй құрылысын көп қабатты және аз қабатты орындауда жүргізу көзделіп отыр. Көп қабатты құрылыс қаланың орталық бөлігінде, сондай-ақ ландшафтты-рекреациялық аймақтың «жасыл сыналарына» қарай қабаттар төмендетіліп, 8 құрылымдық ось бойында қалыптастырылады. Құрылымдық осьтердің бойында орталықтан шетке қарай биіктік ауыса отырып құрылыс сатыланады.
Бұзылатын өнеркәсіп кәсіпорындары, коммуналдық-қойма объектілері («Целинсельмаш», газ аппаратурасы зауыттары аудандары), қаланың орталық бөлігіндегі көнерген және азқабатты тұрғын үй (Тілендиев - Сарыарқа даңғылдары - Шабал Бейсекова көшесі шекаралары, Асан қайғы көшесі бойы және «Шұбар» «Оңтүстік Шығыс» аз қабатты тұрғын үй шағын аудандары) орнына Бас жоспарда нақты қала құрылысы, жоспарлау және көлемдік-кеңістіктік бағдарды қамтамасыз ететін биік тұрғын үй салу көзделген.
Аз қабатты құрылыс Ерейментау, Қарағанды, оңтүстік-шығыс бағыттарында, Қосшы кенті, Қорғалжын және Қостанай бағыттарында орталықтан шетке қарай жоспарлау-құрылымдық осьтер бойында және Көкшетау мен Павлодар бағыттары бойында К-1 айналма магистралінен қала шекарасына дейін, сондай-ақ басталған құрылысты аяқтауды қажет ететін аз қабатты үй-жайлық құрылыс аудандарында дамытылады.
Қаланың перспективалы жоспарлау құрылымын қалыптастыру негізі табиғи-экологиялық және көліктік негіз болып табылады. Табиғи-экологиялық негізді Есіл өзенінің алқабы, оның салалары: Ақбұлақ, Сарыбұлақ, қолданыстағы «Жасыл Аймақ» және «Астана орманы» екпелері, сондай-ақ орман пактері ретінде қызмет ететін «Бурабай», «Қарқаралы», «Қорғалжын», «Баян Ауыл», «Ерейментау» ұлттық табиғи парктердің жалғасы болып табылатын жеке флорасы бар сыналар және қолданыстағы қалалық парктер, скверлер, желекжолдар құрайды.
Жасыл құрылымның барлық жүйесі орталық бөлікте негізгі қоғамдық-тұрғын үй құрылымдарын жалғайтын Айналма желекжолмен байланыстырылады.
Қаланың урбандалған негізінің келесі элементі көлік магистральдар жүйесі болып табылады. Бас жоспарда жаңа меридиональды және кең магистральдар, айналма автомобиль жолдарын, көлік құралдарына сервистік қызмет көрсету желілерін құру, көлік айрықтарын, өтпежолдар, эстакадаларын және т.б. салу жолымен қаланың көлік құрылымын дамыту мен жетілдіруді көзделіп отыр.
Көше-жол желісін дамыту негізіне қоғамдық көлік үшін басымдығымен бір орталық көше және әртүрлі бағыттағы біржақты қозғалыс үшін екі бүйірдегі көше болатын сегіз жоспарлау-магистральдың бойында қалыптастырылған «үш параллель көше» бірыңғай жүйесін құру принципі алынған.
Қала аумағында жеңіл рельсті жүрдек көлікке қоғамдық автобус маршруттарының сегіз ауысып отыру терминалы құрылады, оның кешеніне бір шатыр астында автомобильдерге арналған көп деңгейлі паркинг және велосипед пункті бекеті кіреді.
Осы терминалдар арқылы өтетін көшелер елорда тұрғындары мен қонақтары жаппай баратын өзге де объектілермен бірге жеңіл рельсті жүрдек көліктің өту желісін құрайды.
Көліктік инфрақұрылым қолданыстағы көше-жол желісі ескеріліп орындалған.
Үздіксіз қозғалыстағы кіші айналма магистраль қаланың орталық бөлігін шеңберлей келе, жалпы қалалық және аудандық маңызы бар магистральдық көшелердің қиылысындағы айырықтар мен эстакадалар арқылы барлық алты жоспарлау ауданын байланыстырады.
Қала аумағын сыртқы транзитті ағындардан оқшаулауды К-1 айналма автожолы қамтамасыз етеді.
Қаланы одан әрі өсіру қаланы дамытудың негізгі бағыттары бойынша қоғамдық орталықтар құрылымында полиорталықтықты көздейді. Бас жоспарда ірі көлік тораптарында жоспарлау аудандарының орталықтарын ұйымдастыру көзделеді.
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі кешенінің аумағын орналастыру орны ауданы 174 га Қабанбай батыр, Хусейн бен Талал, Орынбор, Рысқұлов көшелері квадратында қаланың оңтүстік бөлігінде желілік саябақтың аяқталу осінде айқындалған.
ҚР Үкіметінің 2016.23.12. № 848 Қаулысымен 3.6-кіші бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
3.6. Қоғамдық аумақтарды дамытудың негізгі бағыттары
Қызмет көрсету, мәдениет, демалыс, туризм, білім, әкімшілік саласында және іскерлік саладағы функциялар мен жұмыс орындарының негізгі массасын өзіне шоғырландырған қоғамдық аумақтар қала аумағының урбанизацияланған негізінің функционалдық және сәулет-кеңістіктік өзегін құрайды.
Қоғамдық аумақтарды дамытудың негізгі бағыттары:
жалпықалалық қоғамдық орталықтар аумақтарының бірыңғай жүйесін дамытуды;
ірі тұрғын алаптарға қызмет көрсетудің жергілікті көпфункционалдық орталықтар желілерін дамытуды көздейді.
Жалпықалалық қоғамдық орталықтар аумақтарының бірыңғай жүйесін дамыту:
осы жүйенің 1,49 мың гектардан 4,26 мың гектарға дейін аумақтық өсуін, қоғамдық құрылыстар қоры алаңының 2,6 есе - жалпы алаңның 8,99 млн. шаршы метрден 23,03 млн. шаршы метрге дейін ұлғайтылуын;
атқарушы және өкілді мемлекеттік органдардың, шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің объектілерін орналастырудың мамандандырылған аймақтарын қалыптастыруды;
қаланың орталық аудандарының өкілдік, мәдени, демалыс функцияларын дамытуды;
қаланың орталық бөлігінде және орталық өзегінің шетінде қоғамдық аумақтарды қарқынды дамыту, оларда іскерлік, әкімшілік және сауда салаларында жұмыс орындарының негізгі массасын шоғырландыруды;
көлік тораптары және орталық өзегі мен шеткі аудандардың тарихи және табиғи парктерінің адамдар көп баратын аумақтары қалыптастыратын қаланың урбанизацияланған және тарихи негіздерінің байланысты аймақтарында рекреациялық, спорттық, демалу, және мәдени орталықтарды ұдайы дамытуды көздейді.
Қаланың тұрғын үй алаптарында, шеткі аудандарында осы аудандардың тұрғындары үшін қолайлы, оның ішінде толыққанды әлеуметтік инфрақұрылым кешендерінің: сауда, бұқаралық сұранысы бар демалыс және бұқаралық кәсіптердің жұмыс орындарына қашықтықтан жаяу қол жеткізу мақсатында қызмет көрсетудің жергілікті көпфункционалдық орталықтар желісін дамыту көзделіп отыр.
ҚР Үкіметінің 2016.23.12. № 848 Қаулысымен 3.7-кіші бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
3.7. Астана қаласының аумағын функционалдық және қала құрылысы аймақтарына бөлу
Бас жоспарда қала аумағында төмендегідей функционалдық аумақтар бөлінген:
Тұрғын аймақтардың негізгі функциясы халықтың тұрақты тұруы үшін арналған және осы мақсатта көп пәтерлі және жеке тұрғын үйлер кұрылысы салынуға тиіс. Тұрғын аймақтардың қосалқы функциясы ретінде жеке тұратын, қосарлас-жапсарлас салынған, негізінен осы тұрғын үйдің халқына әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін, ғибадат үйлерін, автотұрақтарды, санитариялық-қорғау аймақтарын ұйымдастыру талап етілмейтін өнеркәсіптік және коммуналдық-қоймалық объектілерді орналастыруға жол беріледі. Тұрғын аймақтар шегінде қоғамдық халыққа қызмет көрсету орталықтарының аумақтары көзделеді.
Қаланың селитебті аймағы мыналарды қамтиды:
шағын аудандар және тұрғын үй құрылысы орамдары;
әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері, әкімшілік және азаматтық мақсаттағы өзге де ғимараттар орналасқан аумақтар;
жасыл екпелер аумақтары;
коммуналдық кәсіпорындар, инженерлік-көлік инфрақұрылым объектілері мен құрылыстары, тамақ өнеркәсібінің ұсақ кәсіпорындары орналасқан аумақтардың жергілікті дәл учаскелері және т.б.
Өнеркәсіптік аймақ өнеркәсіптік аймақтарды және кәріздік тазарту құрылыстары мен ағынды сулар тұндырғышы бар коммуналдық аймақты қамтиды. Сонымен қатар, өнеркәсіптік аймақты жылу-электр энергиясын шығаратын, газ, су жеткізуші объектілер, темір жолдың жылжымалы құрамын жөндеу, радиаторларды, орталық жылу қазандықтарын, генераторларды, трансформаторларды, электр тарату және реттеу аппаратураларын, медициналық аппаратураны жөндеу, құрылыс материалдарын шығару, тамақ өнеркәсібі объектілері сияқты қаланың негізгі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындары қалыптастырады.
Санитарлық-қорғау аймақтары - өнеркәсіптік және селитебті аймақ арасындағы көгалдандырылған қорғау аумақтары.
Бас жоспарда өндірістік объектілер және жоспарлау аудандарының тұрғын құрылыс аумақтары арасында санитарлық-қорғау аймақтарын ұйымдастыру көзделген, бұл ретте санитарлық-қорғау аймағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың зияндылық санаты нақты анықтала отырып қалыптастырылады.
Рекреациялық аймақ қалалық ормандарды, орманды парктерді, орман қорғау аймақтарын, су айдындарын, ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлерді және селитебті аумақта орналастырылатын парктермен, бақтармен, гүлзарлармен және желекжолдармен бірге ашық кеңістік жүйесін қалыптастыратын өзге де алқаптарды қамтиды. Астана қаласының аумағын ландшафтты-рекреациялық ұйымдастыру елорда тұрғындары үшін жағымды табиғи және экологиялық жағдайларды қамтамасыз ететін қалалық ортаның барлық көгалдандырылған бөліктерін теңдестірілген түрде дамыту болып табылады.
Арнайы мақсаттағы аймақ зираттарды, тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды, тазарту құрылыстарын және қаланың коммуналдық шаруашылығының өзге де ұқсас объектілерін орналастыруға арналған.
Резервтік аумақтар - Астана қаласын перспективада дамыту аумақтары муниципалдық жерлер болып табылады және қаланың селитебті аймағын дамыту үшін пайдаланылады.
Қоғамдық аймақтар денсаулық сақтау, мәдениет, ағарту, байланыс, сауда-саттық, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету, коммерциялық қызмет объектілерін, сондай-ақ орта кәсіптік және жоғары білім беру мекемелерін, ғылыми-зерттеу, әкімшілік мекемелерін, ғибадат объектілерін, іскерлік, қаржылық және қоғамдық белсенділік орталықтарын, автомобильдік көлік тұрақтарын және жалпы қалалық маңызы бар өзге де ғимараттар мен құрылыстарды басымдықпен орналастыру үшін арналған.
Инженерлік және көлік инфрақұрылымы аймақтары теміржол, автомобиль, өзен, әуе және құбыр жүргізу көліктерін, байланыс, электрмен және жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, газбен қамтамасыз ету және инженерлік жабдықтар ғимараттары мен коммуникацияларын орналастыру және олардың жұмыс істеуі үшін арналған.
Инженерлік және көлік инфрақұрылымдары аймақтары:
автомобиль көлігі объектілерін;
су көлігі объектілерін;
сыртқы көлік объектілерін;
инженерлік инфрақұрылым объектілерін (құбыр жүргізу көлігі, байланысты қамтамасыз ету, радиохабар тарату, телевизия, информатика, энергетика) қамтиды.
Астана қаласының аумағын қала құрылысы аймақтарына бөлу аумақтардың функционалдық пайдаланылуына (функционалдық аймақтарға бөлу), құрылысқа (құрылыс аймақтарына бөлу), ландшафтты ұйымдастыруға (ландшафтты аймақтарға бөлу) және экологиялық қауіпсіздікке (экологиялық аймақтарға бөлу), қала аумағының 7 жоспарлау ауданына және/немесе 72 жоспарлау секторына қойылатын міндетті талаптар белгілеуді білдіреді.
Астана қаласын дамытудың бас жоспарында аумақты қала құрылысы аймақтарына бөлу 3.01.01-2008* «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу», 3.01-01Ас-2007* «Астана қаласын жоспарлау және салу» Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес белгіленеді. Бас жоспар жоспарлау секторларының аумақтары деңгейінде функционалдық пайдалануға (функционалдық мақсаты) қойылатын талаптарды белгілейді.
Жоспарлау секторының функционалдық мақсаты оның шекараларында тұрғын, қоғамдық, өндірістік, табиғи объектілер учаскелері аудандарының рұқсат етілген ара-қатынасын белгілейді.
Жоспарлау орамдары аумақтарының белгіленген функционалдық мақсаты Астана қаласының қала құрылысын дамытудың мақсаттарына, талаптарына және негізгі бағыттарына сәйкес қала құрылысы қызметін жүзеге асыру барысында қала аумақтарын пайдалануды қамтамасыз етудің заңды құралы болып табылады.
Жоспарлау орамдары аумақтарының белгіленген функционалдық мақсаты жергілікті органдар үшін қала құрылысы және жер учаскелерін пайдалану саласында шешімдер қабылдау кезінде міндетті болып табылады.
Бас жоспар шеңберінде жоспарлау орамдары аумақтарының функционалдық мақсаты Астана қаласының аумағын функционалдық аймақтарға бөлудің бас схемасында белгіленеді.
Бас жоспар (негізгі сызба)» БЖ-5 сызбасында, басым түрде иеліктен шығару және резервтегі аумақтар да келтірілген. БЖ-6 сызбасында қала аумағын функционалдық және қала құрылысы аймақтарына бөлу схемасьі келтірілген.
ҚР Үкіметінің 2016.23.12. № 848 Қаулысымен 4-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Көліктік инфрақұрылымды дамыту
Астана қаласының көліктік инфрақұрылымын 2030 жылға дейін дамыту тиісті сервистік қызметтер кешені бар, экономиканың барлық субъектілеріне және тұрғындарға қол жетімді және ең аз шығындармен жүктер мен жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ететін тиімді көше-жол желісін құрудың құрамдас бөлігі болып табылады.
Қаланың көліктік инфрақұрылымын дамытудың негізгі мақсаты оны үздіксіз және орнықты дамыту болып табылады.
Осы бағыттағы қаланың бірінші кезектегі міндеті:
қала көшелерінде нақты көлік жағдайын қадағалау үшін көлікті басқару орталығын құру;
қаланың көліктік моделі негізінде көліктік инфрақұрылымды жетілдіру;
жобалау және көлік проблемаларын оңтайлы шешу мақсатында қаланың көліктік моделінің жұмысын ұйымдастыру болып табылады.
Қала және қала маңы аумағының қолайлы нормативтік қолжетімділігін қамтамасыз ету, көліктің экологиялық қауіпсіздігіне қол жеткізу қажеттілігіне сүйене отырып бас жоспарда мыналар көзделген:
қала халқының қарқынды автомобильденуімен байланысты барлық мәселелерді кешенді шешу, атап айтқанда: көше-жол желілерін қарқынды дамыту, көпірлер мен жолайрықтар, ашық және жабық тұрақтар салу, жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру;
қоғамдық көліктің бұқаралық түрлерінің тасымалдау үдерісінде басымдықты сақтай отырып, жеке және қоғамдық жолаушылар көлігінің өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету;
жүрдек жеңіл-рельсті көлікті енгізу;
қалалық және қала маңындағы көлік жүйесін жетілдіру және кіріктіру;
сыртқы көлік жүйесін дамыту деңгейін сапалы арттыру.
Астана қаласының қалалық қоғамдық көліктің негізгі түрлері:
қарапайым автобустар және такси;
жүрдек жеңіл рельсті көлік.
Теміржол вокзалынан бастап әуежайға дейін жеңіл рельсті көліктің бірінші желісінің ұзындығы 18 станцияның, 1 депоның және саны 19 бірлік жолаушылар жылжымалы құрамы паркінің жұмыс істеуімен 22,4 километрді құрайды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесінің деректеріне сәйкес 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалада 271165 автокөлік құралы тіркелген, олардың 233663 бірлігі жеңіл автомобильді құрайды немесе үш тұрғынға бір автокөлік құралынан және төрт тұрғынға бір жеңіл автомашинадан келеді.
Автомобильдірудің жедел өсуімен байланысты проблемалар кешенін шешу үшін бас жоспарда:
1. мыналар:
қала көлігін реттеу;
қоғамдық көліктің де және жол қозғалысының басқа қатысушыларының да кедергісіз қозғалуы;
қоғамдық көліктің жылдамдығын және қауіпсіздігін арттыру;
көлік инфрақұрылымын бір алаңда жоспарлау және шоғырландыру, оның ішінде автовокзалдарды, жүрдек ЖРК станцияларын, автомобильдерді сақтауға арналған паркингтерді, автобустарға және таксилерге арналған уақытша паркинтік автотұрақтарды және басқа да сервис түрлері үшін «үш параллельді көше» жүйесін құру көзделген.
2. Жаңа және қайта жаңартылатын аудандарда магистральдық сондай-ақ жергілікті көшелерді салу және қайта жаңарту есебінен көше-жол желісінің ұзындығын және тығыздығын ұлғайту.
3. Көпірлер, жолайрықтар, эстакадалар, жол тармақтарын, көшеден тыс жаяу жүргіншілер өткелдерін салу.
4. Магистральдық көшелерде үздіксіз қозғалысты ұйымдастыру.
5. Көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысын басқарудың, бақылаудың және реттеудің тиімді автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру.
6. Велосипедтерді жалға беру пункттері мен олардың тұрағы болатын велосипед қозғалысын қоса алғанда, жаяу жүргіншілер қозғалысы жүйесін құру.
7. Автомобильдерді сақтау үшін жаңа қоса салынған, жапсарлас салынған, жеке тұрған, жер асты және көпдеңгейлі паркингтерді салу.
8. Жүрдек жеңіл рельсті көлікті іске қосу үшін жолдар мен инфрақұрылымдар салу.
5. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту
5.1. Сумен жабдықтау
Бас жоспарда қаланы сумен жабдықтау жүйесін дамытудың мынадай бағыттары көзделіп отыр:
қолданыстағы сумен жабдықтау жүйесін оның өнімділігін шаруашылық-ауыз су, өртке қарсы және өндірістік мұқтаждарға тәулігіне 689 мың м 3 дейін ұлғайту арқылы сақтау және дамыту;
сумен жабдықтау, сорғы-сүзгі станцияларын және су құбыры желілерін қайта жаңарту мен жаңадан салу жүйесінің сенімділік деңгейін арттыру;
қаланы сумен жабдықтау үшін қолданыстағы жерүсті көздерін сақтау және сумен қамтамасыз ету;
сумен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету үшін қала үшін екінші су көзі ретінде сапалы жерасты ауыз суларын іздеу.
5.2. Су бұру
Бас жоспарда кәріз жүйесін дамыту бөлігінде:
«Астана қаласында «Талдыкөл» ағынды су жинағышын қайта құнарландыра отырып жою» жобасын іске асыру;
қолданыстағы тазалау құрылыстарын кеңейту, толық тазалау құрылыстарын салу және қайта тазаланған сарқынды суды Есіл өзеніне ағызу үшін коллекторлар салу есебінен кәріз жүйесінің сенімді жұмыс істеуін оның жалпы қуатын тәулігіне 417 м3 дейін жеткізу арқылы арттыру;
жаңа магистральдық коллекторлар және кәрізді сорғы станцияларын салу, қолданыстағы желілер мен сорғы станцияларын қайта жаңарту;
толық тазаланған сарқынды суларды техникалық мұқтаждарға пайдалану көзделіп отыр.
5.3. Жылумен жабдықтау
Бас жоспарда Астана қаласын жылумен қамту жүйесін дамытудың негізгі бағыттары:
2030 жылға қарай қала тұрғындарының саны 1220 мың адамға ұлғайған кезде қаланы жылу энергиясымен жүктелімінің артуын қамтамасыз ету;
қазіргі заманғы технологиялар және жабдықтар базасында жылумен жабдықтаудың қалыптасқан жүйелерін жетілдіру, техникалық қайта жарақтандыру және дамыту;
орталықсыздандырылған жылумен жабдықтау аймағында жекелеген тұтынушыларды жылумен жабдықтау мұқтажы үшін жылу мен электр энергиясының қазіргі заманғы, жоғары сапалы және дәстүрлі емес көздерін енгізу болып табылады.
Жылумен жабдықтау жүйесінде 2020 жылға дейін кезеңге:
екі турбоагрегатпен, екі қазандық агрегатымен және бір су ысыту қазандығымен жабдықтап, 2-жылу электр орталығын кеңейту және қайта жаңарту. Қолданыстағы жылу қуаты сағатына 2 040 Гкал-ды құрайды. Отын ретінде Екібастұз кен орнының тасты көмірі пайдаланылады;
төрт су ысыту қазандығы (1-кезек), үш турбоагрегатпен және үш қазандық агрегаты бар (2-кезек) 3- жылу электр орталығын салу. Қолданыстағы жылу қуаты сағатына 1 030 Гкал-ды құрайды. Отын ретінде Екібастұз кен орнының тасты көмірі пайдаланылады;
моралдық тұрғыдан ескірген екі қазандық агрегатын жаңасына ауыстырып, 3-ЖЭО салынуына және пайдалануға берілуіне қарай ПТВП-100 су ысыту қазандықтарының одан әрі жұмыс істеуін тоқтату арқылы 1-ЖЭО қайта жаңарту. Қолданыстағы жылу қуаты сағатына 280 Гкал-ды құрайды. Отын ретінде Екібастұз кен орнының тасты көмірі пайдаланылады;
2-ЖЭО (ЖТ-4) мен 3-ЖЭО-дан (ЖТ-5, ЖТ-6) жаңа ЖЭО салу, қазіргі заманғы технологияларды пайдаланып, арнасыз төсемді пайдалану арқылы қаланың қазіргі бөлігінде жаңа жылу магистральдарын салу қайта жаңарту;
орталықтан жылумен жабдықтау аймағында орналасқан коммуналдық және жекелеген объектілердің дербес жылыту жүйелерін пайдаланудан шығару. Орталықсыздандырылған көздерден жылумен қамтылған объектілерді орталықтан жылумен қамтуға ауыстыру.
Орталықсыздандырылған жылумен жабдықтау аймағында қазіргі заманғы, сапасы жоғары аудандық қазандықтар мен дербес жылыну жүйелерін салу, сондай-ақ жекелеген тұтынушылар үшін жылу мен электр энергиясының дәстүрлі емес көздерін енгізу көзделген.
1-ЖЭО және 2-ЖЭО кеңейту, қайта жаңарту, 3-ЖЭО салу жөніндегі іс-шаралар осы жылу көздерінің жиынтық жылу қуатын сағатына 3 350 Гкал дейін жеткізуге және 2021 жылға дейін қаланың жылуға деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Құрылыс қарқынын одан әрі ұлғайту және халық санының өсуі жылу жүктелімдерінің ұлғаюына әкеледі, ол қолданыстағы жылу көздерін қамтамасыз ете алмайды.
Жылумен жабдықтау жүйесінде 2030 жылға дейінгі кезеңге жылу және электр энергиясын алу үшін қолданыстағы көздерді кеңейту және дәстүрлі, дәстүрлі емес технологияларды пайдаланып, жаңа жылу көздерін салу көзделген.
ҚР Үкіметінің 2016.23.12. № 848 Қаулысымен 5.4-кіші бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
5.4. Электр энергиясымен жабдықтау
Қаланы электр энергиясымен жабдықтау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары:
қаланың айналасында шеңбер жасау үшін «Батыс», «Достық», «Шығыс» - 220/110 кВ тірек қосалқы станциялар арасында 220 кВ әуе желілерін салуды аяқтау;
перспективаны ескеріп, қазіргі құрылыс аймағындағы электр желілері мен құрылыстарды қайта жаңарту мен техникалық жарақтандыру;
электр әуе желілерін жерасты (кабельді) электр беру желілеріне және ашық үлгідегі ҚС 110/10 кВ қосалқы станцияларын жабық үлгідегі ҚС 110/10 (20) кВ қосалқы станцияларына кезең-кезеңімен ауыстыру;
жаңа құрылысты электрмен жабдықтау үшін жабық үлгідегі ҚС 110/10 кВ жаңа қосалқы станцияларын салу болып табылады.
Жобада іргелес аудандарға қуат беру үшін 500 кВ және 220 кВ сыртқы желілерді күшейту және «Шығыс» ҚС қосалқы станциясының маңында ҚС 500/220 кВ «Астана» жаңа қосалқы станциясын салу көзделген.
5.5. Газбен жабдықтау
Бас жоспарда тұтынушылардың барлық санаттарын есепті мерзімге сұйытылған көмірсутекті газбен қамтамасыз ету мәселелері шешілген. Газбен жабдықтау жүйесінің объектілері мен құрылыстарын орналастыру жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарын сақтай отырып, газды болжамды тұтынуды қамтамасыз ету үшін қалада екі газ толтыру станциясы бар.
Осы уақытқа дейін Астана қаласына табиғи газ жеткізу мәселесі шешілген жоқ.
Бас жоспарда табиғи газды қабылдау және тарату үшін негізгі құрылыстарды орналастыруға арналған резервті аумақтар көзделген.
6. Бас жоспарды іске асыру және оның мониторингi
Астана қаласын дамытудың бас жоспарын іске асыруды және оның мониторингін Астана қаласының жергілікті атқарушы органы қамтамасыз етеді.
Бас жоспарды түзету әр 5 жылда жүргізілуі мүмкін және келесі есептік кезеңге арналған бірінші кезекті қала құрылысының іс-шаралары бағдарламаларын қабылдаудан, қажеттілігіне қарай - Астана қаласының қала құрылысын дамытудың негізгі бағыттары мен Астана қаласының аумағын қала құрылысы аймақтарына бөлудің бас схемаларын түзетуден тұрады.
ҚР Үкіметінің 2016.23.12. № 848 Қаулысымен 7-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)