"Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 тамыздағы № 1029 қаулысы
(2023.17.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің (бұдан әрі - Эксимбанк) аудиторлық ұйыммен 2001 жылғы 1 қаңтар - 1 маусым кезеңі үшін аудит жүргізуге арналған шарт жасасуын;
2) жарғылық капиталдың мөлшерін Эксимбанктің меншікті капиталы деңгейіне дейін жеткізуді қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2001 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Эксимбанк міндеттемелерін қайта құрылымдау туралы ұсыныстарын енгізсін.
3. ҚР Үкіметінің 2023.17.07. № 602 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.