2-тармақтың 1) тармақшасы "қатысатын" деген сөзден кейін "уәкілетті органға," деген сөздермен толықтырылсын;
26) 36-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшада "жауабы болмағанда немесе" деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақша "сотқа" деген сөздің алдынан "уәкілетті органның қорытындысымен" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) уәкілетті органға конкурстық басқарушыны тағайындауға тапсырма беру туралы, ал банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банкроттыққа ұшыраған жағдайда құрамында комиссия төрағасы мен мүшелері бар тарату комиссиясын тағайындау туралы;";
3) тармақшада "мөлшері" деген сөз "сомасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Уәкілетті орган конкурстық басқарушының борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей тағайындайды.";
3-тармақта "соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жеті күннен аспайтын мерзімде орталық әділет органының ресми баспасөз басылымында" деген сөздер "ол тағайындалған күннен бастап жеті күннен аспайтын мерзімде ресми басылымдардың бірінде, сондай-ақ борышкердің тұрғылықты жері бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі ресми жарияланым үшін белгілеген газеттердің бірінде немесе өзге мерзімді басылымда мемлекеттік тілде және орыс тілінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 42-бапта "және кредиторлар комитетінің" деген сөздер "кредиторлар комитетінің және уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 43-бапта:
3-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
4-тармақта "және оңалтуды басқарушының кандидатурасы" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, Республика экономикасы үшін зор стратегиялық маңызы бар ұйымдарды оңалту жоспары тиісті орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті аумақтық органымен, ал қала негізін қалаушы кәсіпорындар бойынша - тиісті облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімімен келісілуге тиіс.";
5-тармақта "және оңалтуды басқарушының кандидатурасын" деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Егер борышкерді оңалтудың ұсынылып отырған жоспарын кредиторлар комитеті мен уәкілетті орган мақұлдаса (келіссе), ал борышкерді оңалту жоспарымен келіспеген кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келмейтін болса, сот оңалту рәсімін өткізуге кредиторлар комитетінің және уәкілетті органның келісімін алған кезден бастап бес күн мерзімнен кешіктірмей оңалту жоспарын бекіту және борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым шығарады.";
29) 44-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Оңалту жоспарына өзгерістер енгізуге уәкілетті органның, кредиторлар комитетінің келісімімен жол беріледі және оны сот бекітеді.";
30) 45-бап "мүмкіндігі" деген сөзден кейін "аудиторлық есеппен және" деген сөздермен толықтырылсын;
31) 46-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Оңалту рәсімі енгізілген кезден бастап борышкер берешегінің барлық түрі бойынша тұрақсыздық төлемін (өсімпұлдарды, айыппұлдарды) есептеу тоқтатылады.";
32) 47-баптың 1-тармағында:
2) тармақшада "демалыс жәрдем ақыларын" деген сөздер "өтемдер" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) "салықтар мен" және "өзге де" деген сөздер алып тасталсын;
33) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"48-бап. Оңалтуды басқарушы
Борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы сот ұйғарымы күшіне енгеннен кейін уәкілетті орган үш күн мерзімде оңалтуды басқарушыны тағайындайды.";
34) 49-бапта:
1-тармақта "мөлшерін" деген сөз "сомасын" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақша "төленетін" деген сөзден кейін ", ай сайынғы сомасы елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс," деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) оңалту рәсімінің мақсаттарына міндетті түрде қол жеткізілген жағдайда оңалтуды басқарушыға төленетін кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға бағытталған қаражаттан оның қызметінің нәтижелері бойынша қосымша төлемдерді қамтиды.";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Оңалтуды басқарушының міндеттері борышкер әкімшілігінің лауазымды адамына жүктелген жағдайда осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген қосымша төлемдер төленбейді.";
35) 50-бап "комитетінің келісімімен" деген сөздерден кейін ", уәкілетті органның қорытындысы болған жағдайда," деген сөздермен толықтырылсын;
36) 51-бапта:
2-тармақта:
1) тармақшада "жылжымайтын" деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақпен белгіленген ережелер оңалту жоспарында көзделген борышкердің мүлкіне билік ету жөніндегі мәмілелерге қолданылмайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Оңалтуды басқарушы уәкілетті органның не кредиторлар комитеті өкілінің талап етуі бойынша борышкердің мүлкіне билік ету жөнінде өздері жасаған мәмілелер туралы оны хабардар етуге, ал ол жоқ болған кезде уәкілетті органға, кредиторлар комитетіне осындай мәмілелер туралы ай сайынғы есепті табыс етуге міндетті.";
4-тармақта "жалпы мөлшері" деген сөздер "жалпы сомасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Оңалтуды басқарушы осы Заңның 6-бабында көрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер жасаған мәмілелерді айқындайды және оларды заңсыз деп тану не мүлікті сот тәртібімен қайтару туралы талаптар қояды.";
37) 53-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Бұл жағдайда оңалтуды басқарушы уәкілетті органның қорытындысымен осы Заңның 36-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.";
38) 54-баптың 1) тармақшасында "банкроттық туралы" деген сөздер алып тасталсын;
39) 55-бапта:
1-тармақта "мөлшері" деген сөз "сомасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтың соңғы сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Санацияға қатысушыға осы Заңның 9-бабының 2-1 және 4-тармақтарында белгіленген ережелер қолданылмайды.";
3-тармақта "Сот" деген сөзден кейін ", сондай-ақ уәкілетті орган" деген сөздермен толықтырылсын;
40) 58-бапта:
1-тармағының бірінші бөлігінде "мөлшерінде" деген сөз "сомасында" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта "мөлшеріне" деген сөз "сомасына" деген сөзбен ауыстырылсын;
41) 65-бапта:
2-тармақта "мерзімі әрі кеткенде 3 айға ұзартылуы" деген сөздер "мерзімді уәкілетті орган әрі кеткенде 3 айға ұзартуы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, Республика экономикасы үшін зор стратегиялық маңызы бар, сондай-ақ мемлекеттің бастамасымен банкрот деп танылған ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық басқарушының мәлімдемесі бойынша уәкілетті орган кредиторлар комитетінің келісімімен конкурстық іс жүргізуді алты айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.";
42) 67-бапта:
2) тармақша "әділет органына" деген сөздерден кейін ", уәкілетті органға және борышкердің тұрғылықты жері бойынша аумақтық атқарушы іс жүргізу органына" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) уәкілетті органға конкурстық басқарушыны тағайындауды тапсырады, ал банк және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банкрот болған жағдайда құрамында төраға және комиссия мүшелері бар тарату комиссиясын тағайындайды.";
4-1) және 6) тармақша алып тасталсын;
43) 69-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Конкурстық іс жүргізуді жүзеге асыру үшін уәкілетті орган борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап үш күн мерзімде конкурстық басқарушыны тағайындайды.
Конкурстық басқарушыны тағайындау тәртібін уәкілетті орган белгілейді.";
2-тармақта:
1) тармақшада "жиырма бес айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын" деген сөздер "елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) оның қызметінің нәтижелері бойынша қосымша төлемдерді әкімшілік шығыстар шегеріліп өткізілген конкурстық массаның жеті процентінен аспайтын мөлшерінде кредиторлар комитеті белгілейді.";
44) 70-бапта:
1) тармақша "қалыптастырады" деген сөзден кейін ", оны уәкілетті органға бекітуге табыс етеді" деген сөздермен толықтырылсын;
1-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1-2) уәкілетті орган оны тағайындаған күннен бастап бір апта мерзімде ресми басылымдардың бірінде, сондай-ақ борышкердің тұрғылықты жері бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі ресми жарияланым үшін белгіленген газеттердің бірінде немесе өзге де мерзімді басылымда борышкерді банкрот деп тану туралы және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) уәкілетті органмен келіскеннен кейін кредиторлардың талаптарын өтеу мақсатында кредиторлар комитетіне банкроттың мүлкін (активтерін) сату жоспарын бекітуге ұсынады және оның сатылуын жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) уәкілетті органның сұратуы бойынша оған конкурстық іс жүргізу жөнінде қажетті ақпаратты табыс етеді;";
45) 71-бапта:
1-тармақта "мөлшері", "мөлшерін" деген сөздер тиісінше "сомасы", "сомасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
4 және 5-тармақтарда "мөлшері" деген сөз "сомасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
46) 72-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Конкурстық басқарушының шешімімен келіспеген жағдайда кредитор, құрылтайшы (қатысушы) оны бір ай мерзімде уәкілетті органға немесе дау тудырған талап бойынша шешімі күшіне енген банкроттық туралы істі қараған сотқа шағымдануға құқылы.";
47) 73-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"73-бап. Кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту
1. Конкурстық басқарушы кредиторлар талаптарының тізілімін және оларды қараудың нәтижелерін борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап үш айдан кешіктірілмей уәкілетті органға бекіту үшін беруге міндетті.
2. Кредиторлар талаптарының конкурстық басқарушысы табыс еткен тізілімін және оларды қарау нәтижелерін кредиторлардың, құрылтайшылардың (қатысушылардың) қарсылығы болмаған жағдайда уәкілетті орган бір апта мерзімде бекітеді. Кредитордың (кредиторлардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) қарсылығы болған жағдайда туындаған дау осы Заңның 72-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен қаралады.";
48) 74-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Конкурстық массаның құрамына:
1) борышкердің мүлкі, соның ішінде оның қаржылық құжаттарында көрсетілмеген, бірақ осы Заңның 83-бабының 2-тармағында көрсетілген мүлікті қоспағанда, талап құқығын (дебиторлық берешекті) қоса алғанда, борышкердің меншік құқығын растайтын құжаттары бар мүлкі;
2) жер заңдарымен көзделген жағдайда, борышкердің тұрақты және уақытша жер пайдалану құқығы кіреді.";
49) 75-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі "сомасын" деген сөзден кейін ", кредиторлар комитеті бекіткен сметаның шектерінде," деген сөздермен толықтырылсын;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбегіне ақы мен өтемдер, оның ішінде еңбекақыдан ұсталған алиментті және міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша берешектерді өтеу, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақы төлеу жөніндегі есеп айырысулар, осы Заңның 78-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, екінші кезекте жүргізіледі.
4. Кредиторлардың таратылған банкрот мүлкінің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша талаптары қамтамасыз ету сомасы шегінде үшінші кезекте қанағаттандырылады.";
6-тармақтағы "айырысу" деген сөзден кейін "осы Заңға және басқа да" деген сөздермен толықтырылсын";
50) 76-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордан басқа кредитор мүлікті он конкурстық басқарушы ұсынған күннен бастап он бес күн мерзімде талапты өтеу есебіне заттай қабылдау туралы өзінің жазбаша келісімін (келіспеуін) білдіруге тиіс.";
5-тармақта "үшінші" деген сөз "екінші" деген сөзбен ауыстырылсын;
51) 77-бапта:
тақырыбында "көлемі" деген сөз "сомасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақта "мөлшерін" деген сөз "сомасын" деген сөзбен ауыстырылсын;
52) 78-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"78-бап. Екінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы мен оларды қанағаттандыру тәртібі
1. Екінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасын белгілеу кезінде, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, банкроттық туралы іс қозғалған кездегі жинақталып қалған өтелмеген берешек ескеріледі.
2. Қызметкердің жалақысын көтеру нәтижесінде пайда болған, бір жылдан бастап банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі кезеңде есептелген еңбегіне ақы мен өтем төлеу жөніндегі кредиторлар талаптарының ұлғайған сомасы кредиторлар талаптарының тізілімінде бесінші кезек құрамында ескеріледі.
3. Еңбекақы мен өтем төлеу бойынша бір жылдан бастап банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі кезең ішінде олармен еңбек қатынастары туындаған кредиторлардың талаптары банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі бір жылдың алдындағы он екі күнтізбелік айда борышкерде құралған орташа айлық жалақыдан аспайтын есеппен кредиторлар талаптарының тізілімінде екінші кезек құрамында ескеріледі. Талаптардың қалған сомалары кредиторлар талаптарының тізілімінде бесінші кезек құрамында ескеріледі.
4. Егер борышкер банкроттық туралы іс қозғалғаннан кейінгі кезеңде еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы мен өтемдер, оның ішінде еңбекақыдан ұсталған алименттер және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектерді, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақыларды төлеу жөніндегі міндеттерін толық көлемде орындамаған жағдайда, борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы шешім күшіне енгенге дейін төленбеген сомалар, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, борышкердің екінші кезектегі кредиторлар алдындағы берешегінің жалпы сомасына енгізіледі.";
53) 79-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"79-бап. Үшінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы мен оларды қанағаттандыру тәртібі
1. Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша талаптар сомасы айқындалған кезде, кепілмен қамтамасыз етілген бөлігіндегі міндеттеме бойынша берешек ескеріледі.
2. Кредитордың кепілмен қамтамасыз етілген талаптары кепілге салынған мүлік құны есебінен қанағаттандырылады.
3. Кепілмен қамтамасыз етілмеген бөлігіндегі міндеттеме бойынша берешек кредиторлар талаптарының тізілімінде бесінші кезектегі талаптар құрамында ескеріледі.";
54) 80-бапта:
баптың тақырыбында "көлемі" деген сөз "сомасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақта "көлемін" деген сөз "сомасын" деген сөзбен ауыстырылсын;
55) 81-бапта:
баптың тақырыбында "көлемі" деген сөз "сомасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бесінші кезектегі талаптардың құрамына енетін талаптардың сомасын айқындау кезінде кредиторлардың азаматтық-құқықтық міндеттемелері бойынша талаптары, оның ішінде кредиторларға тиесілі сыйақы (мүдде), кредиторлардың кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша талаптарын қоспағанда, осы Заңның 78-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы төлеу мен өтем төлеу жөніндегі кредиторлардың және заңды тұлға құрылтайшыларының (қатысушыларының) талаптары ескеріледі.";
56) 82-бапта:
баптың тақырыбында "Борышкер қызметкерлері" деген сөздер "Кредиторлардың еңбекақы төлеу жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Борышкерге еңбекақы төлеу жөнінде талап қоятын адамдар жиналыста (конференцияда) жасырын дауыс беру арқылы талаптарды қарау және талаптар тізілімі мен оларды қарау нәтижелерін бекіту кезінде өздерінің мүдделерін борышкердің, оның кредиторларының алдында қорғауға уәкілеттік берілген өкілді сайлайды.
Кредитордың еңбекақы төлеу жөніндегі өкілі кредиторлар комитетінің құрамына кіреді және бір дауысқа ие болады.";
2-тармақта "Қызметкерлердің өкілі" деген сөз "Өкіл" деген сөзбен ауыстырылсын;
57) 83-баптың 1-тармағында "тиісті мамандарды" деген сөздерден кейін "конкурстық негізде" деген сөздермен толықтырылсын;
58) 84-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес талап ету құқығын қоса алғанда, борышкердің мүлкін сатуды уәкілетті органмен келісілген және кредиторлар комитеті бекіткен мүлікті сату жоспарына сәйкес конкурстық басқарушы жүзеге асырады. Мүлікті сату жоспарында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сауда-саттықты өткізудің тәртібі болуға тиіс.";
2-тармақта "заттай" деген сөз алып тасталсын;
59) 86-баптың 2-тармағында "бір жыл ішінде" деген сөздер "екі жыл ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
60) 87-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін конкурстық басқарушы уәкілетті органмен келісілген өз қызметі туралы есепті, тарату балансы мен кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлікті пайдалану туралы есепті қоса сотқа ұсынады.
Есепті нысаны мен оны келісу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.";
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Конкурстық іс жүргізу аяқталғаннан кейін сот бір апта мерзімде уәкілетті органға конкурстық басқарушының бірінші кезектегі кредиторлардың қанағаттандырылмаған талаптары туралы мәліметі бар бекітілген есебінен үзінді көшірме жібереді.";
үшінші бөлігі "органға" деген сөзден кейін "уәкілетті органға," деген сөздермен толықтырылсын;
61) 89-баптың 1-тармағында "(таратушы)", "(осы заңның 18, 19-баптары)" деген сөздер алып тасталсын;
62) 92-баптың 1-тармағында "(таратушы)" деген сөз алып тасталсын;
63) 94-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сот жоқ борышкерге қатысты банкроттық туралы істі кредитордың, прокурордың, салық немесе салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі өзге де уәкілетті мемлекеттік органның мәлімдемесі бойынша қозғауы мүмкін.
Осы Заңның 3-бабының 4-тармағында белгіленген ережелер жоқ борышкерге қатысты қолданылмайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жоқ борышкерді таратуды, осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган тағайындайтын конкурстық басқарушы жүзеге асырады.";
4-тармақта "орталық әділет органының ресми баспасөз басылымында" деген сөздер "ресми басылымдардың бірінде, сондай-ақ облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі ресми жарияланым үшін белгілеген газеттердің немесе өзге де мерзімді басылымдардың бірінде борышкердің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік тілде және орыс тілінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Жоқ борышкердің мүлкі болмаған жағдайда не егер оның құны конкурстық іс жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды жабуға жеткілікті болмаса, сот уәкілетті органның және кредиторлар комитетінің келісімімен және мәлімдеуші табыс еткен растаушы құжаттар негізінде жоқ борышкерді конкурстық іс жүргізуді қозғамай банкрот деп тану туралы шешім шығарады.
Жоқ борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы хабарландыруды мәлімдеуші бір апта мерзімде ресми басылымдардың бірінде, сондай-ақ облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі ресми жарияланым үшін белгілеген газеттердің немесе өзге де мерзімді басылымдардың бірінде банкроттық туралы іс қозғау жөнінде хабарландыруды борышкердің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды.
Жоқ борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінде мынадай нұсқаулар болуға тиіс:
1) борышкерді конкурстық іс қозғамай тарату туралы;
2) уәкілетті органға жоқ борышкердің таратылуын жүргізуді тапсыру туралы;
3) шешім шығарылғанға дейін сотқа жүгінген кредиторлардың мәлімделген талаптарының сомасы туралы.";
64) 95-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кредиторлармен есеп айырысқаннан кейін конкурстық басқарушы (уәкілетті орган) тарату балансын және кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлікті пайдалануы туралы есепті қоса өзінің қызметі туралы есепті сотқа табыс етеді.
Конкурстық басқарушының есебі ол сотқа табыс етілгенге дейін уәкілетті органмен келісілуге тиіс.
3. Борышкер конкурстық басқарушының (уәкілетті органның) есебін бекіту туралы сот ұйғарымының негізінде заңды тұлға қызметінің тоқтатылғандығы туралы заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне жазба енгізілген кезден бастап таратылды деп есептеледі, бұл таратылған борышкердің кредиторлар алдындағы берешегін есептен шығару үшін негіз болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Егер заңды тұлғаны тарату лауазымды және оның атынан уәкілетті өкілдік етуге адамдар болмаған кезде конкурстық іс қозғалмай жүргізілген жағдайда, уәкілетті орган осы Заңда белгіленген тәртіппен кредитор талаптарының тізілімін және осы баптың 2-тармағында көзделген тәртіппен өз қызметі туралы есеп жасайды.
Жоқ борышкердің мүлкі болған жағдайда уәкілетті орган оны Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сатады. Мұндай мүлікті сатудан түскен ақша жоқ борышкерді таратуға байланысты шыққан шығыстарды жабуға жұмсалады. Егер алынған ақша жоқ борышкерді таратуға шыққан шығынның құнынан асып кетсе, ол осы Заңда белгіленген кезектілікке сәйкес тиісті кезектегі кредиторлар арасында бөлінеді.";
65) 96-бапта:
1-тармақ "кредиторлардың" деген сөзден кейін "және уәкілетті органның" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын;
3-тармақта "кредиторлар комитеті борышкермен келісе отырып" деген сөздер "уәкілетті орган кредиторлар комитетімен және борышкермен келісе отырып" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Борышкерді соттан тыс тарату рәсімін өткізу туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган қызметі осы Заңмен реттелетін конкурстық басқарушыны тағайындайды.";
66) 97-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бірінші отырысында кредиторлар комитеті дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімін өткізуге келісім береді не борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа жүгіну жөнінде шешім қабылдайды.";
3-тармақ алып тасталсын;
67) 99-бапта:
1-тармақта "Кредиторлар комитеті" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Соттан тыс тарату рәсімі кезінде осы Заңның 87-бабымен соттың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді кредиторлар комитеті қабылдайды.
Борышкердің өндіріп алу мүмкін болмайтын дебиторлық берешегінің сомасын кредиторлар комитетінің бекітуі оны есептен шығаруға негіз болып табылады.";
68) 101-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қала негізін қалаушы ұйымның банкроттығы туралы істі қараған кезде әкімнің уәкілеттік берген өкілі арқылы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік іске қатысушы тұлға деп танылады. Сот қала негізін қалаушы ұйымның банкроттығы туралы іс қозғалғаннан кейін бұл туралы әкімнің өкіліне және уәкілетті органға хабарлауға міндетті.";
69) 102-баптың екінші бөлігі "бюджет" деген сөзден кейін "қаражаты" деген сөзбен толықтырылсын;
70) мынадай мазмұндағы 9-1-тараумен толықтырылсын:
"9-1-тарау. Ауыл шаруашылық ұйымдары банкроттығының ерекшеліктері
103-1-бап. Ауыл шаруашылық ұйымдарының банкроттығы
1. Ауыл шаруашылық ұйымы болып табылатын борышкер осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып банкрот деп танылуы мүмкін.
2. Ауыл шаруашылық ұйымдарының дәрменсіздігі анықталған кезде олар бойынша орындалу мерзімі оның алдындағы жылдан ерте басталмаған міндеттемелер ескеріледі. Бұл ретте, осы мерзімде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар не міндеттемелердің уақтылы орындалмауының себептері болып табылған ерекше қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлар туындаған, банкроттық рәсімі қозғалған жылдың алдындағы жыл есепке алынбайды.
103-2-бап. Кредитордың мәлімдемесіне немесе борышкердің пікіріне қосымша тіркелетін құжаттар
Кредитордың мәлімдемесіне немесе борышкердің пікіріне осы Заңмен көзделген құжаттардан басқа мыналар қосымша тіркеледі: