1. Уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне:
1) мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
2) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) Қазақстан Республикасындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыру;
4) іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер саласындағы мемлекеттік ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізу;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 18-бап 4-1) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 4-1) тармақша өзгертілді
4-1) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттік ғылыми ұйымдардың басшыларын, осы ұйымдардың ғылыми кеңесiнiң ұсынымдарын ескере отырып, қызметке тағайындау және қызметтен босату;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 18-бап 4-2) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
4-2) оның мүшелерiн сайлау тәртібін қоса алғанда, ғылыми ұйымның консультациялық-кеңесшi органы туралы үлгi ереженi бекіту;
5) 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
6) 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді
8) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды қоспағанда, ғылыми ұйымдарды аттестаттаудан өткізу;
9) мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациядан өткізу;
10) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
11) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ 12) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
12) осы Заңның 22-бабының 1-тармағында аталған объектiлерге мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ 13) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
13) 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ 14) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
14) біліктiлiгi жоғары ғылыми және ғылыми-педагог кадрларға мемлекеттік аттестаттау жүргiзудi ұйымдастыру жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi бекіту;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ 15) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
15) 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ 16) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
16) мемлекеттік мерзiмдi ғылыми-техникалық басылымдар мен басқа баспа өнiмдерiн, соның iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде басып шығаруға арналған баспа өнiмдерiн басып шығарудың орындылығын айқындау;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ 17) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
17) бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiлетiн ғылыми-зерттеу жұмыстарын, iргелi және қолданбалы зерттеулердiң аяқталған тақырыптары мен бағдарламаларын, қорғалған кандидаттық және докторлық диссертацияларды мемлекеттік тiркеу ережелерiн бекіту және оларды мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз ету;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ 18) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
18) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ғылыми кадрларды даярлау мен аттестаттау жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізу жатады.
2. Уәкілетті мемлекеттік орган және өзге де орталық атқарушы органдар өздерінің өкілеттіктері шегінде:
1) мемлекеттік ғылыми ұйымдар құру туралы ұсыныс енгізеді;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар бойынша міндеттемелерді іске асырады;
3) ғылым саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
4) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
19-бап. Ғылыми ұйымдарды аттестаттау
1. Ғылыми ұйымдарды аттестаттау олардың негізгі қызметінің тиімділігін анықтау және материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану, осы негізде олардың желісі мен құрылымын ретке келтіру, ғылыми кадрлар даярлау жөніндегі жұмыстың тиімділігін бағалау үшін жүзеге асырылады.
2. Барлық ғылыми ұйымдар кем дегенде бес жылда бір рет аттестатталуға тиіс.
3. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
20-бап. Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялау
1. Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялау отандық ғылым мен техниканың бәсекелестік деңгейін қолдау мақсатында жүргізіледі.
2. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
21-бап. Ғылыми ұйымды басқару
1. Ғылыми ұйымды басқару Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және оның құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Ғылыми ұйымның басшысын қызметке тағайындау және қызметтен босату осы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесiнiң ұсынымдарын ескере отырып жүзеге асырылады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Мемлекеттік ғылыми ұйымда ғылыми мекеменің ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет жөніндегі консультациялық-кеңесші органы ғалымдар (ғылыми, ғылыми-техникалық, техникалық) кеңесі құрылады.
22-бап. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама
1. Міндетті мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектілері:
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының жобалары мен жеке жобалары;
2) Қазақстан Республикасында салынатын өндірістік-технологиялық кешендердің жобалары;
3) республикалық нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламалар;
4) жеке және заңды тұлғалардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы жобалары;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын аяқталған ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың нәтижелері;
6) мемлекеттік ғылыми және басқа ұйымдардың жекешелендіру кезіндегі материалдары (пайдаланылатын технологиялар бөлігіндегі);
7) мемлекеттік мұқтаждар үшін шетелдік техника мен технологияның импорты жөніндегі жобалар;
8) ғылым мен техника саласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтарын алуға ұсынылатын жұмыстар болып табылады.
2. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Міндетті мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектілері бойынша мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізуге арналған қаражат ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыруға бөлетін бюджет қаражаттары шегінде көзделеді.
23-бап. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті ақпараттық қамтамасыз ету
1. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің ғылыми-техникалық ақпарат алуға құқығы бар.
Мемлекеттік немесе қызметтік құпия болып табылатын ғылыми және ғылыми-техникалық ақпаратқа қол жеткізу Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
2. Мемлекет ғылым мен техника саласында мемлекеттік ақпарат жүйелерінің құрылуын және жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, олар ғылыми және ғылыми-техникалық ақпаратты жинауды, талдап қорытуды, сақтауды және тұтынушыларға жеткізуді жүзеге асырады.
3. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
24-бап. Ғылым мен техника саласындағы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау
1. Мемлекеттік ғылым мен техника саласында инновациялық қызметті жүзеге асыратын барлық ұйымдарға олар үшін тең жағдай жасау жолымен қолдау көрсетуге кепілдік береді.
2. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау:
1) технологиялық дамудың, инновациялық басымдықтардың ұзақ мерзімді стратегиясын айқындау, инновациялық бағдарламалар әзірлеу;
2) мемлекеттің басым инновациялық жобаларды, соның ішінде конверсиялық жобаларды қаржыландыруға қатысуы;
3) инновациялық құрылымды - технопарктерді, технологиялық инкубаторларды, инновациялық орталықтарды, инновациялар бойынша деректер банктерін дамытуға жәрдемдесу;
4) инновациялық менеджерлердің оқуын ұйымдастыру;
5) инновациялар және технологиялар трансферті, санаткерлік меншікті қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу;
6) түпкі ғылыми-техникалық өнімге бағытталған инновациялық қызметті басымдықпен қолдау бағыттарында іске асырылады.
25-бап. Ғылым мен білім беруді интеграциялау
Жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ғылыми-зерттеу институттары, проблемалық ғылыми-зерттеу зертханалары, басқа да ғылыми бөлімшелер, ал ғылыми ұйымдар құрамында жоғары оқу орындарының кафедралары құрылуы мүмкін.
5-тарау. Ғылымды қаржыландыру
26-бап. Ғылымды және ғылыми-техникалық қызметті қаржымен қамтамасыз ету
1. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті қаржымен қамтамасыз ету қаржыландырудың әртүрлі көздеріне негізделеді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Іргелі және басым қолданбалы зерттеулерді дамыту, ғылыми әлеуетті сақтау мен дамыту үшін бюджет қаражатын бөлу көзделеді.
Іргелі, бастамашылық және тәуекелді зерттеулерді бюджет қаражаты мен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен гранттар түрінде нысаналы қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі Ғылым қорын құрады. Ғылым қоры туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің өз қаржы ресурстары, демеушілерден тартылған қаражаттар мен қайырмалдықтар есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
4. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет ұлттық және шетелдік демеушілерден алынатын гранттар есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. Жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да демеушілер бола алады.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша немесе Қазақстанның аумағында орналасқан шетелдік демеушілерден алынған гранттар ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында ұлттық мүдделерге зиян келтірілмей, гранттар беру шарттарының ережелеріне сәйкес пайдаланылады.
5. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6. Басым ғылыми зерттеулер жүргізуге мемлекеттік тапсырысты бағдарламалық-нысаналы принципке сәйкес конкурстық негізде, тиісінше аттестаттаудан не аккредитациялаудан өткен мемлекеттік және мемлекеттік емес ғылыми мекемелерге орналастыруға болады.
7. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру:
1) іргелі ғылыми зерттеулер;
2) басым қолданбалы ғылыми зерттеулер;
3) республиканың ұлттық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігіне сай келетін зерттеулердің стратегиялық бағыттары;
4) ғылымды, техника мен технологияны дамытудың басым бағыттары бойынша мемлекеттік нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламалар;
5) халықаралық бағдарламалар шеңберінде зерттеулер жүргізу үшін жүзеге асырылады.
Мемлекет мемлекеттік ғылыми инфрақұрылымды дамытуды және бірегей ғылыми-техникалық объектілерді сақтауды жүзеге асырады және ғылыми ұйымдар үшін ғылыми жабдықтар сатып алуға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес субсидия бере алады.
8. Ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру ұсынылатын бағдарламаларға және ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне міндетті түрде мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық сараптама жүргізіле отырып, конкурстық негізде жүзеге асырылады.
9. Қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру заем қаражаттары есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 27-бап өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.01.03. № 414-IV ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27-бап. Мемлекеттік ғылыми ұйымдарды иеліктен шығару
Іргелі зерттеулер жүргізетін мемлекеттік ғылыми ұйымдар иеліктен шығаруға жатпайды.
6-тарау. Ғылыми зерттеулерді кадрлармен қамтамасыз ету
28-бап. Ғылыми және ғылыми-техник кадрлар даярлау
1. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті кадрлармен қамтамасыз ету осы саладағы мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекет білім беру ұйымдарында және ғылыми ұйымдарда ғылыми кадрлар даярлауды ұйымдастырады, осы мақсат үшін қажетті қаржы ресурстарын бөледі. Магистратураға және докторантураға жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен қабылдауға жол беріледі.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
29-бап. Ғылыми біліктілікті арттыру нысандары
Білікті кадрлары және материалдық-техникалық базасы бар ғылыми ұйымдар белгіленген тәртіппен магистратура, докторантура ашуға, ғылыми қызметкерлердің тағылымдамасын ұйымдастыруға және біліктілікті арттырудың басқа да нысандарын пайдалануға құқылы. Мемлекет ғылыми кадрлардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс істеуі үшін тең мүмкіндіктер жасайды.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
30-бап. Ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың академиялық дәрежелер мен ғылыми атақтар алуларына құқықтары бар.
Жоғары білікті ғылыми және педагог кадрларды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу, академиялық дәрежелер беру және оларға ғылыми атақтар беру тәртібін ғылым саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2. Академиялық дәреже берілген немесе ғылыми атақ берілген адамдарға нысанын Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.
Шет мемлекеттер берген академиялық, ғылыми дәрежелерді беру немесе ғылыми атақтарды беру туралы құжаттарды Қазақстан Республикасында тану ғылым саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
7-тарау. Ғылым мен техника саласындағы халықаралық қызмет
31-бап. Халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастық
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасы заңдарының және халықаралық шарттардың негізінде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасында халықаралық және шетелдік ғылыми ұйымдарды, шетелдік ғылыми ұйымдардың филиалдарын құру халықаралық шарттардың негізінде жүзеге асырылады.
3. Басқа мемлекеттерде берілген ғылыми дәрежелер Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен танылады.
8-тарау. Қорытынды ережелер
32-бап. Ғылым саласындағы заңдардың бұзылғаны үшін жауаптылық
Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы заңдардың бұзылуына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
33-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілуі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2. 6-баптың 4-тармағы 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының