Осы саладағы мемлекеттік саясат республикада су дайындау және суды тазарту жөнінде қазіргі заманғы жабдықтарды, құбырларды, түрлі сантехникалық және басқа да қосалқы жабдықтарды өнеркәсіптік шығару бойынша қуаттарды құруға, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институттарының желілерін қалпына келтіруге бағытталуы тиіс.
Саланың қажеттіліктеріне байланысты тар мамандықтар бойынша мамандар даярлау мен қайта даярлауды күшейту керек.
Еліміздің жекелеген аймақтарында тұщы судың өте тапшылығына байланысты ауызсулық сапасы бар су ресурстарын пайдалану жөніндегі су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу қажет.
Адамның табиғатқа, әсіресе су объектілеріне деген көзқарасы тікелей оның тұтынып отырған ұтымды пайдалану мен сапасына байланысты.
Су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау, су объектілерінің ластануына жол бермеу саласында алғышарттар жасаудың маңызды сәті тұрғындарда жалпы санитарлық-гигиеналық және экологиялық мәдениетті, олардың осы мәселелерге хабардар болуын тереңдету арқылы қалыптастыру болып табылады.
Бағдарламаның іске асырудың мынадай амалдары көзделуде:
республикалық, облысаралық маңызы бар сумен жабдықтау объектілері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік инвестициялар бағдарламаларына сәйкес тиісті жылға қаржыландырылады;
облыстық, аудандық және жергілікті маңызы бар сумен жабдықтау объектілері мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары бекіткен немесе мемлекеттік емес ұйымдар қабылдаған мақсатты бағдарламалар негізінде жергілікті бюджет қаражаты, заемдар, отандық және/немесе шетелдік тікелей инвестициялар мен басқа да бюджеттік емес қаражат есебінен қаржыландырылады.
Бағдарламалық іс-шаралардың іске асуын Су ресурстары жөніндегі комитеттің, Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің облыстық бөлімшелері, құрылыс және коммуналдық шаруашылық жөніндегі облыстық департаменттер, "Су арнасы" қалалық басқармалары және басқа мемлекеттік емес сектордың сушаруашылық ұйымдары жүзеге асырады.
Осы Бағдарламаның іске асырылуы әзірленген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады, ол тұрғындарды ауыз сумен жабдықтау саласындағы негізгі проблемаларға атқарушы органдардың, сушаруашылық ұйымдарының назарын шоғырландыруға, осы саладағы жағдайды өзгерту үшін әрекет етуге, шаралардың тиімділігі мен нақты нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бағдарламаның іс-шараларын 3 кезеңде іске асыру көзделуде:
І кезең (2001-2005 жылдар) - тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі республикалық және облыстық маңызы бар объектілер құрылысын жалғастыру. Сумен жабдықтау құрылыстарын, жер асты суларының кен көздерін және су жинағыштарды түгендеуден өткізу. Ірі топтық су құбырларына жан бітіру және орталықсыздандыру. Астана, Алматы, Атырау және басқа қалалардың қалалық тораптарын қайта жаңарту. Сумен жабдықтау үшін жабдықтар, құралдар мен жинақтаушы бұйымдар шығаратын салалық база, жаңа технологиялық өндірістер құру. Жер асты суларын пайдалануды жандандыру жөніндегі іс-шаралар.
ІІ кезең (2006-2015 жылдар) - топтық суағарларды қалпына келтіру және орталықсыздандыру; жаңа жергілікті сумен жабдықтау жүйелерін құру; қалалық су құбырлары жүйелерін қайта жаңарту, жаңа технологияларды ескере отырып, жер үсті және жер асты суларын пайдалану жөніндегі іс-шараларды іске асыру.
ІІІ кезең (2006-2030 жылдар) - ауызсулық сапасы бар сумен жабдықтау және дайындау жүйелерін салуға озық технологиялардың жаңа жетістіктерін енгізу жұмысын одан әрі жалғастыру. Еліміздің тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жүйелер мен құрылыстар салу және қайта жаңарту.
4. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
"Ауыз су" мемлекеттік бағдарламасы іс-шараларын іске асыру үшін қажет инвестицияның жалпы көлемі 118,168 млрд. теңге көлемінде деп жорамалданады. Күрделі қаржылардың жалпы көлемінде қалалық сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға және қайта жаңартуға кететін шығындар 66,528 млрд. теңгені, ауылдық елді мекендерін сумен жабдықтау жүйелерін салу және қайта жаңарту 51,64 млрд. теңгені құрайды. Бірінші кезектегі бағдарламалық іс-шараларды (І кезең: 2001-2005 жылдар) іске асыруға инвестициялардың көлемі 60,378 млрд. теңгеге жорамалданады. Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру үшін қажетті қаражаттың көлемі қоса беріліп отыр.
Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттер, сыртқы заемдар мен гранттар қаражатынан басқа, меншік нысанына қарамастан су құбырларын пайдаланушы ұйымдардың қаражатын қоса алғанда, түрлі бюджеттен тыс көздер тартылуы мүмкін.
Әлдебір инвестицияның үлес салмағы әртүрлі болуы мүмкін және сумен
жабдықтаудың белгілі бір жүйелері мен құрылыстарына жіберілген шығындардың
бағытталуына және құрылымына байланысты болады.
Сыртқы заемдарды экологиялық апат аймақтарында су құбырларын салу жөніндегі ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға, сондай-ақ бірегей және бірінші кезекті сумен жабдықтау объектілеріне бағыттаған жөн.
Бағдарламаны республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру осы мақсаттарға бөлінген қаражат көлемінде жүзеге асырылады.
"Ауыз су" бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға қажетті
ресурстар көлемі және қаржыландыру көздері
млн.теңге
---------------------------------------------------------------------------
Барлығы оның ішінде кезеңдері бойынша
__________________________________________
I кезең жылдар бойынша қаржыландыру
2001-
2005 2001 ж. 2002 ж. 2003 ж. 2004-
жылдар 2005жж.
---------------------------------------------------------------------------
1. Жалпы көлемі, 118168 60378 6423 11686 12630 29639
оның ішінде көздер
бойынша:
республикалық бюджеттен, 70048 37718 5458 9721 7430 15109
барлығы
оның ішінде:
республикалық бюджет 41773 11343 2648 4940 1146 26090
сыртқы заемдар 25834 23934 2708 3715 5011 12500
бірігіп қаржыландыру 1220 1220 2 478 740 -
гранттар 1221 1221 100 588 533 -
жергілікті бюджет 19300 7990 520 960 1840 4670
бюджеттен тыс қаражат 28820 14670 445 1005 3360 9860
2.Қалаларды сумен 66528 50388 5807 10111 10530 23940
қамтамасыз ету,
оның ішінде көздер бойынша:
республикалық бюджеттен, 33048 29418 4937 8351 5630 10500
барлығы
оның ішінде:
республикалық бюджет 10123 6493 2227 4120 146 -
сыртқы заемдар 20584 20584 2708 3165 4211 10500
бірігіп қаржыландыру 1220 1220 2 478 740 -
гранттар 1121 1121 - 588 533 -
жергілікті бюджет 11300 6570 450 800 1600 3720
бюджеттен тыс қаражат 22180 14400 420 960 3300 9720
3. Ауылдық елді мекендерді
сумен қамтамасыз ету, 51640 9990 616 1575 2100 5699
оның ішінде көздер бойынша:
республикалық бюджеттен,
барлығы 37000 8300 521 1370 1800 4609
оның ішінде:
республикалық бюджет 31650 4850 421 820 1000 2609
сыртқы заемдар 5250 3350 - 550 800 2000
бірігіп қаржыландыру - - - - - -
гранттар 100 100 100 - - -
жергілікті бюджет 8000 1420 70 160 240 950
бюджеттен тыс қаражат 6640 270 25 45 60 140
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы
--------------------------------------
N II кезең III кезең !
2006-2015 2016-2030 !
жылдар жылдар
-------------------------------------
1. Жалпы көлемі, 31500 26290
оның ішінде көздер
бойынша:
республикалық бюджеттен, 14330 18000
барлығы
оның ішінде:
республикалық бюджет 12430 18000
сыртқы заемдар 1900 -
бірігіп қаржыландыру - -
гранттар - -
жергілікті бюджет 8090 3220
бюджеттен тыс қаражат 9080 5070
2.Қалаларды сумен 16140 -
қамтамасыз ету,
оның ішінде көздер бойынша:
республикалық бюджеттен, 3630 -
барлығы
оның ішінде:
республикалық бюджет 3630 -
сыртқы заемдар - -
бірігіп қаржыландыру - -
гранттар - -
жергілікті бюджет 4730 -
бюджеттен тыс қаражат 7780 -
3. Ауылдық елді мекендерді
сумен қамтамасыз ету, 15360 26290
оның ішінде көздер бойынша:
республикалық бюджеттен,
барлығы 10700 18000
оның ішінде:
республикалық бюджет 8800 18000
сыртқы заемдар 1900 -
бірігіп қаржыландыру - -
гранттар - -
жергілікті бюджет 3360 3220
бюджеттен тыс қаражат 1300 5070
______________________________________________________________________
Ескерту: Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2001 жылдың шығыстары "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынды.
Келесі жылдардың шығыстары тиісті жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде анықталады.