Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 108 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 894 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын берудің тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 108 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 3, 39-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығын берудің тәртібінде:
3-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) егер өтініш беруші Ұлттық компания болып табылған жағдайда;
2-2) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 заң күші бар Жарлығының 73-тармағында белгіленген жағдайда»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Барлаумен және/немесе Өндірумен байланысты емес Құрылысқа және/немесе жерасты құрылыстарын пайдалануға Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған Келісімшарттарды жасау жөніндегі тікелей келіссөздер объектілері болып табылады:
1) мұнай және газ, сондай-ақ оларды қайта өңдеу өнімдерін сақтау орындары мен олардың резервуарлары үшін жерасты және топырақ қабатынан төмен тереңдетілген құрылыстары;
2) үш метрден артық тереңдікте салынған тоннельдер, метрополитендер, жерасты жыл өтпелері және инженерлік құрылыстар;
3) қорды жасанды толтыру үшін жер қойнауына жерасты суларын қотаруға арналған құрылыстар;
4) қатты, сұйық қалдықтарды, зиянды улы заттарды көму мен қоймаға салуға және ағын және өнеркәсіптік суларды жер қойнауына ағызуға арналған қалдықтарды, шайындыларды сақтау орны болып табылады.»;
21-тармақ бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Конкурс өтпеген деп танылған жағдайда конкурстық комиссия инвестициялық бағдарламалар конкурсынан объектіні алуға немесе құзыретті орган айқындаған тәртіппен қайталама конкурс белгілеуге құқылы».
25-тармақта:
бірінші абзацтағы «Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
28-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен, Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен» деген сөздер «Экономика және сауда министрлігімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
29-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Экономика министрлігінде, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде» деген сөздер «Экономика және сауда министрлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
30-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қоршаған табиғи ортаны қорғау мәселелері бойынша - Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігімен, ал Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - оның аумақтық органдарымен;
Барлаумен және/немесе Өндірумен байланысты емес Құрылыс және/немесе жерасты құрылыстарын пайдалану үшін жарамды жер қойнауын пайдалану, қорғау және Қойнаулар учаскелерінің кенсіздігін анықтау мәселелері бойынша - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитетімен, ал Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - оның аумақтық органдарымен;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі