Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 тамыздағы № 1210 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 маусымдағы № 820 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 526 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамындағы өзгерістерге байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 тамыздағы № 1210 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 34, 413-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға;
Рябченко Олег Григорьевич - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім бірінші вице-министрі;
Тұяқбаева Баян Тұматайқызы - Қазақстан Республикасының «Жібек жолы - Қазақстан» ұлттық компаниясының Тарихи-мәдени мұра ғылыми-өндірістік орталығының директоры (келісім бойынша);
ал, «Бектұрғанов Нұралы Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Бектұрғанов Нұралы Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төрағаның орынбасары»;
көрсетілген комиссияның құрамынан:
Көшербаев Қырымбек Елеуұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі