екiншi бөлiк алып тасталсын;
үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Шағын жинақталған мектептердi қаржыландыру iсiнде білім алушылар санына қатысы жоқ шығындар ескерiлуге тиiс.";
21) 45-баптың 4-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік білім беру мекемелерi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен ақылы білім беру қызметтерiн көрсетуге құқылы.";
22) 46-бапта:
6-тармақта:
"мемлекеттерде" деген сөз "мемлекеттердiң" деген сөзбен ауыстырылып, одан кейiн "зайырлы оқу орындарында" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтағы "білім алу және педагогтiк қызметпен айналысу құқығын пайдалана алады" деген сөздер алып тасталып, "келісім-шарттар бойынша" деген сөздерден кейiн "білімге және педагогтiк қызметпен айналысуға құқықты" деген сөздермен және "Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең" деген сөздерден кейiн "пайдаланады." деген сөзбен толықтырылсын;
23) 47-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардың Қазақстан Республикасында білім алуға құқығы бар.";
2-бап. Осы Заң жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президенті