Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 377 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 1 маусымдағы № 604 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі" деген 8-бөлімде:
"Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь" деген жолдың 3-бағанындағы "452" деген сан "576" деген санмен ауыстырылсын;
"Қазақ республикалық лепрозорийі" деген жолдың 3-бағанындағы "270" деген сан "227" деген санмен ауыстырылсын;
"Арал теңізі обаға қарсы станциясы" деген жолдың 3-бағанындағы "167" деген сан "172" деген санмен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы" деген жолдың 3-бағанындағы "632" деген сан "690" деген санмен ауыстырылсын;
"Қатаң байқаудағы республикалық психиатриялық аурухана" деген жолдың 3-бағанындағы "687" деген сан "750" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі