Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 ақпан № 292
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 552 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегі кеңестiң ережесi мен құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 27 шiлдедегі № 1140 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 31, 387-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі кеңестiң құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы - Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары,
Кеңес төрағасы
Мұқашев Аманбек Мұқашұлы - Қазақстан Республикасының
Үкіметі жанындағы Дiни
бiрлестiктермен байланыстар
жөніндегі кеңес
Хатшылығының меңгерушiсi,
Кеңес төрағасының орынбасары
Ахметов Әшімжан Сүлейменұлы - Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым вице-министрi
Бейсеков Серiк Сағымбайұлы - Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң
Террорға қарсы департаментiнiң
бастығы (келісім бойынша)
Қуанышев Дулат Оразбекұлы - Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер вице-министрi
Отто Иван Иванович - Қазақстан Республикасының
Iшкi iстер вице-министрi
Толқаншынов Әнуар Құрманбайұлы - Қазақстан Республикасының
Әдiлет вице-министрi;
"Сәрсенбаев Алтынбек Сәрсенбайұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрi, Кеңес төрағасы" деген жолдағы ", Кеңес төрағасы" деген сөздер алынып тасталсын;
Тельман Еркiнбекұлы Сауранбеков көрсетiлген құрамнан шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
,