Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1981 жылғы 17 сәуірдегі № 182 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 ақпандағы № 254 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1148 Қаулысымен күші жойылды
Маңызды қорғаныш міндеттерін атқаратын әрі ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени және рекреациялық құндылығы бар Ертіс бойындағы бірегей ен тоғайларды сақтау және қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақ КСР ормандарын топтарға бөлуді және оларды қорғаныш санаттарына жатқызуды нақтылау туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1981 жылғы 17 сәуірдегі № 182 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының № 2 қосымшасына:
1) "Ерекше құнды орман алқаптары" бөлімінде:
1, 2, 3-бағандар:
"Шығыс Қазақстан Беген орман және жануарлар
дүниесін қорғау жөніндегі
мемлекеттік мекемесі 75570
Бородулиха орман және
жануарлар дүниесін қорғау
жөніндегі мемлекеттік мекемесі 50443
Бөкебай орман және жануарлар
дүниесін қорғау жөніндегі
мемлекеттік мекемесі 64731
Долан орман және жануарлар
дүниесін қорғау жөніндегі
мемлекеттік мекемесі 96321
Жаңасемей орман және
жануарлар дүниесін қорғау
жөніндегі мемлекеттік мекемесі 87823
Канонер орман және жануарлар
дүниесін қорғау жөніндегі
мемлекеттік мекемесі 45930
Морозов орман және жануарлар
дүниесін қорғау жөніндегі
мемлекеттік мекемесі 30507
Новошульба орман және жануарлар
дүниесін қорғау жөніндегі
мемлекеттік мекемесі 45506
Семей орман және жануарлар
дүниесін қорғау жөніндегі
мемлекеттік мекемесі 95762
Жиыны 592593
Павлодар Бесқарай орман және жануарлар
дүниесін қорғау жөніндегі
мемлекеттік мекемесі 134714
Шалдай орман және жануарлар
дүниесін қорғау жөніндегі
мемлекеттік мекемесі 143247
Жиыны 277961
Санаты бойынша барлығы 883105"
деген сөздермен толықтырылсын;
2) "Ауланатын құнды балықтардың көбею ортасын қорғаушы тыйым салынған орман белдеулері" бөлімінде:
1, 2, 3-бағандардағы:
"Семей Долан орман шаруашылығы 2292
Ертіс орман шаруашылығы 7000
Новошульба орман шаруашылығы 1460
Жаңасемей орман шаруашылығы 350
Семей орман шаруашылығы 748
Жиыны 11850"
деген сөздер алынып тасталсын;
3) "Қалалар, басқа да елді мекендер және өнеркәсіп кәсіпорындары маңындағы жасыл аймақ ормандар" бөлімінде:
"а) Орман шаруашылығы бөлігі" деген бөлімшеде:
1, 2, 3-бағандардағы:
"Семей Бородулиха орман шаруашылығы 113
Жаңасемей орман шаруашылығы 7021
Ертіс орман шаруашылығы 4633
Канонер орман шаруашылығы 240
Новошульба орман шаруашылығы 245
Семей орман шаруашылығы 12592
Жиыны 24844"
деген сөздер алынып тасталсын;
"б) Орман-бақ бөлігі" деген бөлімшеде:
2, 3-бағандардағы:
"Бородулиха орман шаруашылығы 93
Жаңасемей орман шаруашылығы 2292
Канонер орман шаруашылығы 115
Семей орман шаруашылығы 3333
Новошульба орман шаруашылығы 121
Жиыны 6677"
деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі