1. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын нысаналы пайдаланбау, егін жинау кезеңінде өсімдік шаруашылығы өнімдері бойынша тауар интервенцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын сақтамау -
лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын сатып алу және оларды азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан өткізу кезінде тіркелген бағаларды сақтамау -
заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бір жүз елуден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.24.07 № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 310-бап өзгертілді; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 310-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 310-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
310-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын:
1) карантин мен шектеу іс-шараларының шарттары мен талаптарын сақтамау;
2) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды, талаптарды және ветеринариялық нормативтерді:
мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi күтіп-ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезiнде;
зообақтардағы, цирктердегi, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарларды асырау, өсiру және пайдалану;
ішкі сауда объектілерінде; жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде; ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда қызметті жүзеге асыру кезінде;
мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру кезiнде сақтамау;
3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау туралы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтамау;
4) кейін өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союдың шарттары мен талаптарын сақтамау;
5) тіркеу сынақтарын жүргізу үшін ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын қажетті көлемде өндіру, әкелу (импорт) жағдайларын қоспағанда, оларды мемлекеттік тіркеусіз өндіруді, әкелуді (импортын), өткізуді және қолдануды (пайдалануды) жүзеге асыру түрінде жасалған бұзушылық -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ветеринариялық іс-шараларды өткізбеу немесе тиісті түрде өткізбеу, сондай-ақ оларды өткізу мерзімдерін бұзу -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етпеу -
лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасымен өздеріне жүктелген функцияларды орындамауы -
жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
1) жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны және өткізілгені;
2) жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарламау және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолданбау -
жеке тұлғаларға - ескерту жасауға, дара кәсiпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - бес, дара кәсiпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бұзу -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Ветеринария саласындағы мамандардың қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға ветеринариялық іс-шаралар өткізу жөнінде жәрдем көрсетпеу -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Жануарларды карантиндеу қағидаларын бұзу -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
15. Эпизоотияның таралуына немесе өзге де ауыр салдарларға әкеп соқпаған, эпизоотияға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегі нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзу -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
16. Осы баптың он үшінші, он төртінші және он бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 310-1-баппен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 310-1-бап өзгертілді
310-1-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің бағалаудан өтпеген асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізуі;
2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымдық куәлік берусіз асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізуі;
3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің деректер есебін жүргізуден бас тартуы және есептілік бермеуі;
4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың актілерін орындамауы;
5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген асыл тұқымды малдан алынған ұрықтар мен эмбриондарды пайдалануы;
6) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің бағалаудан өтпеген асыл тұқымды малды өз төлiнен өсiру мақсатында пайдалануы;
7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымды малды бағалау нәтижелерін бұрмалауы;
8) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімінде тіркеу үшін жеке және заңды тұлғалардың бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды мал туралы деректер беруден бас тартуы;
11) жеке және заңды тұлғалардың өсіру мақсатында бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды пайдалану тәртібін бұзуы -
12) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасымен өздеріне жүктелген функцияларды тиісінше не уақтылы орындамауы түрінде жасалған бұзушылық -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалардың «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген хабарлама жасауға жататын міндеттерді сақтамауы -
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін тоқтата тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған, осы баптың бiрiншi және 1-1-бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер (әрекетсiздiк), сол сияқты осы баптың бiрiншi және 1-1-бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау -
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметке тыйым салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 311-бап өзгертілді; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 311-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
311-бап. Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген, қалаларда және басқа да елдi мекендерде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу -
ескерту жасауға немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкiне залал келтiруге әкеп соққан нақ сол әрекеттер -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 20-1-тараумен толықтырылды (2007 жылғы 9 тамыздан қолданысқа енді); 2014.03.07. № 229-V ҚР Заңымен 20-1-тарау тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-1-тарау. Білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
2011.11.10. № 484-IV ҚР Заңымен 311-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
311-1-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзу
1. Педагог қызметкердің міндеттерін және педагогтік әдеп нормаларын орындамауы немесе тиісінше орындамауы -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Білім беру ұйымы басшысының немесе өзге де лауазымды адамының міндеттеріне ұқыпсыз немесе адал қарамауының салдарынан оларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл оқыту және тәрбиелеу процесінде білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің, білім алушылары мен қызметкерлерінің денсаулығына жеңіл нұқсан келтірсе, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Лицензиаттың білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережелерін, білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережелерін, білім алушыларды ауыстыру және оқуына қайта қабылдау ережелерін бұзуы -
лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі, заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Білім беру ұйымдарында саяси партиялардың ұйымдық құрылымдарын құру және олардың қызметі -
лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Берілетін білім беру қызметтерінің білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес келмеуі, сондай-ақ білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын өзгеше бұзу -
лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
7. Осы баптың бірінші-алтыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әркеттер (әрекетсіздік) -
лицензиядан айырып, жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің - оннан он беске дейінгі, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.03.07. № 229-V ҚР Заңымен 311-2-баппен толықтырылды
311-2-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзу
1. Сабақтар мен жарыстар өткізетін орындарды спорттық мүкәммалмен және жабдықпен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамау -
заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекет меншігіндегі дене шынықтыру-сауықтыру, спорт ғимараттарын оларға тең дене шынықтыру-сауықтыру, спорт ғимараттарын құрмай тұрып жою, олардың нысаналы және функционалдық мақсатын өзгерту -
лауазымды адамдарға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.03.07. № 229-V ҚР Заңымен 311-3-баппен толықтырылды
311-3-бап. Қазақстан Республикасының спорттық медицина саласындағы заңнамасын бұзу
1. Спорттық іс-шаралардың қатысушыларын медициналық көмекпен қамтамасыз ету және нормативтік талаптарға сәйкес медициналық тексеруден өтпеген спортшыларға рұқсат беру жөніндегі талаптарды сақтамау -
заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
21-тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен; 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 312-бап өзгертілді; 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 312-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
312-бап. Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу немесе орындамау
1. Ұйымдарда, қоғамдық орындарда, қойма үй-жайларында, жатақханаларда және тұрғын үйлерде ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, салу кезiнде өрт қауiпсiздiгi қағидаларында, техникалық регламенттерде, құрылыс нормалары мен қағидаларында, мемлекеттiк стандарттарда көзделген өртке қарсы талаптарды, сондай-ақ өрт сөндіру техникасын, өртке қарсы құрал-сайманды, жабдықты, өрттi табу мен сөндірудің автоматты құралдарын, өртке қарсы автоматиканы пайдалану мен күтiп-ұстау қағидаларын бұзу немесе орындамау -
жеке тұлғаларға - үш, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын, орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.28.06. № 295-ІV ҚР Заңымен 312-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
312-1-бап. 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
05.12.03 ж. № 506-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 313-бап өзгертілді; 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 313-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
313-бап. Өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін жарылу-өрт қаупі және өрт қаупі бар өнімді шығару және өткізу
Өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін жарылу-өрт қаупі және өрт қаупі бар өнімді шығару және өткізу, егер бұл абайсызда денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян және (немесе) жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға не мемлекетке ірі көлемде нұқсан келтіруге әкеп соқпаса -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштің отыздан елуге дейiнгi мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiстен бір жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы Кодекстің осы бабына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кездегі бір жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын сома ірі көлемдегі нұқсан деп танылады.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 314-бап жаңа редакцияда
314-бап. Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау
1. Су айдындарында қауіпсіздік ережелерінің сақталуына жауапты адамның оларды бұзуы немесе орындамауы, егер бұл адам денсаулығына зиян немесе елеулі залал келтірсе, қылмыс белгілері болмаған кезде, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан алпысқа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 315-бап өзгертілді
315-бап. Атом энергиясын пайдалану кезiнде радиациялық қауiпсіздiк талаптарын бұзу
Уәкілетті мемлекеттік органдар белгiлеген деңгейден жоғары мөлшерде атмосфераға, сулы ортаға және жер қойнауына радиоактивтi заттарды негiзсіз немесе әдейi шығарса; сәулеленуге ұшыраған немесе радиоактивтiк заттары бар өнiмдер мен материалдарды халықтың пайдалануы мен тұтынуы мақсатында осыған уәкілетті мемлекеттік органдардың рұқсатынсыз шаруашылық айналымына тарту; тиiстi дайындықтан өтпеген не олардың біліктілігiн көрсететiн құжаттары жоқ адамдарды, сондай-ақ он сегiз жасқа толмаған немесе медициналық жағынан рұқсат етiлмейтiн адамдарды атом энергиясын пайдалану объектiсіндегі жұмысқа жiберу; радиоактивтiк заттар мен иондалған сәулелендiру көздерiн есепке алуды және бақылау жасауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласында қызметтің белгілі бір түріне берілген лицензиядан айыруға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 316-бап өзгертілді
316-бап. Ядролық қаруды таратпау режимiнiң талаптарын бұзу
Ядролық экспорт пен импорттың белгiленген тәртібін бұзу, ядролық материалдарды, атом энергиясын пайдалану объектілерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу; ядролық материалдарды есепке алу мен бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласында қызметтің белгілі бір түріне берілген лицензиядан айыруға әкеп соғады.