17) Қазақстан Республикасы алдында сiңiрген ерекше еңбегi үшiн зейнетақы тағайындалған адамдар үшiн - дербес зейнеткер куәлiгi немесе Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Қазақстан Республикасы алдында сiңiрген ерекше еңбегi үшiн зейнетақы белгiлеу жөніндегі комиссияның Қазақстан Республикасы алдында сiңiрген ерекше еңбегi үшiн зейнетақы тағайындау туралы шешiмiнен үзiндi көшiрме.
6. Жәрдемақы тағайындау үшiн қажеттi құжаттар түпнұсқада және салыстыру үшін көшірмесінде уәкілетті ұйымның бөлімшелеріне ұсынылады, осыдан кейін құжаттардың түпнұсқалары мен құжаттың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің жыртпалы талоны өтініш иесіне қайтарылады.
Уәкілетті ұйымның бөлімшесі өтініш иесінен қабылданатын құжаттардың толықтығын тексереді және құжаттар көшірмелерінің сапасын және түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Жәрдемақы тағайындау туралы өтініш осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысандағы журналда тіркеледі.
7. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі өтініш берушіден өтініш пен құжаттар қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш иесі осы Ережеге сәйкес ұсынған құжаттардан қалыптастырылған қағаз жеткізгіштегі іс макетін (бұдан әрі - іс макеті) және өтініш иесінің электрондық цифрлық нысанда қалыптастырылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық іс макетін (бұдан әрі - электрондық іс макеті) қалыптастырады.
Уәкілетті ұйым бөлімшесінің маманы электрондық іс макетін қалыптастыру үшін іс макетін сканермен көшіреді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын және олардың қағаз жеткізгіштегі макетке сәйкестігін тексереді, шешімнің жобасын осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысанда қалыптастырады, жәрдемақы мөлшерінің есебін жүргізеді және оларды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.
Шешімнің жобасы жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық-цифрлық нысандағы құжатты (бұдан әрі - шешім жобасы) білдіреді.
Уәкілетті ұйым бөлімшесінің басшысы электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі макетіне сәйкестігін, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын, жәрдемақы мөлшерін есептеудің, шешім жобасының ресімделуі дұрыстығын тексереді және оны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.
8. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі электрондық іс макетін шешімнің жобасымен және осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған электрондық хабарламамен қоса, электрондық байланыс арқылы уәкілетті ұйымның филиалына береді.
9. Уәкілетті ұйымның филиалы келіп түскен электрондық іс макеті мен шешімнің жобасын екі жұмыс күні ішінде қарайды, есептің және шешімнің дұрыс ресімделуін тексереді, осыдан кейін оны электрондық хабарламамен бірге жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Шешімнің жобасы уәкілетті ұйым филиалы маманының және басшысының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
10. Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган шешімнің жобасымен қоса келіп түскен электрондық іс макетін бес жұмыс күні ішінде қарайды және жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Шешім - басқарма (бөлім) маманының, басшысының және жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған, жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық цифрлық нысандағы құжат (бұдан әрі - шешім) болып табылады.
11. Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның маманы:
1) шешімді осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес нысандағы электрондық журналда нөмір бере отырып, автоматты режимде тіркейді;
2) электрондық іс макетін шешіммен және электрондық хабарламамен қоса уәкілетті ұйым бөлімшесіне электрондық байланыс арқылы жібереді.
Электрондық іс макеттердің есебін жүргізу үшін қағаз жеткізгіштегі электрондық хабарламаның данасы жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органда қалады.
12. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның шешімімен қоса электрондық іс макетін алғаннан кейін, осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес нысандағы электрондық журналда іске нөмір береді, одан кейін көрсетілген шешімді қағаз жеткізгіште өтініш иесінің іс макетіне қосып тігеді.
13. Сканермен көшірілген электрондық іс макетінің берілген құжаттарында күмән туындаған жағдайда жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган электрондық іс макетімен салыстыру үшін уәкілетті ұйым бөлімшесінен істің макетін сұратады.
14. Егер жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган келіп түскен электрондық іс макетінен шешім қабылдау үшін қажетті құжаттың (құжаттардың) жоқ екенін анықтаған және (немесе) шешім жобасынан қате тапқан жағдайда, электрондық іс макеті шешім жобасымен және электрондық хабарламамен қоса уәкілетті ұйым бөлімшесіне электрондық байланыс арқылы қайтарылады.
Электрондық хабарламаның тиісті бағанында қайтарудың нақты себебі көрсетіледі.
Уәкілетті ұйымның бөлімшесі қайтарылған электронды іс макеті келіп түскен күннен бастап: бес жұмыс күні ішінде анықталған қатені жояды және (немесе) өтініш беруші қосымша құжаттарды ұсынған кезде отыз жұмыс күні ішінде электронды іс макетін осы Ереженің 7-11-тармақтарында көзделген тәртіппен қайта ресімдейді.
15. Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган шешімде бас тарту негіздемесін көрсетеді.
Бұл ретте электрондық іс макеті электрондық хабарламамен және жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның бас тарту себептері туралы хатымен қоса уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық байланыс арқылы қайтарылады.
Уәкілетті ұйымның бөлімшесі жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органнан хат келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы өтініш иесіне жазбаша хабарлайды және ұсынылған құжаттарды (өтінішті қоспағанда) жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның бас тарту себептері туралы хатымен қоса өтініш иесіне қайтарады.
16. Егер шешімнің қолданылу мерзімін ұзарту үшін негіздеме болып табылатын немесе жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, уәкілетті ұйымның бөлімшесі осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес нысандағы шешім жобасын дайындайды және оны жаңадан ұсынылған құжаттармен, олар бар болса, толықтырылған электрондық іс макетімен бірге осы Ереженің 7-11-тармақтарында көзделген тәртіппен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органға бекітуге жібереді.
17. Жәрдемақы оны алу құқығы туындағаннан кейiн жәрдемақы тағайындау үшiн өтiнiш берілген күннен бастап тағайындалады. Барлық құжаттарымен бiрге өтiнiш берiлген күн өтiнiш жасалған күн болып есептеледі.
5-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға жәрдемақы өтініш берілген күннен бастап тағайындалады.
Жәрдемақы тағайындалуы үшiн негiздеме жойылған жағдайда жәрдемақы алушылар бұл туралы он жұмыс күні iшiнде уәкілетті ұйымның бөлімшесіне хабарлауға мiндеттенедi.
Жоғарыда көрсетiлген тұлғалар тағайындау үшін қажеттi стажы туралы толық емес мәлiметтер ұсынған жағдайда, уәкілетті ұйымның бөлімшесі бес жұмыс күні ішінде құжаттарды арнайы комиссиялардың қарауына осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жiбередi.
Арнайы комиссиялар ұсынылған материалдарды осы Ереженің 4-тарауына сәйкес қарайды.
3. Республикалық бюджеттен жәрдемақы төлеудің тәртібі
18. Жәрдемақы төлеудi уәкілетті ұйым жәрдемақы беру жөніндегі уәкiлеттi органдар арқылы жүзеге асырады.
19. Уәкiлеттi ұйым жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органдар қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде жәрдемақы төлеуге қаражат қажеттiлiгi туралы өтінім жасайды.
Уәкiлеттi ұйым ай сайын 25-күнi жәрдемақы төлеуге қаражат қажеттiлiгi туралы өтiнiмдi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) ұсынады.
20. Министрлік тиiстi қаржы жылына арналған мiндеттемелер мен төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлiнген сомалар шегiндегі қаражатты уәкiлеттi ұйымның есеп айырысу шотына аударады.
21. Уәкiлеттi ұйым облыстар, Астана және Алматы қалалары бөлінісінде жәрдемақыларды төлеу жөніндегі кестенi жасайды және белгiленген тәртiппен алушылардың ағымдағы шоттарына аудару жолымен жәрдемақы беру жөніндегі уәкiлеттi ұйымға төлем тапсырыстарымен аударады.
22. Бөлiнген қаражат бойынша Министрлік пен уәкiлеттi ұйым арасында ай сайын салыстырып тексеру актiсi жасалады.
23. Төленген сома бойынша уәкілетті ұйым мен жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйымдардың арасында ай сайын салыстырып тексеру актілері жасалады.
24. Жәрдемақы беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу уәкiлеттi ұйым мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкiлеттi ұйымның арасында заңнамада белгiленген тәртiппен жасалған шарттың негiзiнде жүргiзiледi.
Жәрдемақы алуға құқығы бар адам қайтыс болғаннан кейiн жәрдемақы беру жөнiндегі уәкiлеттi ұйым алған, қайтыс болған адамның шотына аударылмаған жәрдемақы сомасы уәкілетті ұйымға оның бөлiмшесiнiң хаты (өкімі) негiзiнде қайтарылады.
4. Арнайы комиссиялар
25. Бар жұмыс стажы туралы құжаттар болмаған немесе толық ұсынылмаған кезде, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғандағы жұмыс стажын арнайы комиссиялар белгілей алады.
26. Арнайы комиссия жергілiктi өкiлдi органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, Ардагерлер кеңестерінің, қоғамдық бiрлестiктердiң, уәкілеттi жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар уәкілетті органдарының, жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның, әскери басқарманың жергілікті органдарының өкілдерінен тұрады.
27. Арнайы комиссиялар:
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғандағы еңбек стажын растау үшiн ұсынылған құжаттардың мазмұны мен тиiсiнше ресiмделуiн құқықтық бағалауды;
куәгерлердің айғақтамалары бойынша жұмыс стажын белгiлеуді (куәгерлерге сұрақтар қоюды);
өтiнiш берушінің жұмыс стажын белгілеу үшiн қажеттi құжаттарды сұратуды;
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алған кезеңдегi жұмыс стажын белгiлеу (немесе белгiлеуден бас тарту) туралы шешiмдер шығаруды;
жұмыс стажын белгiлеу туралы құжаттарды қараудың барысы туралы өтiнiш берушілерге жазбаша хабарлауды жүзеге асырады.
28. Арнайы комиссиялар жұмыс стажын белгiлеудi өтiнiш берушiнi бiр кәсiпорында, ұйымда, мекемеде, ұжымшарда бiрге iстеген жұмысы бойынша бiлетiн және оған қатысты өтiнiш берушiнiң жұмысын растайтын уақыт iшiнде өзiнiң жұмысы туралы құжаттары, оның iшiнде егер зейнетақы iсіндегі деректер бойынша еңбек стажы куәгердiң айғақтары бойынша зейнетақы тағайындалғанда ескерiлсе, куәгерлердiң өздерiнiң жауаптарының хаттамалары бар, бiр куәгер айғағының негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
29. Арнайы комиссиялар куәгерлердi жеке айғақтар үшiн шақыру немесе куәгерлердің қолының түпнұсқа екендiгi нотариалды тәртiппен куәландырылған кезде олардың жазбаша айғақтарын қараумен шектелу туралы мәселенi өз қарауы бойынша шешедi.
30. Өтiнiш берушiде жұмыс фактiсi туралы құжаттар сақталмаған, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы жұмысын растайтын куәгерлердi ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайларда, жұмыс фактiсiн арнайы комиссия Ардагерлер кеңестерiнiң қолдаухаттары негiзiнде белгiлейдi.
Қолдаухатқа мұрағат органдарының, ұйымдардың мұрағаттардың жоқ екені туралы анықтамалары қоса беріледi.
31. Уәкілетті ұйымның бөлімшелерінен қарауға келiп түскен құжаттар осы Ереженің 13-қосымшаға сәйкес журналда тiркеледi.
32. Арнайы комиссия келiп түскен құжаттарды күнтізбелік он күн iшiнде қарайды және жетiспейтiн құжаттарды тиiстi ұйымдардан (кәсiпорындардан) сұрату немесе куәгерлерге сұрақ қою туралы шешiм қабылдайды.
33. Өтiнiш иесiмен 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда бiрге жұмыс iстеу фактiсiн растай алатын куәгерлер болса, осы Ережеге 14-қосымшаға сәйкес нысанда куәгерлерге сұрақ қою хаттамасы жасалады.
34. Қажеттi құжаттарды жинау, куәгерлерге сұрақ қою қорытындылары бойынша арнайы комиссия еңбек стажын белгiлеу туралы осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес нысанда шешiм шығарады және оны уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жiбередi.
ҚР Үкіметінің 2014.04.04. № 322 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
тағайындау және төлеу ережесіне
1-қосымша
Ауданның коды ________________
Қазақстан Республикасы
________________________ облысы (қаласы) бойынша
Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті
Өтініш
Азамат(ша)___________________________________________________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
Туған күні 19__ж. «__» ________ тұрғылықты мекенжайы:
______________________________________________________________________________________________________________________
Жеке шотының № ____________ Банктің атауы _____________________________________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _________________________________________________________________________________________
Жеке куәлігінің (паспортының) мәліметтері: № ______________________________________________________________________________,
кім берген _________________, берілген күні _______________________________________________________________________________.
Маған ________________________________________________________________________________________________________________
(санаты көрсетіледі)
ретінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды сұраймын.
Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылуына байланысты, жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мемлекеттік арнаулы жәрдемақы, зейнетақы аламын (керегін сызады)
Сіз арнаулы әлеуметтік жәрдемақыны өзге негіздер бойынша аласыз ба __________________________________________________________
(иә, жоқ; бар болса, қандай негіз бойынша екені көрсетіледі)
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Төленетін жәрдемақы мөлшеріне әсер ететін өзгерістер туындаған жағдайда, сондай-ақ тұрғылықты мекенжайы (оның ішінде ҚР тыс жерге кету), сауалнама мәліметтері, банк деректемелері өзгерген жағдайда олар туралы уәкілетті ұйымның бөлімшесіне 10 жұмыс күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн.
20__ ж. «__» __________ | Өтініш берушінің қолы___________ |
Азамат(ша) ___________________________________________ өтініші
20__ ж. «__» __________ қабылданды. № ______
Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы_____________________________________________________________________
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
Р/с № | Құжат атауы | Құжаттағы парақтар саны | Ескерту |
| | | |
| | | |
_________________________________________________________________________________________________________________________
(қию сызығы)
Қоса берiлген құжаттармен азамат(ша) _________________ өтiнiшi
______ данада 200____ж. «____»_________ № ____ тіркелді, құжаттар 20__ ж. «__» ______ қабылданды.
__________________________________________________________________________________________________________________________
(құжатты қабылдаған адамның Т.А.Ә. және қолы)
Төленетін жәрдемақы мөлшеріне әсер ететін өзгерістер туындаған жағдайда, сондай-ақ тұрғылықты мекенжайы (оның ішінде ҚР тыс жерге кету), сауалнама мәліметтері, банк деректемелері өзгерген жағдайда олар туралы уәкілетті ұйым бөлімшесіне 10 жұмыс күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн.
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
тағайындау және төлеу ережесіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен ұрыс
қимылдары жүрген қалалар мен жүргізілген кезеңдердің
тізбесі
Одесса қаласын қорғау: 1941 жылғы 10 тамыздан 16 қазанға дейін.
Ленинград қаласын қорғау: 1941 жылғы 8 қыркүйектен 1944 жылғы 27 қаңтарға дейін.
Севастополь қаласын қорғау: 1941 жылғы 5 қарашадан 1942 жылғы 4 шілдеге дейін.
Сталинград қаласын қорғау: 1942 жылғы 12 шілдеден 19 қарашаға дейін.
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
тағайындау және төлеу ережесіне
3-қосымша
Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен
басқа мемлекеттер аумағында жүргiзiлген ұрыс қимылдары кезеңдерiнiң
тізбесі
Алжирдегi ұрыс қимылдары: 1962 - 1964 жылдар;
Мысырдағы (Бiрiккен Араб Республикасы) ұрыс қимылдары: 1962 жылғы қазаннан 1963 жылғы наурызға дейiн; 1967 жылғы маусым; 1968 жыл; 1969 жылғы наурыздан 1972 жылғы шiлдеге дейiн; 1973 жылғы қазаннан 1974 жылғы наурызға дейiн; 1974 жылғы маусымнан 1975 жылғы ақпанға дейiн (Суэц арнасын минадан тазартуға қатысқан Қара теңiз және Тынық мұхиты флоттары тралшыларының жеке құрамы үшiн).
Йемен Араб Республикасындағы ұрыс қимылдары: 1962 жылғы қазаннан 1963 жылғы наурызға дейiн; 1967 жылғы қарашадан 1969 жылғы желтоқсанға дейiн.
Вьетнамдағы ұрыс қимылдары: 1961 жылғы қаңтардан 1974 жылғы желтоқсанға дейiн.
Сириядағы ұрыс қимылдары: 1967 жылғы маусым; 1970 жылғы
наурыз-шiлде; 1972 жылғы қыркүйек-қараша; 1973 жылғы қазан;
Анголадағы ұрыс қимылдары: 1975 жылғы қарашадан 1991 жылғы желтоқсанды қоса алғанда.
Мозамбиктегі ұрыс қимылдары: 1967 - 1969 жылдар, 1975 жылғы қарашадан 1979 жылғы қарашаға дейiн; 1984 жылдың наурыз айынан 1988 жылғы тамыз айын қоса алғанда.
Эфиопиядағы ұрыс қимылдары: 1977 жылғы желтоқсаннан 1990 жылғы қарашаны қоса алғанда.
Ауғанстандағы ұрыс қимылдары: 1978 жылғы сәуiрден 1989 жылғы 15 ақпанға дейiн.
Камбоджадағы ұрыс қимылдары: 1970 жылғы сәуiр - желтоқсан.
Бангладештегi ұрыс қимылдары: 1972 - 1973 жылдар (КСРО Әскери-Теңiз Флоты корабльдерi мен көмекшi кемелерiнiң жеке құрамы үшiн).
Лаостағы ұрыс қимылдары: 1960 жылғы қаңтардан 1963 жылғы желтоқсанға дейiн; 1964 жылғы тамыздан 1968 жылғы қарашаға дейiн; 1969 жылғы қарашадан 1970 жылғы желтоқсанға дейiн.
Сирия мен Ливандағы ұрыс қимылдары: 1982 жылғы маусым.
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
тағайындау және төлеу ережесіне
4-қосымша
Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен ұрыс қимылдары болған мемлекеттер, аумақтар және жүргiзiлген кезеңдер
тізбесі
Азаматтық соғыс: 1918 жылғы 23 ақпаннан 1922 жылғы қазанға дейiн.
Кеңес-поляк соғысы: 1920 жылғы наурыз-қазан.
Испаниядағы ұрыс қимылдары: 1936 - 1939 жылдар.
Финляндиямен соғыс: 1939 жылғы 30 қарашадан 1940 жылғы 13 наурызға дейiн.
Ұлы Отан соғысы: 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 (11) мамырға дейiн.
Жапониямен соғыс: 1945 жылғы 9 тамыздан 1945 жылғы 3 қыркүйекке дейiн.
Басмашыларды жою жөніндегі ұрыс операциялары: 1922 жылғы қазаннан 1931 жылғы маусымға дейiн.
Хасан көлi ауданындағы ұрыс қимылдары: 1938 жылғы 29 шiлдеден 11 тамызға дейiн.
Халкин-Гол өзеніндегі ұрыс қимылдары: 1939 жылғы 11 мамырдан 16 қыркүйекке дейiн.
КСРО, Батыс Украина және Батыс Белоруссия қосылған кездегi ұрыс іс-қимылдары: 1939 жылғы 17-28 қыркүйек.
Қытайдағы ұрыс қимылдары: 1924 жылғы тамыздан 1927 жылғы шiлдені қоса алғанда; 1929 жылғы қазан - қараша; 1937 жылғы шiлдеден 1944 жылғы қыркүйекті қоса алғанда; 1945 жылғы шiлде-қыркүйек; 1946 жылғы наурыздан 1949 жылғы сәуiрді қоса алғанда; 1950 жылғы наурыз-мамыр (ӘШҚ әскерлерiнiң жеке құрамы үшiн), 1950 жылғы маусымнан 1953 жылғы шiлдені қоса алғанда (Солтүстiк Кореядағы ұрыс іс-қимылдары Қытай аумағынан қатысқан әскери бөлiмшелердiң жеке құрамы үшiн).
Венгриядағы ұрыс қимылдары: 1956 жыл.
Даман аралындағы ұрыс қимылдары: 1969 жылғы наурыз.
Жалаңашкөл ауданындағы ұрыс қимылдары: 1969 жылғы тамыз.
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
тағайындау және төлеу ережесіне
5-қосымша
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін берілетін наградаларға
жатқызылған бұрынғы КСРО медальдарының
тізбесі
«Ерлігі үшін» Ушаков медалі
«Жауынгерлік еңбегі үшін» Нахимов медалі
«Ерен еңбегі үшін»
«Үздік еңбегі үшін»
«Ленинградты қорғағаны үшін»
«Москваны қорғағаны үшін»
«Одессаны қорғағаны үшін»
«Севастопольді қорғағаны үшін»
«Сталинградты қорғағаны үшін»
«Киевті қорғағаны үшін»
«Кавказды қорғағаны үшін»
«Кеңестік Заполярьені қорғағаны үшін»
«Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін»
«Жапонияны жеңгені үшін»
«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін»
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
тағайындау және төлеу
ережесіне 6-қосымша
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау жөніндегі азаматтардың өтініштерін тіркеу
ЖУРНАЛЫ
Басталды _________________________
Аяқталды ________________________
Р/с № | Өті-ніш берілген күн | Өтініш берушінің Т.А.Ә. | Өтініш беруші-нің туған күні мен жылы | Тұрғылықты жері | Жәрдем ақы санаты | Тағайындау күні | Шешімді бекіту немесе департаменттің бас тарту күні және хабарла-маның № | Департаменттен ЗТМО бөлімшесіне жәрдем-ақы тағайындаудан бас тарту туралы хаттың түскен күні | Жәрдем-ақы тағайындаудан бас тарту туралы өтініш берушіге хабар-лаған күні | Ескертпе |
| | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | |
Журналда ________________________________________________________________________________________ парақ нөмірленді және тігілді
(санмен және жазумен)
М.О. ЗТМО ________________ бөлімшесінің бастығы ______________________
Т.А.Ә
Күні 20 __ ж. «____» _____________ қолы _________________________
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
тағайындау және төлеу ережесіне
7-қосымша
Код _________________
Облыс (қала)_________________
________________________ облысы (қаласы) бойынша
Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің
20__жылғы «___»_____ | № ______ |
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы
ШЕШIМІ
Iстiң № _____________________
Азамат(ша)________________________________________________________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)
Жынысы:_________ Туған күні: «__» ________ ___ ж.
Өтiнiш берілген күн «___» _______ 20 _ ж. № ____
_________________________________________________________________________________________________________________________
(мүгедек баланың ата-анасының/асырап алушысының Т.А.Ә.)
І. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңының ___ бабына сәйкес _______________________________ нысаны бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалсын.
Айлық жәрдемақы мөлшері 20__ ж. «__» ___ бастап 20__ ж. «__» ____қоса алғандағы мерзімге__________________________________________
теңге сомасында ___________________________________________________________________________________________________________
(сомасы жазумен)
ІІ. Тағайындаудан бас тартылсын: _____________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________
(негіз)
Департамент директоры | _________________ (Т.А.Ә.) | ________________________ (қолы) |
Департамент басқармасының (бөлімінің) бастығы | _________________ (Т.А.Ә.) | ________________________ (қолы) |
Департаменттің тағайындау жөніндегі маманы | _________________ (Т.А.Ә.) | ________________________ (қолы) |
Шешiмнiң жобасын дайындағандар:
ЗТМО бөлiмшесiнiң бастығы | _________________ (Т.А.Ә.) | ________________________ (қолы) |
ЗТМО бөлiмшесiнiң маманы | _________________ (Т.А.Ә.) | ________________________ (қолы) |
ЗТМО облфилиалының директоры | _________________ (Т.А.Ә.) | ________________________ (қолы) |
ЗТМО облфилиалының маманы | _________________ (Т.А.Ә.) | ________________________ (қолы) |
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
тағайындау және төлеу ережесіне
8-қосымша
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ХАБАРЛАМА
№ _______ | 20_ ж. «__» _________ |
уәкілетті ұйым бөлімшесі төменде көрсетілген азаматтардың электрондық іс макетін қарауға жіберіп отыр:
Р/с № | Т.А.Ә. | Парақ саны | Істің № | Жәрдемақы мөлшері | Жәрдем-ақы түрі | Қарау жөніндегі белгі | Қарау деңгейі (ЭІМ статусы) |
Бекітілді (шешімнің нөмірі мен күні) | Қайта ресімдеуге қайтарылды (бас тарту, құжаттардың дұрыстығын тексеру) | Қайтару себебі |
| | | | | | | | | |