ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. № 462 (бұрынғы ред. қара); 08.04.04 ж. № 387 (бұрынғы ред. қара) қаулыларымен 6-бөлім өзгертілді
6. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРI
Осы бағдарламаны iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының қажеттi ғылыми-техникалық, өндiрiстiк-техникалық және мамандар әлеуетi бар. Мұндай әлеуеттің елеулi бөлiгi бiрiншi кезекте "ҚР РЭБ ҰО" ААҚ-та және оның кәсiпорындары: «Алатаудың» Алматы арнайы конструкторлық бюросы» ғылыми-өндiрiстiк кәсiпорнында, «Гранит» арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы» жабық акционерлік қоғамында, «Радиоэлектроника институты» жабық акционерлік қоғамында, Қауiпсiздiк құралдары мен жүйелерi ғылыми-техникалық орталығында және «Алатау» өндiрiстiк кәсiпорындарында шоғырланған. Бағдарламаны іске асыру үшiн Орал мен Петропавл қалаларының радиоэлектрондық бейіндегі өнеркәсiп кәсiпорындары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі бейiн институттарының мамандары тартылатын болады.
Бағдарламаны қаржыландыру технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер үшiн республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне көзделетiн бюджет қаражаты есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады. 5 жылға арналған Бағдарламаны (2001-2005 жылдар) iске асыруға 727,7 миллион теңге бюджет қаражаты қажет болады, оның iшiнде жылдар бойынша 2001 жылға - 130 млн. теңге; 2002 жылға - 140 млн. теңге; 2003 жылға - 140 млн. теңге; 2004 жылға - 155 млн. теңге; 2005 жылға - 162,7 млн. теңге. Жыл сайынғы көлем тиiстi бюджеттік бағдарлама бойынша республикалық бюджетте көзделетiн көлемге сәйкес нақтыланады.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшiн қосымша тапсырыс берушiлердiң - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық бөлімшелерімен бағынысты ұйымдарымен және басқа да тұтынушылармен тікелей шарттардың орындалуынан түсетін қаражаттарды тарту, сонымен қатар отандық және шетелдік инвестициялық және инновациялық қорлардан түсетін қаражаттардан тұрады.
7. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРҒАННАН
КҮТIЛЕТIН НӘТИЖЕ
Бағдарламаны жүзеге асырғаннан кейiн мынандай нәтижелер алынады:
әртүрлi мақсаттағы ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшiн бақылау-өлшеуiш, арнақұратын және коммутациондық жабдықтарды тәжiрибелi-конструкторлық және сериялық өндiрiстi меңгеру;
автоматтандырылған басқару жүйесi және электрэнергетикалық диспетчерлеу көлiгiнiң құбырөткiзгiш телеметрикалық жүйесi, орталықтандырылған диспетчерлеу жүйесi және темір жол учаскесiн басқару, ТОБЖ-бен ЭХЖ-ЖЖ байланыс жүйелерi, көлiк құралдарының басқару қозғалысының телекоммуникациялық жүйесi iске қосылған;
отандық өндiрiстiң техникалық құралдарын қолданудың басымдығы есебiнен сапалы көп бағдарламалы телерадио хабарлар желiстерiн кеңейту;
сатып алынатын жинақтаушы үлесiн кезеңдiк азайту кезiнде отандық өндiрiстiң есептеуiш техника құралдарын жетiлдiру және мультимедиялық терминалдық құрылғылар ретiнде оларды бейiмдеу жүргiзiлдi;
экология, ауылшаруашылық, картография және геология, көлiк коммуникация желiлерiнiң (мұнай және өнiм өткiзгiштер жүйесiн, электр беру желiлерiн, автомобиль және темір жолдарын) мiндеттерi мен проблемаларын шешу үшiн жоғары шешiмдiк Жердi қашықтықтан зерттеу мәлiметтерiн пайдалану арқылы ГАЖ-технологиясы құрылды және енгiзiлдi;
геостационарлық және төменгi орбиталық жердiң жасанды серiгi байланысының деректер базасы, сондай-ақ бiрыңғай уақыттың атомдық және Бүкiләлемдiк уақыт Ұлттық жүйесiн салыстыру жүйесi құрылды;
тепловизия, радиолокация, электросигнализация және басқа арнайы жабдықтар базасында периметрлiк техникалық құралдармен жабдықтау, автоматтандырылған кешендер пайдалануға қосылды: арнайы ұшақ аппараттарының ұшуын басқару: Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң бiрiккен әуе шабуылынан қорғаныс жүйесiнiң аймақтық автоматтандырылған бұйрық беру пунктiн басқару жүргiзілдi;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс Күшiне қазiргi байланыс құралдарын жеткiзу және техникалық қамтамасыз ету, сонымен қатар үлкен энергетикалық және уақыт параметрлерiмен радиоэлектрондық қарсы тұру кешендерiн әзiрлеу және шығаруды ұйымдастыру жүзеге асырылды;
қаружарақ және әскери техникалық радиоэлектрондық саладағы iске қосу, ретке келтiру, қалпына келтiру және жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi;
полигондарда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң бөлiмдерi мен бөлiмшелерiн әскери оқытуды техникалық қамтамасыз ету жөнiнде iс-шаралар жүргiзiлдi;
ақпараттық-телекоммуникациялық құралдар мен жүйелердi құру және дамыту басым бағыттары бойынша мамандарды дайындау және қайта дайындау оқу әдiстемелiк сыныптарын ұйымдастыру;
ақпараттық-телекоммуникациялық құралдар мен жүйелер саласында мамандар үшiн оқу бағдарламасы мен оқу құралдары әзiрлендi.
ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. № 462 қаулысымен 8-бөлім жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара); 08.04.04 ж. № 387 қаулысымен 8-бөлім өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
8. Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшін радиоэлектрондық аспаптар
мен құралдарды әзірлеудің, жасаудың және дамытудың 2001-2005 жылдарға
арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шара | Аяқталу нысаны | Орындауға жауаптылар | Орын. далу мерзі. мі | Болжа. нып отырған шығыс. тар | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Ұйымдастыру іс-шаралары |
1. 2. 3. 4. 5. 6. | Барлық мүдделі мем- лекеттік органдарды тарта отырып, Бағ- дарламаның негізгі бағыттары бойынша жобаларды іріктеу жөнінде конкурстық комиссия қалыптастыру Бағдарламаның негізгі міндеттері бойынша жобаларды іріктеу жөнінде конкурс ұйым- дастыру және өткізу, бағдарлама бойынша бас ұйымды айқындау Бағдарламаның 2001- 2005 жылдарға арнал- ған кеңейтiлген нұс- қасын қалыптастыру. Бағдарлама бойынша бас ұйыммен мемлекет- тiк келісім-шарт жасасу Технологиялық сипат- тағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге республикалық бюджет- те көзделетiн қаражат есебiнен және шегiнде бағдарламаны мақсатты қаржыландыруды қамта- масыз ету Аралық есептердi ғы- лыми-техникалық кеңес- те қарау және бекіту. Бағдарламаның кезектi жылға арналған кеңей- тiлген нұсқасын қалып- тастыру және бекіту Бас ұйымның бағдарлама- ны iске асыру жөніндегі қорытынды есебiн дайын- дау және қарау | Бұйрық Бұйрық Бұйрық Бұйрық Бұйрық Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп | | 2000 жылғы 4-тоқсан 2000 жылғы 4-тоқсан 2000 жылғы 1-тоқсан 2001- 2005 жылдар Жыл сайын, 4-тоқсан 2005 жылғы 4-тоқсан | - - - 2001-2005 жылдарға арналған қаржылан- дыру көлемі 727,7 млн. теңге бюджет қаражаты, оның ішінде жылдар бойынша: 2001 жылға- 130 млн. теңге; 2002 жылға - 140 млн. теңге; 2003 жылға- 140 млн. теңге; 2004 жылға - 155 млн. теңге; 2005 жылға - 162,7 млн. теңге. - - | - - Рес- пуб- ли- ка- лық бюд- жет - - |
2. Негізгі ғылыми-техникалық тапсырмалар |
7. 8. 9. 10 | | 2001- 2005 жылдар 2001- 2005 жылдар 2001- 2005 жылдар 2001- 2005 жылдар | - - - - | - - - - |