Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сақтандыру ісі
және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы 2000
жылғы 18 желтоқсандағы № 128-II Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, № 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар, № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 жылғы 10 қарашада "Егемен Қазақстан" және 2000 жылғы 9 қарашада "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілерiне мүлікті бағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 45-баптың 1-тармағының екінші бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңды тұлға - жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта құру зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарда көзделген ерекшеліктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.";
2) 49-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңды тұлға - жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады. ";
3) 86-баптың 6-тармағындағы:
"Банктер мен" деген сөздер "Банктерде," деген сөзбен ауыстырылсын;
"банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда" деген сөздерден кейiн "және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 306-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгіндегі "сақтандырудың орнын толтыру" деген сөздер "сақтандыру төлемiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2000 ж., № 10, 244-құжат):
1) 803-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сақтандыру шарты бойынша бiр тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал екiншi тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде өзiнiң пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн төлеуге мiндеттенедi.";
2) 805-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"805-бап. Сақтандыру нысандары
1. Сақтандыру нысандары:
1) мiндеттiлiк дәрежесi бойынша - ерiктi және мiндеттi;
2) сақтандыру объектiсi бойынша - жеке және мүлiктiк;
3) сақтандыру төлемiн жүзеге асыру негiздерi бойынша жинақтаушы және жинақтаушы емес болып табылады.
2. Сақтандыру қызметiн лицензиялау мақсатында заң актілерінде өзгеше жiктеу көзделуi мүмкiн.";
3) 808-баптың 2-тармағындағы "сақтандыру өтемi қандай талаптарда төленетiн болса" деген сөздер "сақтандыру төлемi қандай талаптарда жүзеге асырылатын болса" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 809-баптың 4-тармағындағы ауыстырудың қазақша мәтiнге қатысы жоқ.
5) мынадай мазмұндағы 809-1-баппен толықтырылсын:
"809-1-бап. Жинақтаушы сақтандыру
1. Мына негiздемелердiң кез келгенi бойынша: сақтандыру шартында белгiленген кезең аяқталғанда не қайсысының бұрын туындауына байланысты сақтандыру жағдайы туған кезде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн сақтандыру жинақтаушы сақтандыру болып табылады.
2. Сақтандыру жағдайы туған кезде ғана сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн сақтандыру жинақтаушы емес сақтандыру болып табылады.
3. Аннуитет шарты - сақтандырушыны шартта белгiленген мерзiм iшiнде пайда алушының пайдасына мерзiмдi төлемдер түрiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттi ететiн сақтандыру шарты.
4. Жинақтаушы сақтандыру шарттары тек қана жеке сақтандыру бойынша жасалуы мүмкiн.
5. Аннуитет шарты жинақтаушы сақтандыру шарттарына жатады.";
6) 813-баптың 3-тармағындағы "түрлерi" деген сөз "нысандары" деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 814-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
"сақтандыру шығындарын өтеуге" деген сөздер "сақтандыру төлемiн жүргiзуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 815-бапта:
3-тармақтың екiншi бөлiгіндегі "сақтанушы белгiсiз адамдар тобын сақтандырған" деген сөздер "топтастырылып иесiздендiрiлген сақтандыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
"тиесiлi сақтандыру өтемiн" деген сөздер "тиесiлi сақтандыру төлемiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
"сақтандыру өтемiн" деген сөздер "сақтандыру төлемiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 816-тармақта:
1-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі "сақтандыру өтемiн" деген сөздер "сақтандыру төлемiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ алып тасталсын;
8-тармақтағы "көзделген сақтандыру өтемдерiн" деген сөздер "көзделген сақтандыру төлемiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 817-бапта:
1-тармақтағы "сақтандыру өтемдерiнiң төленуiн" деген сөздер "сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ "Сақтандыру" деген сөз кiшi әрiппен жазылып, оның алдынан "Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша көзделуi мүмкiн оқиғаларды қоспағанда," деген сөздер енгiзiлсiн;
11) 818-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"818-бап. Сақтандыру сыйлықақылары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру немесе аннуитет шартында көзделген мөлшерде сақтандыру төлемiн жүргiзу мiндеттемесiн қабылдағаны үшiн сақтанушы сақтандырушыға төлеуге мiндеттi ақша сомасы.
Сақтандырушы сақтанушыдан алған сақтандыру сыйлықақылары оған меншiк құқығымен тиесiлi болады.";
2-тармақтың бiрiншi және екiншi бөлiктеріндегі "Сақтандыру төлемдерiнiң" деген сөздер "Сақтандыру сыйлықақыларының" деген сөздермен және "Сақтандыру төлемдерiн" деген сөздер "Сақтандыру сыйлықақыларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
"сақтандыру төлемдерiнiң" деген сөздер "сақтандыру сыйлықақыларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
"өндiрiлетiн төлем" деген сөздер "өндiрiлетiн сақтандыру сыйлықақысының" деген сөздермен ауыстырылсын;
4 және 5-тармақтардағы "сақтандыру төлемiн" деген сөздер "сақтандыру сыйлықақысын" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "төленуге тиiстi сақтандыру өтемiнiң" деген сөздер "сақтандыру төлемiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 819-баптың 2-тармағындағы "сақтандыру жағдайы келтiрген нақты залалдың мөлшерiнен" деген сөздер "заң актілерінде белгiленген мөлшерден" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 820-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"820-бап. Сақтандыру төлемi";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сақтандыру төлемi - сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру жағдайы туған кезде не жинақтаушы сақтандыру шартында белгiленген мерзiм туған кезде сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы.
2. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн анықтау тәртібі шартта белгiленедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi кезiнде сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн анықтау тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленедi.";
3-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі "Сақтандыру өтемiн төлеудiң" деген сөздер "Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "сақтандыру өтемi" деген сөздер "сақтандыру төлемi" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
"сақтандыру өтемi" деген сөздер "сақтандыру төлемi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"төленедi" деген сөз "жүзеге асырылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
"әлеуметтiк сақтандыру," деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақтағы "сақтандыру өтемiнiң" деген сөздер "сақтандыру төлемiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
"Сақтандыру өтемiн төлеу" деген сөздер "Сақтандыру төлемiн жүзеге асыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
"сақтандыру төлемдерiне" деген сөздер "сақтандыру сыйлықақыларына не сақтандыру жарналарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы "сақтандыру өтемiнiң уақтылы төленбегендiгi" деген сөздер "сақтандыру төлемiн уақытында жүзеге асырмағаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 821-баптың 2-тармағында:
бiрiншi бөлiктегi "сақтандыру өтемiнiң" деген сөздер "сақтандыру төлемдерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктегi "сақтандыру өтемiн" деген сөздер "сақтандыру төлемiн" деген сөздермен ауыстырылсын, "алынған сақтандыру өтемi" деген сөздер "алынған сақтандыру төлемi" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiктегi "сақтандыру өтемiн төлеуден" деген сөздер "сақтандыру төлемiнен" деген сөздермен ауыстырылсын, "сақтандыру төлемдерiнiң" деген сөздер "сақтандыру сыйлықақыларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 822-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгіндегі "оған сақтандыру өтемiн төлеу" деген сөздер "оған тиесiлi сақтандыру төлемiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 823-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгіндегі "сақтандыру өтемiн төлеу" деген сөздер "сақтандыру төлемін жүзеге асыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 825-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "куәлiгiн (полисiн, сертификатын және т.б.)" деген сөздер "полисiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
18) мынадай мазмұндағы 825-1-баппен толықтырылсын:
"825-1-бап. Сақтандыру ережелерi
1. Сақтандыру ережелерiн сақтандырушы сақтандырудың әрбiр түрi үшiн жеке-жеке жасайды және олар сақтандырудың тиiстi түрiн жүзеге асыру құқығына лицензия берген кезде уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісілуге тиiс.
2. Сақтандыру ережелерiнде:
1) сақтандыру объектiлерiнiң тiзбесi;
2) сақтандыру сомасын анықтау тәртібі;
3) сақтандыру тәуекелдерi;
4) сақтандыру жағдайларынан алып тастау және сақтандыруды шектеу;
5) сақтандыру шартының қолданылу мерзiмi мен орны;
6) сақтандыру шартын жасасу тәртібі;
7) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
8) сақтанушының сақтандыру жағдайы туған кездегi iс-әрекетi;
9) сақтандыру жағдайының туғандығын және шығын мөлшерiн растайтын құжаттар тiзбесi;
10) сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртібі мен шарттары;
11) сақтандыру төлемi немесе сақтандыру төлемiн жасаудан бас тарту туралы шешiмдi қабылдаудың мерзiмi;
12) сақтандыру шартын тоқтату талаптары;
13) дауларды шешу тәртібі;
14) сақтандыру тарифтерi және олардың экономикалық негiздемелерi;
15) ерекше талаптар болуға тиiс.
3. Егер ұсынылған сақтандыру ережелерi Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келсе және осы баптың талаптарына сай болмаса, уәкiлеттi мемлекеттік орган лицензия беруден бас тартуға құқылы.
4. Сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы келісім бойынша сақтандыру ережелерiнiң негiзiнде сақтандыру шартын жасасу кезiнде анықталатын қосымша талаптарды көздейтiн сақтандыру шарттары жасалуы мүмкiн. Сол қосымша талаптар үш реттен астам қайталанған жағдайда сақтандырушы сақтандырудың белгiлi бiр түрi бойынша ережелердi заңдарда белгiленген тәртiппен өзгертуге мiндеттi.
5. Сақтандыру ережелерiне өзгерістер енгiзiлген жағдайда сақтандырушы осы өзгерістердi келiсу үшiн уәкiлеттi мемлекеттік органға ұсынуға тиiс.";
19) 826-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшадағы "мекен-жайы" деген сөз "тұрған жерi" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы "сақтандыру өтемiнiң мөлшерi, оны төлеудiң тәртібі және мерзiмдерi" деген сөздер "сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртібі мен мерзiмдерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi, оларды төлеудiң тәртібі мен мерзiмдерi";
7) тармақшадағы "қолданылу мерзiмi" деген сөздер "жасалу күнi және қолданылу мерзiмi" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9) - 11) тармақшалармен толықтырылсын:
"9) шарттың (сақтандыру полисiнiң) номерi, сериясы;
10) шарттың талаптарына өзгерістер енгізу жағдайлары мен тәртібі;
11) сатып алу сомасын (жинақтаушы сақтандыру үшiн) төлеудiң шарты және оның мөлшерi.";
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
"4. Егер қайта сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, қайта сақтандырушының қайта сақтандыру шарты бойынша жауаптылық кезеңi сақтандырушының сақтандыру шарты бойынша мiндеттемесi қайта сақтандыруға берiлген сақтандыру шарты бойынша жауаптылық кезеңiне сәйкес келуге тиiс.
5. Сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiс талаптардың толық болмағаны үшiн сақтандырушы жауапты болады. Оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан сақтандыру шарты бойынша дау туындаған жағдайда дау сақтанушының пайдасына шешiледi. Осы тармақтың талаптары қайта сақтандыру шарттарына қолданылмайды.";
20) мынадай мазмұндағы 826-1, 826-2, 826-3-баптармен толықтырылсын:
"826-1-бап. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеудiң мерзiмiн ұзарту
1. Жинақтаушы сақтандыру шартында белгiленген мерзiмде сақтандыру жарнасын (бiрiншi жарнадан басқасын) алмаған сақтандырушы сақтанушыны сақтандыру жарнасын төлеу қажеттiгi туралы хабардар етуге мiндеттi.
2. Хабарламада:
1) сақтандыру жарнасын төлейтiн кезең (сақтандыру сыйлықақысының мерзiмiн ұзарту кезеңi);
2) сақтандыру жарнасын төлеу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн өсiмпұлдың мөлшерi;
3) сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының мерзiмiн ұзарту кезеңi iшiнде сақтандыру жарнасы төленбеген жағдайда шарттың қолданылуын бiржақты тәртiппен тоқтату құқығы болуға тиiс.
3. Сақтандыру сыйлықақысының мерзiмiн ұзарту кезеңi 30 күнтiзбелiк күннен кем болмауға тиiс.
4. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мерзiмiн ұзарту кезеңiнде сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы берешек сомасын ұстай отырып, сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттi.
5. Сақтандыру жарнасын төлеу қажеттiгi туралы хабарлама сақтанушыға оның жiберiлгенiн растауға мүмкiндiк беретiн тәсiлмен жiберiледi.
826-2-бап. Жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуын қалпына келтiру
1. Егер жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуы сақтанушының сақтандыру жарнасын төлемеуi негiзiнде тоқтатыла тұрса немесе тоқтатылса, сақтанушы:
1) жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуы тоқтатылған кезде алынған сатып алу сомасын;
2) мерзiмi өтiп кеткен сақтандыру жарналарын;
3) сақтандыру жарналарын осы Кодекстiң 353-бабында көзделген мөлшерде төлеудiң мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн өсiмпұлды төлеген кезде сақтандырушы шарттың қолданылуын қалпына келтiруге мiндеттi.
2. Сақтанушы шарттың қолданылуы тоқтатылған немесе шарт тараптарының өз мiндеттемелерiн орындауын тоқтата тұрған күннен бастап бiр жыл iшiнде жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуын қалпына келтiруге құқылы.
3. Сақтандырушы жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуын қалпына келтiрген кезде сақтандырылған адамның денсаулық жағдайына медициналық сараптама жүргiзуге құқылы.
Сақтандырылған адамның денсаулық жағдайы айтарлықтай нашарлаған жағдайда сақтандырушы сақтандыру төлемiнiң және (немесе) сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн қайта есептеуге құқылы. Сақтанушы шарттың қолданылуын жаңа талаптармен қалпына келтiруден бас тартқан жағдайда шартты қалпына келтiруге болмайды.
826-3-бап. Бас полистi ресiмдеу жолымен шарт бойынша сақтандыру
1. Сақтанушының сақтандырушымен келісімi бойынша бiртектi мүлiктiң (тауарлардың, жүктердiң және т.с.с.) әр түрлi топтамаларын ұқсас жағдайларда белгiлi бiр мерзiм iшiнде жүйелi сақтандыру сақтандырудың бiр шарты - бас полис негiзiнде, оны сақтанушыға беру жолымен жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Сақтанушы осы баптың 1-тармағында аталған шарттың күшi қолданылатын мүлiктiң әрбiр топтамасына қатысты мұндай шартта көзделген мәлiметтердi сақтандырушыға ол көздеген мерзiмде хабарлауға, ал егер ол көзделмесе, оны алғаннан кейiн дереу хабарлауға мiндеттi. Сақтанушы, тiптi, мұндай мәлiметтердi алған кезде сақтандырушы өтеуге тиiстi шығынның болу мүмкiндiгi iске аспай қалса да, бұл мiндеттен босатылмайды.
3. Сақтанушының талап етуiмен сақтандырушы осы баптың 1-тармағында аталған шарттың күшi қолданылатын мүлiктiң жекелеген топтамалары бойынша сақтандыру полистерiн беруге мiндеттi.
Сақтандыру полисiнiң мазмұны бас полиске сәйкес келмеген жағдайда сақтандыру полисiне басымдық берiледi.";
21) 827-бапта:
1-тармақтағы "сақтандыру төлемiн" деген сөздер "сақтандыру сыйлықақысын" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "сақтандыру өтемi төленген" деген сөздер "сақтандыру төлемі жүзеге асырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 828-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы "сақтандыру өтемiн төлеудi" деген сөздер "сақтандыру төлемiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) сақтанушыны сақтандыру ережелерiмен таныстыруға;";
23) 829-бапта:
2-тармақтың екiншi бөлiгіндегі "сақтандыру өтемiнiң" деген сөздер "сақтандыру төлемiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "сақтандыру өтемдерiн төлеуден" деген сөздер "сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан" деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 830-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"830-бап. Сақтандыру құпиясы
1. Сақтандыру құпиясына сақтандыру сомасының, сатып алу сомасының мөлшерлерi туралы және төленген сақтандыру сыйлықақылары, сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының сақтанушының, сақтандырылған адамның немесе пайда алушының жеке басына қатысты өзге де талаптары туралы мәлiметтер жатады. Таратылу процесіндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты туралы мәлiметтер сақтандыру құпиясына жатпайды.
2. Сақтандыру рыногы кәсiпқой қатысушыларының өздерiнiң кәсiби қызметi нәтижесiнде алған сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi, сақтандыру рыногының басқа кәсiпқой қатысушысына қосарлас сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты ақпарат берген жағдайларды, сондай-ақ осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жария етуге құқығы жоқ.
3. Өздерiнiң қызмет мiндеттерiн жүзеге асыруына байланысты сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi алған лауазымды адамдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкерлерi, сақтандыру брокерлерi, сақтандыру агенттерi және басқа да адамдар оларды жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртiппен жауап бередi.
4. Сақтандыру құпиясын үшiншi адамға сақтанушының (сақтандырылған адамның, пайда алушының) жазбаша келісімi негiзiнде ашуға болады.
5. Сақтандыру құпиясы бар мәлiметтер:
1) сақтанушының (пайда алушының) өкiлiне - нотариатта куәландырылған сенiмхат негiзiнде;
2) анықтау және алдын ала тергеу органына - оның өндiрiсіндегі қылмыстық iстер бойынша;
3) сотқа - сот ұйғарымы негiзiнде оның өндiрiсіндегі iстер бойынша;
4) прокурорға - оның құзыретi шегiнде өзiнiң қарауындағы материалдар бойынша тексеру жүргiзу туралы қаулы негiзiнде;
5) уәкiлеттi мемлекеттік органға - сақтандыру қызметiн қадағалауды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша берiледi.
6. Сақтандыру құпиясы бар мәлiметтер сақтанушы, сақтандырылған адам, пайда алушы қайтыс болған соң:
1) мұрагерлерге;
2) соттарға және нотариустарға - соттың ұйғарымы, қаулысы немесе нотариустың мөрi басылған жазбаша сауалы негiзiнде олардың өндiрiсіндегі мұрагерлiк iстер бойынша берiледi. Нотариустың жазбаша сауалына сақтанушының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi қоса тiркелуге тиiс;
3) шетелдiк консулдық мекемелерге - олардың өндiрiсіндегі мұрагерлiк iстер бойынша берiледi.
7. Сақтандыру қызметiн жүзеге асырудың жалпы шарттары, ұсынылатын сақтандыру қызметтерiнiң тiзбесi, сақтандыру тарифтерi, сақтандыру мерзiмдерi, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының өзге де негiзгi талаптары ашық ақпарат болып табылады және сақтандыру құпиясы мен коммерциялық құпияның нысанасы бола алмайды.
8. Сақтандырушы сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi жария еткен жағдайда сақтанушы (сақтандырылған адам, пайда алушы) келтiрiлген шығынды өтеудi, ал тиiстi жағдайларда - моральдық нұқсанның орнын толтыруды талап етуге құқылы.";
25) 831-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "сақтандыру төлемдерiн" деген сөздер "сақтандыру сыйлықақыларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 832-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгіндегі "үлгi талаптарда (сақтандыру ережелерiнде)" деген сөздер "сақтандыру ережелерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 834-баптың 2-тармағында:
бiрiншi бөлiгiнде "қосымша сақтандыру төлемiн" деген сөздер "қосымша сақтандыру сыйлықақысын" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiгiнде "сақтандырудың қосымша төлемiн төлеуге" деген сөздер "сақтандырудың қосымша сыйлықақысын төлеуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 835-баптың 3-тармағындағы "сақтандыру өтемiн төлеу", "сақтандыру өтемдерiн төлеуден" деген сөздер "сақтандыру төлемi", "сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан" деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 837-баптың 2-тармағы "тек өзiнiң" деген сөздерден кейiн "(топтастырылған жеке сақтандыруды қоспағанда,)" деген сөздермен толықтырылсын;
30) 838-баптың 2-тармағындағы "сақтандыру өтемдерiн төлеу туралы" деген сөздер "сақтандыру төлемiн жүзеге асыру жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 839-бапта:
тақырыптағы "сақтандыру өтемдерiн төлеуден", 1-тармақтың екiншi және үшiншi бөлiктеріндегі "сақтандыру өтемiн төлеуден", 2-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі және 3-тармақтағы "сақтандыру өтемдерiн төлеуден", 5-тармақтағы "сақтандыру өтемiн төлеуден" деген сөздер "сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі "сақтандыру өтемiн төлеуден", 6 және 7-тармақтарындағы "сақтандыру өтемдерiн төлеуден" деген сөздер "сақтандыру төлемiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бiрiншi абзацындағы "сақтандыру өтемiн төлеуден" деген сөздер "сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы "сақтандыру өтемдерiн төлеудi" деген сөздер "сақтандыру төлемiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 840-бапта:
1-тармақтағы "сақтандыру өтемiн төлеген" деген сөздер "сақтандыру төлемiн жүзеге асырған" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "сақтандыру өтемiн" деген сөздер "сақтандыру төлемiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
"сақтандыру өтемiн ... төлеуден" деген сөздер "сақтандыру төлемiн ... жүзеге асырудан" деген сөздермен ауыстырылсын;
"төленген өтем сомасын" деген сөздер "төлеген соманы" деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 842-бапта:
1-тармақтағы "сақтандыру төлемiнiң" деген сөздер "сақтандыру сыйлықақысының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "сақтандыру төлемдерi" деген сөздер "сақтандыру сыйлықақысы не сақтандыру жарналары" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Сақтандыру шартының мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы шарт талаптарының сақтандырушының кiнәсiне байланысты орындалмауынан болған жағдайда, сақтандырушы сақтанушы төлеген сақтандыру сыйлықақысын не сақтандыру жарналарын оған толық қайтаруға мiндеттi.";
34) 844-баптың 1-тармағында:
бiрiншi бөлiгiнде:
"сақтандыру төлемдерiн" деген сөздер "сақтандыру сыйлықақыларын не сақтандыру жарналарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"одан алған сақтандыру өтемiн" деген сөздер "одан алған сақтандыру төлемiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiгiнде:
"сақтандыру төлемдерiн" деген сөздер "сақтандыру сыйлықақыларын не сақтандыру жарналарын" деген сөздермен ауыстырылсын;