10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне қосу арқылы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.
11. Күзет қызметінің субъектілеріне, мамандандырылған оқу орталықтарына, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъектілерге бармай профилактикалық бақылау жылына кемінде бір рет жүргізіледі.
ҚР 22.02.02 ж. № 297-II Заңымен; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.04.07 № 53- ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 21-бап өзгертілді; 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап. Күзет қызметiнiң субъектiлерiн, мамандандырылған оқу орталықтарын есепке алу
Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық құрылымдық бөлiмшелерi күзет қызметiнiң барлық субъектiлерiн, мамандандырылған оқу орталықтарын, сондай-ақ лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру немесе олардан айыру туралы деректердi бiрыңғай есепке алуды жүзеге асырады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 405-VІ ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
22-бап. Күзет қызметi саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау
Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметi саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды заңда белгіленген шекте және нысандарда Қазақстан Республикасының прокуратурасы және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23-бап. Күзет қызметімен, мамандандырылған оқу орталықтарының қызметімен, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждаумен, баптаумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын субъектілердің жауаптылығы
Осы Заңда көзделмеген күзет ұйымдарын, мамандандырылған оқу орталықтарын, күзет дабылы құралдарын монтаждауды, баптауды және оларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды құру немесе олардың қызметі, сондай-ақ осы қызмет түрлерін тиісті рұқсаттарды алмай немесе осы Заңда белгіленген тәртіпті бұза отырып жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының