Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 27 қыркүйектегі № 1464 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24-сәуірдегі № 463 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 14, 142-құжат):
1-тармағындағы "2002" деген сан "2003" деген санмен ауыстырылсын;
4-тармағындағы "2001-2003" деген сандар "2001-2004" деген сандармен ауыстырылсын.
2) "Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын әзірлеу, жүргізу және материалдарын өңдеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 маусымдағы № 830 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 25, 290-құжат):
2-тармағының екінші абзацындағы "2001" деген сан "2002" деген санмен ауыстырылсын;
2-тармағының үшінші абзацындағы "2001 жылдың 1 тамызына дейін" деген сөздер "2002 жылдың 1 шілдесіне дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармағындағы "2001 жылдың 1 қазаны" деген сөздер "2002 жылдың 1 шілдесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармағындағы "2002 жылдың қыркүйегінен бастап" деген сөздер "2003 жылдың қаңтарынан бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармағындағы "2000-2003" деген сандар "2000-2004" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі