Қазақстан Республикасы Yкіметінiң мемлекеттік сатып алу мәселелерi
жөніндегі кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 27 шілдедегі № 1150 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 31 қазандағы № 1158 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
Мемлекеттік сатып алу жөніндегі нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік сатып алу мәселелерi жөніндегі кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттік сатып алуды жүргiзудiң тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы № 1268 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 47, 422-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген, Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттік сатып алуды жүргiзудiң тәртібі туралы нұсқаулықта:
15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ықтимал өнiм берушiлерге қойылатын біліктiлiк талаптары;";
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толыктырылсын:
"15-1. Конкурстық кұжаттаманы жасаған кезде тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) тек қана бiртектес түрлерi мен оларды жеткiзу (жұмыс орындау, қызмет көрсету) орны бойынша бөлiктерге (лоттарға) бөлуге рұқсат етiледi. Бұл ретте конкурстың жеңiмпазы тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) әрбiр лоты бойынша анықталады.";
31-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) заңды тұлғаның мемлекеттік тiркелуiн растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүйеге асыруға құқық беретiн тиiстi мемлекеттік орган берген құжаттың көшiрмесi;";
38-тармақта "ықтимал өнiм берушi ұсынған тауар, жұмыс және қызмет көрсету жеткізілімдерінің" деген сөздер "конкурстық өтінiмнің деген сөздермен ауыстырылсын;
54-тармақтың 6) тармақшасында "өнім берушiлердi және тауар өндiрушiлердi" деген сөздер "өнім берушiлер - тауар өндiрушiлердi" деген сөздермен ауыстырылсын;
60-тармақта:
бірінші абзацында "Отандық ықтимал өнім берушілер мен тауар
өндірушілер" деген сөздер "Тауар өндiрушiлер болып табылатын отандық
ықтимал өнiм берушiлер" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацында "Отандық ықтимал өнiм берушілер мен тауар өндiрушiлерге" деген сөздер "Тауар өндiрушiлер болып табылатын отандық ықтимал өнiм берушiлерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
62-тармақта ", пайдалану сипаттамасы мен өнiмдiлiгi неғұрлым жақсы құрал-жабдықтарды ұсынатын конкурстык өтiнiмге" деген сөздер "отандық ықтимал өнiм берушi - тауар өндірушінің конкурстық өтінімiне, ондайлар жоқ болған жағдайда - сапалық және техникалық сипаттамасы неғұрлым жақсы тауар жеткізілімін ұсынатын немесе жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) орындаудың неғұрлым жақсы шарттарын ұсынатын конкурстық өтінімге" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырудың тиiмдiлiгін арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 13 шiлдедегi № 966 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 34, 304-құжат):
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1)-1 тармақшасымен толықтырылсын:
"1)-1 заңнамада белгіленген тәртiппен жөңіп шыққан конкурстық өтінімді анықтау кезінде екі немесе бірнеше конкурстық өтінімнің жиынтық шартты бағалары тең болған жағдайда отандық ықтимал өнім беруші - тауар өндірушінің конкурстық өтініміне басымдық берсін;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі