Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592
және 1999 жылғы 3 қарашадағы № 1645 қаулыларына өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999
жылғы 8 желтоқсандағы № 1878 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 11 қыркүйектегі № 993 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592 қаулысында:
екінші абзацтың 3-тармағындағы "237" деген сан "252" деген санмен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 1645 қаулысында:
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымындағы:
"Премьер-Министрдің Баспасөз қызметі
Заң бөлімі
Ақпараттық-талдау бөлімі" деген жолдар мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Үкіметтік ақпарат бөлімі
Заңдар, қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі
Жиынтық талдау бөлімі".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі