Қазақстан Республикасы ?кіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1131
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 26 мамырдағы № 798 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі № 995 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
"Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 13 қазандағы № 235 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінiң Аэроғарыш комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1131 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 40, 353-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
атауындағы және мәтiніндегі "Ғылым және жоғары білім министрлігінiң" деген сөздер "Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
кiрiспесіндегі "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылдың 1 сәуiріндегі № 352" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 29 қарашадағы № 1807" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінiң Аэроғарыш комитетi туралы Ережедегi:
атауындағы және мәтiніндегі "Ғылым және жоғары білім министрлігінiң", "Ғылым және жоғары білім министрiнiң", "Ғылым және жоғары білім министрi", "Ғылым және жоғары білiм министрлігі" деген сөздер тиiсiнше "Энергетика, индустрия және сауда министрлігі", "Энергетика, индустрия және сауда министрi", "Энергетика, индустрия және сауда министрi", "Энергетика, индустрия және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың екiншi абзацындағы "екi" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі