Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде әскери
кафедра құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 1 қыркүйектегі № 1282 Қаулысы
(2006.24.05. берілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері қатарынан запастағы офицерлерді даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде аталған университеттің қаражаты есебінен әскери кафедра құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп осы қаулыны іске асыру жөнінде заңдарда көзделген шараларды қабылдасын.
3. "Жоғары оқу орындарының студенттерін (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы ережелерді және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердің (курсанттардың) әскери даярлығы белгіленген жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қазандағы № 1094 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 40, 439-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары оқу орындарының студенттерін (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы ережеде:
17-тармақтың үшінші абзацында:
"әскери кафедрадағы" деген сөздер "әскери кафедралардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті" деген сөздерден кейін "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің" деген сөздермен толықтырылсын;
"Жоғарыда аталған университеттің" деген сөздер "жоғарыда аталған университеттердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі