Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 1999 жылғы 16 наурыздағы N
247 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 10 мамыр N
696
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы консультациялық-кеңесшi органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша кұрылатын жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) тақырыбындағы және 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша құрылатын" деген сөздер алынып тасталсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша құрылатын жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықта:
тақырыбындағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша құрылатын" деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының" және "мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша құрылатын жұмыс топтарын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы" және "мен жұмыс топтарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-бөлiммен және 25-1, 25-2, 25-3, 25-4-тармақтармен толықтырылсын:
"5-1. Жедел жұмыс топтары
25-1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тиiстi орынбасарлары мен Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша, сондай-ақ нақты проблемалар бойынша және түрлi министрлiктер мен ведомстволардың өкiлдерiн тарта отырып кiдiрiссiз және жедел шешудi қажет ететiн мәселелер бойынша ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында жедел жұмыс топтары құрылуы мүмкiн.
Жедел жұмыс топтары өздерiнiң мәртебесi бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң консультативтiк-кеңесшi органы болып табылмайды, олардың арасындағы мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы қызметiнiң тиiстi бағыттары бойынша тиiстi ұсынымдар (ұсыныстар) әзiрлеуге арналған.
25-2. Жедел жұмыс топтарының қызметi, әдетте, қысқа мерзiмдi (3 айдан аз) сипатта болады және тиiстi проблема және/немесе мәселе бойынша бiрмәрте ұсынымдық шешiм қабылдаумен аяқталады.
Жедел жұмыс топтарының құрамына әдетте, жедел жұмыс тобына жүктелген мiндеттердi тiкелей атқарушылар, сондай-ақ олардың келісімi жағдайында мемлекеттік және өзге де ұйымдардың мамандары кiредi.
25-3. Жедел жұмыс топтары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тиiстi орынбасарларының және/немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының шешiмi бойынша құрылады.
Жедел жұмыс тобының құрамын, оның мақсаттары мен мiндеттерiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тиiстi орынбасары және/немесе Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кенсесiнiң Басшысы бекiтедi.
25-4. Жедел жұмыс тобының қызметi осы Нұсқаулықтың 20-тармағында көзделген негiздемелер бойынша тоқтатылады.
Жедел жұмыс тобының қызметiн тоқтатуына әкеп соқтыратын жағдайлар пайда болған кезде, жедел жұмыс тобының жетекшiсi iстелген жұмыстар туралы есеп-хат ұсынады.
Премьер-Министрдiң тиiстi орынбасары және/немесе Премьер-Министр Кенсесiнiң Басшысы жедел жұмыс тобының қорытындыларына келісім бiлдiрген жағдайда, оның қызметi тоқтатылған болып есептеледi".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі