бір жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
47) 386-баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәлiметтерi бар құжаттарды жоғалту».
4. «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiн күшiне енгізу туралы» 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 212-құжат):
4-бапта:
«қоғамдық жұмыстарға тарту,»деген сөздер алып тасталсын;
«Осы Кодекстiң қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазалау туралы ережелерi 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.»деген сөйлеммен толықтырылсын.
5. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат):
1) 33-баптың бірiншi бөлiгiнде «120-бабында (бірiншi бөлiгiнде), 121-бабында (бірiншi бөлiгiнде), 296-бабында (бірiншi бөлiгiнде)»деген сөздер алып тасталсын;
2) 34-баптың бірiншi бөлiгiнде:
«120-бабында (екiншi бөлiгiнде)»деген сөздер алып тасталсын;
«117-бабында (бірiншi және екiншi бөлiктерiнде),»деген сөздерден кейiн «120-бабында (бірiншi бөлiгiнде), 121-бабында (бірiншi бөлiгiнде)»деген сөздермен толықтырылсын;
«229-бабында (бірiншi бөлiгiнде),»деген сөздерден кейiн «296-бабында (бірiншi бөлiгiнде),»деген сөздермен толықтырылсын;
3) 37-баптың бірiншi бөлiгiнiң 6) тармағында «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 67-бабында көзделген жағдайларда жәбірленушiнiң сезiктiмен немесе айыпталушымен ымыраласуы, сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын;
4) 38-баптың бірiншi бөлiгiнiң бірiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот, прокурор, сондай-ақ прокурордың келісімiмен тергеушi немесе анықтау органы тиiстi жағдаяттар болған кезде жәбірленушiнiң сезiктiмен немесе айыпталушымен ымыраласуына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 67-бабында көзделген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнде көзделген ақтамайтын өзге де жағдаяттар бойынша адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық iстi қысқартуға құқылы.»;
5) 40-бапта:
екiншi бөлiгiнiң 4) тармағындағы «тоқтатылған» деген сөз «бұзылған» деген сөзбен ауыстырылсын;
бесiншi бөлiгiндегi «тоқтататын» деген сөз «жоятын», «тоқтатылған» деген сөз «бұзылған» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 53-бапта:
жетiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Анықтау және алдын ала тергеу деректерiнiң құпиялығын сақтау тәртібі осы Кодекстiң 205-бабымен белгiленедi.»;
сегiзiншi бөлiк алып тасталсын;
7) 56-баптың бірiншi бөлiгi «жасалған» деген сөздiң алдынан «процеске қатысушылармен» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 58-баптың бесiншi бөлiгi алып тасталсын;
9) 65-баптың екiншi бөлiгiнiң 4) тармағында «салық, қаржы заңдарының, сондай-ақ лицензиялау туралы заңдарды бұзуға байланысты қылмыстар туралы iстер бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
10) 67-баптың үшiншi бөлiгiнде «39» деген цифр «37» деген цифрмен ауыстырылсын;
11) 73-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекстiң 71-бабының бірiншi бөлiгiнiң 2) - 4), 6) тармақтарында (айыпталушыны тұрақты сот-психиатриялық сараптамаға мәжбүрлеп жiберу кезiнде) көзделген жағдайларда айыпталушының қорғаушыдан бас тартуын қылмыстық процестi жүргiзушi органның қабылдауына болмайды»;
12) 83-баптың үшiншi бөлiгiнде «өзiнiң бастамашылығы бойынша сараптама жүргiзу кезiнде белгiлi болған, iс үшiн маңызы бар мән-жайларды қорытындыда көрсетуге» деген сөздер «сараптаманы тағайындаған органның (адамның) келісімi бойынша өз құзыретi шегiнде тек алдына қойылған мәселелер бойынша ғана емес, сонымен бірге iс үшiн маңызы бар және өз бастамашылығымен анықталған өзге мән-жайлар бойынша да қорытынды беруге» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 84-баптың екiншi бөлiгiнде «көрсету арқылы iстiң материалдарына» деген сөздерден кейiн «объектiлердiң толық немесе iшiнара жойылуына не сыртқы түрiнің немесе негiзгi қасиеттерiнiң өзгеруiне әкеп соқпайтын» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 96-бапта:
бірiншi бөлiкте:
2) тармақта «не маманға» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақтағы «байқалса» деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып, «қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатыса алмайды.»деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 5) тармақпен толықтырылсын:
«5) егер ол iске, осы Кодекстiң 224-бабына сәйкес сот медицинасы саласындағы дәрiгер-маман ретiнде адамның мәйiтiн қарауға қатысу жағдайларын қоспағанда, маман ретiнде қатысса, қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатыса алмайды.»;
екiншi бөлiгiнде «Егер ол осы iске маман ретiнде қатысса, сарапшыға қарсылық бiлдiру үшiн негiз болып табылмайды» деген сөздер алып тасталсын;
15) 110-бапта:
бесiншi және алтыншы бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Судьяның осы баптың ережелерiне сәйкес шығарған қаулысына ол жария етiлген кезден бастап үш тәулiк iшiнде осы баптың бірiншi бөлiгiнде аталған адамдар, жәбірленушi және оның өкiлi шағымдана алады, сондай-ақ судьясы қаулы шығарған сот арқылы облыстық және оған теңестiрiлген сотқа прокурор наразылық келтiре алады. Шағым беру немесе наразылық келтiру сезiктiнi, айыпталушыны қамаудан босату туралы сот қаулысының орындалуын тоқтата тұрады. Шағымдану мерзiмi өткеннен кейiн шағым, наразылық бiлдiрiлген iс осы баптың бірiншi бөлiгiнде аталған адамдарға және прокурорға бұл туралы хабарлана отырып, облыстық немесе оған теңестiрiлген сотқа жiберіледi. Облыстық немесе оған теңестiрiлген соттың судьясы шағымды, наразылықты осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген ережелер мен мерзiмдi сақтай отырып қарайды және шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдырып, қалалық (аудандық) сот судьясының қаулысын күшiнде қалдыру туралы; қалалық (аудандық) сот судьясы қаулысының күшiн жойып, прокурор санкция берген бұлтартпау шараларын қалдыру немесе айыпталушының қамауда болу мерзiмiн ұзарту туралы; қалалық (аудандық) сот судьясының таңдаған бұлтартпау шараларының күшiн жойып немесе оны барынша жұмсарту жағына қарай өзгерте отырып, олардың қаулысының күшiн жою туралы шешiмдердiң біреуiн шығарады. Облыстық немесе оған теңестiрiлген сот судьясының қаулысы түпкiлiктi болып табылады, шағымдануға және наразылық келтiруге жатпайды.
6. Шағымданудың немесе наразылық келтiрудiң осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген мерзiмi бiткен соң, не жоғары тұрған соттың судьясы iстi қарағаннан кейiн шағым жасалса немесе наразылық келтiрiлсе, судья қаулысының көшiрмесi прокурор мен арызданушыға, ал сезiктi, айыпталушы қамаудан босатылатын жағдайда - дереу орындау үшiн адамды қамауда ұстап отырған орынның әкiмшiлiгiне жiберiледi.»;
жетiншi бөлiкте «Шағым» деген сөздiң алдынан «Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдардың» деген сөздермен толықтырылып, «Шағым» деген сөз «шағымы» деген сөзбен ауыстырылсын;
16) 137-бап «ұсталады.»деген сөзден кейiн «Қылмыс жасады деген сезiкпен ұсталған әскери қызметшiлер мен жазасын бас бостандығынан айыру түрiнде өтеп жүрген адамдар тиiсiнше абақтыларда және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны орындайтын қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде де ұсталуы мүмкiн. Осы Кодекстiң 65-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда қылмыс жасады деген сезiкпен ұсталғандар анықтау органының бастығы ұйғарған арнайы бейiмделген үй-жайларда ұсталады.»деген сөйлеммен толықтырылсын;
17) 150-баптың жетiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Прокурордың қамауға алуға санкция беруден бас тартуына жоғары тұрған прокурорға шағым берілуi мүмкiн. Прокурор осы бұлтартпау шарасын қолдануға санкция беруден бас тартқаннан кейiн, сондай-ақ осы Кодекстiң 110-бабында көзделген тәртiппен судья бұл бұлтартпау шарасын бұзғаннан кейiн нақ сол адамды, нақ сол iс бойынша қамауға алу жөнiнде санкция берудi сұрап, прокурорға қайталап өтiнiш жасау сол адамды қамауға алу қажеттiлiгiн негiздейтiн жаңа мән-жайлар пайда болған кезде ғана мүмкiн болады.»;
18) 158-баптың екiншi бөлiгiнде:
«Келмеудiң» деген сөз «Шақырту туралы тиiсiнше хабарланған адамның келмеуiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
«шақыру қағазын алмауы» деген сөздер алып тасталсын;
19) 165-баптағы «құқығынан айырмайды» деген сөздердiң алдынан «және азаматтық талапкер деп тану туралы өтiнiш бiлдiру» деген сөздермен толықтырылсын;
20) 184-бапта «жиырма төрт сағаттан» деген сөздер «үш тәулiктен» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 192-бапта:
екiншi бөлiкте:
«228-232» деген цифрлар «228, 229, 230-баптарында (екiншi бөлiгiнде), 231, 232» деген сөздермен ауыстырылсын;
«295-бабында» деген сөзден кейiнгi»(екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)»деген сөздер алып тасталсын;
үшiншi бөлiктегi «210» деген цифр алып тасталсын;
22) 223-баптың төртiншi бөлiгiндегi «Негiздер болған кезде олар иесiне тегi мен сапасы жағынан бара-бар заттармен қайтарылады немесе иесiне оның құны төленедi» деген сөйлем «Сақталуы айтарлықтай материалдық шығын жұмсауды қажет ететiн заттай дәлелдемелер, егер иесiне қайтарылып берiлуi мүмкiн болмаса оның келісімiмен алынған соманы қылмыстық процестi жүргiзушi органның депозитiне сала отырып, заңдарда белгiленген тәртiппен сатылады. Негiздер болған жағдайда пайдаланылған немесе сатылған заттай дәлелдемелер сол секілдi және сондай сападағы заттармен қайтарылып берiледi немесе иесiне олардың құны төленедi.»деген сөйлемдермен ауыстырылсын;
23) 241-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақпен толықтырылсын:
«3-1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде өлiм жазасы түрiндегi жаза көзделген қылмысты жасаған айыпталушының психикалық жай-күйiн»;
24) 243-баптың бірiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот сараптамасын жүргiзу:
сот сараптамасы органдарының қызметкерлерiне; лицензия негiзiнде сот-сараптама қызметiн жүзеге асырып жүрген адамдарға; бір жолғы тәртiппен - осы Кодекстiң 83-бабының бірiншi бөлiгiнде көрсетiлген талаптарға сай келетiн өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкiн.;
25) 255-бапта:
1-бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қосымша сараптама қорытынды толық немесе жеткiлiктi түрде айқын болмаған, сондай-ақ осының алдындағы зерттеумен байланысты қосымша мәселелердi шешу қажет болған жағдайда тағайындалады.»;
үшiншi бөлiк «болған» деген сөзден кейiн «не сараптаманы тағайындау мен жүргiзудің iс жүргiзу нормалары елеулi түрде бұзылған» деген сөздермен толықтырылсын;
26) 268-бапта:
бірiншi бөлiктегi «тергеушiнiң» деген сөз «қылмыстық iзге түсу органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Алдын-ала тергеу прокурордың немесе судьяның iстi тоқтата тұру туралы қаулының күшiн жоюына байланысты қылмыстық iзге түсу органының дәлелдi қаулысымен де қайтадан басталады.»;
27) 285-бапта:
екiншi бөлiкте:
«108» деген цифрдан кейiнгi»(екiншi бөлiгiнде») деген сөздер алып тасталсын;
«251» деген цифрдан кейiн»(бірiншi және төртiншi бөлiктерiнде)»деген сөздермен толықтырылсын;
«252» деген цифрдан кейiнгi»(бірiншi және екiншi бөлiктерiнде)»деген сөздер»(бірiншi және төртiншi бөлiктерiнде)»деген сөздермен ауыстырылсын;
«295 (бірiншi бөлiгiнде)»деген сөздер алып тасталсын;
«360,»деген цифрдан кейiн «362 (үшiншi бөлiгiнде),»деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы бөлiктегi «362» деген цифрдан кейiн»(бірiншi және екiншi бөлiктерiнде)»деген сөздермен толықтырылсын;
28) 290-баптың үшiншi бөлiгi алып тасталсын;
29) 292-баптың жетiншi бөлiгi «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты» деген сөздерден кейiн «тиiстi сот сатысында» деген сөздермен толықтырылсын;
30) 299-баптың екiншi бөлiгiндегi «осы Кодекстiң 301-бабының талаптарын сақтай отырып» деген сөздер алып тасталсын;
31) 301-бапта:
бірiншi бөлiк «үшiн» деген сөзден кейiн «iс сотқа түскен кезден бастап он тәулiк iшiнде» деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiктiң 1) тармағы «заңының» деген сөзден кейiн «басты сот талқылауын тағайындауға кедергi келтiретiндей дәрежеде» деген сөздермен толықтырылсын;
32) 302-баптың төртiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Басты сот талқылауы тараптарға сот отырысының болатын орны мен басталатын уақыты хабарланған кезден бастап кемiнде үш тәулiктен кейiн және оның тағайындалуы туралы қаулы шығарылған кезден бастап он бес тәулiктен кешiктiрiлмей басталуға тиiс. Ерекше жағдайларда бұл мерзiм судьяның қаулысымен ұзартылуы мүмкiн, бірақ ол отыз тәулiктен аспауға тиiс.»;
33) 303-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«303-бап. Қылмыстық iстi қосымша тергеу үшiн қайтару
1. Судья iстi тараптың өтiнiшi бойынша:
1) егер ол қаралып отырған iспен байланысты болып, iсте айыпталушыға басқа айып тағуға негiздердiң болуы немесе егер олардың әрекетi қаралып отырған iспен байланысты болып, басқа адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тартуға негiздер болса және жаңа адамдарға қатысты iстi жеке қарау мүмкiн болмаса;
2) айыптау актiсiнде көрсетiлген айыптауды бастапқы тағылған айыптаудан неғұрлым ауыр немесе елеулi түрде өзгеше айыптауға өзгерту қажеттiгi болған жағдайларда қосымша тергеуге жiберуге құқылы.
2. Судья iстi алдын ала тыңдауды өткізу нәтижелерi бойынша тараптың өтiнiшi бойынша да, өз бастамашылығы бойынша да iс дұрыс бірiктiрiлмеген немесе бөлiнбеген, не басты сот талқылауын тағайындауға кедергi келтiретiн қылмыстық iс жүргiзу заңын басқа да елеулi бұзушылық анықталған жағдайларда, басты сот талқылауын тағайындамай-ақ iстi қосымша тергеуге жiберуге құқылы.
3. Іс қосымша тергеуге прокурор арқылы жiберiледi. Бұл ретте судья қаулыда iстiң қандай негiз бойынша қайтарылып отырғанын көрсетуге, сондай-ақ айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасы туралы мәселенi шешуге мiндеттi.»;
34) 324-бап мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
«Iс осы Кодекстiң 38-бабының бірiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша да басты сот талқылауында қысқартылуы мүмкiн.»;
35) 329-бап «тараптар» деген сөзден кейiн», сондай-ақ осы Кодекстiң 328-бабының сегiзiншi бөлiгiнде көрсетiлген өзге де адамдар» деген сөздермен толықтырылсын;
36) 330-баптың бірiншi бөлiгi «төрағалық етушi» деген сөздерден кейiн», ал ол ұзақ уақыт бойы болмаған кезде осы соттың басқа судьясы» деген сөздермен толықтырылсын;
37) 351-баптың екiншi бөлiгi «көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн жауаптылығын түсiндiредi.»деген сөздерден кейiн «Куәға, сондай-ақ осы Кодекстiң 82-бабында көзделген оның басқа да құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiледi.»деген сөйлеммен толықтырылсын;
38) 371-баптың бірiншi бөлiгiнiң 8) тармағы «босатуға» деген сөзден кейiн «не қылмыстық жазаны өтеудi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 72-бабында және 74-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда кейiнге қалдыру туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
39) 375-баптың жетiншi бөлiгi «сот» деген сөзден кейiн «iстi тоқтатады немесе тараптардың өтiнiшi бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
40) 380-баптың үшiншi бөлiгi «жаза тағайындалмай шығарылған» деген сөздерден кейiн «немесе жазасын өтеудi кейiнге қалдыру қолданылған» деген сөздермен толықтырылсын;
41) 388-баптың бірiншi бөлiгi мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
«Қажет болған жағдайда сот қылмыстың салдарынан жәбірленушiнiң ауыр жарақат алуына немесе қайтыс болуына байланысты оның қараусыз қалған кәмелетке толмаған балаларын, еңбекке жарамсыз ата-аналарын, қамқорлығындағы басқа да адамдарды орналастыру туралы, сондай-ақ жәбірленушiнiң мүлкi мен тұрғын үйiн қорғау туралы қаулы шығарады.»;
42) 393-баптың екiншi бөлiгiндегi «он» деген сөз «он бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
43) 395-баптың бірiншi бөлiгi:
«туыстары» деген сөз «жақын туыстары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Iс, сондай-ақ осы Кодекстiң 38-бабының бірiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша да қысқартылуы мүмкiн.»деген сөйлеммен толықтырылсын;
44) 400-баптың бірiншi бөлiгi «судья» деген сөзден кейiн», ал ол ұзақ уақыт бойы болмаған кезде осы соттың басқа судьясы» деген сөздермен толықтырылсын;
45) 402-баптың үшiншi бөлiгi «Прокурордың наразылығын жоғары тұрған прокурор да керi қайтарып алуы мүмкiн.»деген сөздермен толықтырылсын;
46) 403-баптың екiншi бөлiгiнде:
«қатысты» деген сөздiң алдынан», осы Кодекстің 10-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетілген мәселелерге» деген сөздермен толықтырылсын;
бұлтартпау шараларын таңдауға, өзгертуге немесе жоюға» деген сөздер алып тасталсын;
47) 404-баптың екiншi бөлiгiндегi «осы Кодекстiң 417-бабының үшiншi бөлiгiнде» деген сөздер «осы Кодексте» деген сөздермен ауыстырылсын;
48) 426-баптағы «ұйғарымы бойынша» деген сөздер «қаулысымен» деген сөзбен ауыстырылсын;
49) 428-баптың үшiншi бөлiгi «Прокурордың кассациялық сатыдағы сот отырысына қатысуы мiндеттi.»деген сөйлеммен толықтырылсын;
50) 430-бапта:
бесiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Баяндамашы-судьяның хабарламасынан кейiн сотталған немесе ақталған адамға, оның қорғаушысына, жәбірленушiге және оның өкiлiне, жеке айыптаушыға, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкiлдерiне, егер бұл адамдар кассациялық сатының отырысына қатысып отырса, сондай-ақ прокурорға iс бойынша өздерiнiң позицияларын баяндау үшiн сөз берiледi. Сөз сөйлеу кезектілiгiн сот iстi қарауға қатысушы тараптардың пiкiрлерiн ескере отырып белгiлейдi.»;
жетiншi бөлiк «Судьялардың кеңесуiнiң және шешiмдер қабылдауының тәртібі осы Кодекстiң 370 және 373-баптарының ережелерiмен белгiленедi.»деген сөйлеммен толықтырылсын;
51) 431-бапта:
5) тармақтағы «бірiншi бөлiгiнде» деген сөздер «бірiншi және екiншi бөлiктерiнде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақпен толықтырылсын:
«6) осы Кодекстiң 387-бабында көрсетiлген мән-жайлар анықталған кезде жеке қаулы шығарады.»;
52) 432-баптың 1) тармағындағы «анықтаудың, алдын-ала немесе» деген сөздер алып тасталсын;
53) 433-бапта:
атауындағы «Анықтаудың, алдын-ала немесе» деген сөздер алып тасталсын;
бірiншi бөлiктегi «қалдырған анықтау, алдын-ала немесе сот тергеуi» деген сөздер «қалдырған сот тергеуi» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiкте:
«анықтау, алдын-ала немесе» деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақтағы «қосымша тергеу жүргiзуге немесе» деген және «немесе судьяның» деген сөздер алып тасталсын;
54) 439-баптың екiншi бөлiгiндегi «ақталушының кiнәсiздiгi» деген сөздерден кейiн «немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге шешiмнiң мәнi» деген сөздермен толықтырылсын;
55) 443-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сот осы баптың бірiншi бөлiгiнiң талаптарын сақтай отырып қаулының қорытынды бөлiгiн шығара алады. Бұл жағдайда қаулының дәлелдi бөлiгiн судьялар жетi күн мерзiм iшiнде әзiрлейдi және оған қол қояды.»;
56) 444-баптың бірiншi бөлiгi «Iстi қосымша тергеуге жiберу кезiнде кассациялық сатыдағы қаулы iспен бірге тиiстi прокурорға жiберiледi. Бұл жағдайда үкiмдi шығарған сотқа кассациялық сот қаулысының көшiрмесi жiберiледi.»деген сөйлемдермен толықтырылсын;
57) 453-бап мынадай мазмұндағы 13) тармақпен толықтырылсын:
«13) сотталған адамның қайтыс болуына байланысты iс жүргiзудi қысқарту туралы»;
58) 461-баптың екiншi бөлiгiндегi «бір ай» деген сөздер «алты ай» деген сөздермен ауыстырылсын;
59) 467-бапта:
бірiншi бөлiк «Прокурордың қадағалау сатысының сот отырысына қатысуы мiндеттi.»деген сөйлеммен толықтырылсын;
алтыншы бөлiк «нәтижесiнде сот» деген сөздерден кейiн «осы Кодекстiң 370 және 373-баптарының талаптарын сақтай отырып» деген сөздермен толықтырылсын;
60) 507-баптың бірiншi бөлiгiндегi «тыйым салу» деген сөздер «бұлтартпау» деген сөзбен ауыстырылсын;
61) 509-баптың бірiншi бөлiгiндегi «Тыйым салу» деген сөздер «Бұлтартпау» деген сөзбен ауыстырылсын;
62) 514-бапта:
үшiншi бөлiктiң бірiншi сөйлемiндегi «тоқтату» деген сөз «қысқарту» деген сөзбен ауыстырылсын;
бесiншi бөлiгiнiң 3) тармағындағы «тоқтатады» деген сөз «қысқартады» деген сөзбен ауыстырылсын;
63) 518-бап «Осы Кодекстiң 511-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адам соттың iс қарауына қатысқан жағдайда ол, егер сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша оның ауруының сипаты мен ауыртпалығы бұған бөгет жасамаса, сот қаулысына шағымдануға құқылы.»деген сөйлеммен толықтырылсын.
6. «Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiн күшiне енгізу туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 23, 336-құжат):
5-баптағы «2000 жылғы 1 қаңтардан» деген сөздер «2003 жылғы 1 қаңтардан» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат):
1) 1-баптың 6) тармақшасы». Тiзiмге заңсыз сақталуда жатқаны немесе айналымда жүргені анықталған есiрткi, психотроптық заттарды шағын, iрi және өте iрi мөлшерге жатқызу туралы Жиынтық кесте енедi.;»деген сөйлеммен толықтырылсын;
2) 2-баптың 2) тармағы «Қазақстан Республикасында бақылауға жататын» деген сөздерден кейiн», заңсыз сақталуда жатқаны немесе айналымда жүргенi анықталған есiрткi, психотроптық заттарды шағын, iрi және өте iрi мөлшерге жатқызу туралы Жиынтық кестенi қамтитын» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Есiрткi және психотроптық заттарды, прекурсорларды сараптама және криминалистика қызметiнде пайдалану
Осы Заңның 18-бабында көрсетiлген лицензиясы бар заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген сот-сараптама қызметiн жүзеге асырудың өзге де талаптары сақталған жағдайда есiрткi заттар мен прекурсорларды пайдалана отырып не соңғысын анықтау үшiн сараптама жүргiзуге рұқсат етiледi. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдалана отырып не соңғыларын анықтау үшiн сот сараптамасы мемлекеттік органының сараптама жүргiзуі, сондай-ақ iшкі iстер және ұлттық қауіпсiздік органдарының жедел-криминалистiк бөлiмшелерiнiң криминалистiк зерттеулер жүргiзуi лицензиялаусыз жүзеге асырылады»;
4) 26-баптың тақырыбындағы «заңдастыру» деген сөз «заңдастыру үшiн жауаптылық» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 30-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымы нәтижесiнде алынған кiрiстердi заңдастыру (iзiн жасыру) мақсатында заңды тұлғаның қаржы операциясын жүзеге асыру фактiсi анықталған жағдайда аталған заңды тұлға сот шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн, ал оның басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердiң және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимылды жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттік органдар, осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сотқа заңды тұлғаны тарату туралы талап-арыз қоюға құқылы.».
8. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат):
1) 69-бапта:
4-тармақ «жазасын өтейдi» деген сөздердiң алдынан «және қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немесе бас бостандығын шектеу алты айға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдар» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
«мәжбүрлеп» деген сөзден кейiн «және мiндеттi» деген сөздермен толықтырылсын;
«1 және 3-тармақтарында» деген сөздер «1 және 4-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 97-баптың 2-тармағы «мәжбүрлеп» деген сөзден кейiн «және мiндеттi» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 111-баптың 1-тармағының үшiншi абзацындағы «екi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерiнде тәртiптiк айыппұл;»деген қазақша мәтiндегi тiркес дұрыс;
4) 169-баптың 10-тармағы алып тасталсын;
5) 171-бапта:
1-тармақтағы «сот» деген сөзден кейiн «тиiсiнше бір жылға дейiнгi мерзiмге немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы «сотталған әйелдi босату туралы ұсыныс» деген сөздер «сотталған әйелге жазаны қолдануды кейiнге қалдыру туралы ұсыныс немесе оның тиiстi өтiнiшiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Ұсынысқа» деген сөз «Оған» деген сөзбен ауыстырылсын.
9. «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiн күшiне енгізу туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 338-құжат):
4-бапта:
«қоғамдық жұмыстарға тарту,»деген сөздер алып тасталсын;
«Осы Кодекстiң қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазалау туралы ережелерi 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.»деген сөйлеммен толықтырылсын.
10. «Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiн күшiне енгізу туралы» 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 645-құжат):
4-баптағы «2000 жылғы 1 қаңтардан» деген сөздер «2003 жылғы 1 қаңтардан» деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының