8. Индикативтiк жоспарлардың iске асырылуын бақылау
31. Министрлiк ағымдағы индикативтiк жоспарлардың iске асырылуын бақылауды жүзеге асырады.
32. Министрлiк елдiң әлеуметтiк-экономикалық даму жағдайы мен ?кіметтiң Iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөніндегі Iс-шаралар жоспарының орындалуы туралы Үкiметке тоқсан сайын ақпарат берiп отырады және жекелеген iс-шараларды түзеу жөнiнде белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзедi.
33. ?кімет экономиканың және әлеуметтiк саланың даму жағдайы және аса маңызды проблемаларды шешу жөнiнде қабылданатын шешiмдер туралы Қазақстан Республикасының Президентiн хабардар етiп отырады.