Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
министрлігінің жекелеген мәселелері Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 29 қарашадағы № 1807 қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзыретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы № 235 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 25.01.01 ж. № 133 қаулысымен 1-тармақтың күші жойылды
1.
2. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 657 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 22, 224-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақтың күші жойылды деп танылсын;
2) 2-тармақ мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
"7) Атом энергетикасы жөніндегі комитет;
8) Аэроғарыш комитеті";
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы; 27 мамырдағы № 657 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 шілдедегі № 968 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, № 1999 ж., № 34, 305-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1268 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 43, 293-құжат) 5-тармағының 2) тармақшасы.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі