"Сәкен Сейфуллин атындағы республикалық көпшілік кітапхана" мемлекеттік
мекемесін құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10
қарашадағы № 1678 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының филиалы - Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы кітапхананың жұмысын жетілдіру және ақпараттық базасын кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының филиалы - Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы кітапхананың базасында "Сәкен Сейфуллин атындағы республикалық көпшілік кітапхана" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Кітапхана) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) Кітапхананың жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Кітапхананы қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне көзделген қаржы есебінен және оның шегінде, 24 "Ақпараттың республикалық деңгейде жалпы көпшіліктің қолы жетімді болуын қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. "Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі жүйесінің ұйымдарын басқаруды жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы № 256 қаулысының 4-тармағының он екінші абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 9, 64-құжат) алынып тасталсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі