Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 ж. 6 қарашадағы № 1667 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 11 қыркүйектегі № 993 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережедегі:
18-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Премьер-Министр Кеңсесінің мына қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады:
1) Кеңсе Басшысының орынбасарлары;
2) құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері;
3) Премьер-Министрдің көмекшілері мен кеңесшілері;
4) құрылымдық бөлімше жетекшілерінің орынбасарлары;
5) бас инспекторлары.
Премьер-Министр Кеңсесінің басқа қызметкерлерін Кеңсенің Басшысы заңдарға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.";
20-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі