Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы"
заң күші бар Жарлығына толықтырулар енгізу туралы
1999 жылғы 4 қазандағы № 469-I Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 66-құжат; № 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 183-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 429-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) 8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Құрылтайшының (уәкілетті органның) мемлекеттік кәсіпорындарға мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын беруіне жол берілмейді.";
2) 40-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазыналық кәсіпорындар монополиялық жолмен өндіретін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге) бағаларды көтеруге жол бермеу мақсатында оларды мемлекеттік реттеуді бағалар мен тарифтерді реттеу жөніндегі орталық атқарушы органмен келісе отырып уәкілетті орган жүргізеді.".
Қазақстан Республикасының
Президенті | | | | | | | | | Н.Ә. Назарбаев |