Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592
қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 9 қыркүйектегі № 1353 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 11 қыркүйектегі № 993 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592 қаулысына мынадай толықтыру және өзгеріс енгізілсін:
1) 2-тармақтағы «екі» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) Аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымындағы «Басшылық» деген сөзден кейін «Үкіметтік ақпарат бөлімі» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі