28) 57-бапта:
"берiлген және", "Лицензиялар мен" деген сөздер алып тасталсын.
Мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Осы баппен белгiленген кепiлдiктер қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз ету, ұлттық қауiпсiздiк саласындағы, экологиялық қауіпсiздiк, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының өзгерiсiне қолданылмайды.";
29) 58-баптың 1-тармағындағы "Лицензия беруге, мерзiмiн ұзартудан бас тартуға, қолданылуын тоқтата тұруға және оны қайтарып алуға" деген сөздер алып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж, № 8-9, 236-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат, № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж, № 14, 201-құжат; № 16, 219-құжат; № 17-18, 222, 225-құжаттар; № 23, 416-құжат; № 24, 452-құжат):
9-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы "құбырларды" деген сөзден кейiн "және мұнай мен газ бұрғылау жұмыстарын" деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Өтпелi және қорытынды ережелер
1. Осы Заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енгiзiледi.
2. 55-баптың 3-1-тармағы 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiледi.
3. Осы Заң күшiне енгiзiлген кезге дейiн берiлген жер қойнауын пайдалану жәніндегі барлық лицензиялар, ұзарту кезеңдерiн қоса алғанда, мұндай лицензияларды беру кезiнде қолданылған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өздерiнiң қолданылу мерзiмi өткен кезге дейiн өз күшiн сақтайды. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі лицензияларды тоқтата тұруға, қайтарып алуға, қолданылуын тоқтатуға, сондай-ақ оларды жарамсыз деп тануға қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1999 жылғы 27 қаңтардағы заң күшi бар Жарлығының нормалары осы Заңға сәйкес қабылданған өзгерістер мен толықтырулар ескерiлмей қолданыла бередi.
Жер қойнауын пайдалану Құқығын алуға арналған инвестициялық бағдарламардың конкурсына қатысуға өтініш беруші берілген Лицензияға сәйкес бұрын Барлау жүргізген жағдайда, мұндай өтініш беруші Барлауға арналған Лицензияның деректерін және, егер өтініш берушіде оны пайдаланудың нәтижелері бар болса, конкурстық ұсынысында оны көрсетуге міндетті.
Қазақстан Республикасының