9) 2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы мен мәтініндегі «құралдарын тарату», «құралдарын таратуды», «құралы таратуға» деген сөздер тиісінше «құралдарының өнімін тарату», «құралдарының өнімін таратуды», «құралдарының өнімін таратуға» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
3-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін тарату
03.05.01 ж. № 181-II ҚР Заңымен;19.12.03 ж. № 509-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 14-бап өзгертілді
14-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін тарату
1. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратуды меншік иесінің шешімі бойынша оның өзі не шарт негізінде немесе өзге де заңды негіздерде редакция, баспагер, сондай-ақ ұйымдар мен азаматтар жүзеге асырады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Бұқаралық ақпарат құралдарына бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін дайындау, жариялау, қайталап көрсету және тарату кезінде мынадай жағдайларда:
2020.25.05. № 334-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) егер осы адам ойын-сауық мәдени-бұқаралық, мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар, спорттық-бұқаралық іс-шараларда, бейбіт жиналыстарда және өзге де жария іс-шараларда болса немесе оларға қатысса;
2) егер таратылатын ақпаратта адамның бет-бейнесі және осы адамның қызметтік жұмысымен және (немесе) жария қызметімен байланысты мәліметтер қамтылса, сондай-ақ оны адамның өзі, оның заңды өкілі немесе уәкілетті тұлға қолжетімділігі шектелмеген көздерде жарияласа;
3) егер бейнеленетін адамды пайдалану конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында жүзеге асырылатын болса, бейнеленетін адамның келісімі талап етілмейді.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ); 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын:
1) стационарлық емес үй-жайларда;
2) мөлдiр ораммен буып-түйiлмеген күйiнде;
3) білім беру ұйымдарының, балалар мекемелерінің, ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) үй-жайларында және аумақтарында;
4) жасы он сегізге толмаған адамдарға бөлшек саудада сатуға тыйым салынады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1. Субъектілер эротикалық сипаттағы материалдарды орналастыратын мерзімді баспасөз басылымдарын немесе интернет-ресурстарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бұл туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
2007.18.06 № 264-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Алкоголь өнімдерін, алкогольді сусындарды имитациялайтын өнімді жарнамалауға тыйым салынады.
Темекі және темекі бұйымдарын жарнамалауға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісін және (немесе) атауын жарнамалау «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
3-1. 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды
3-2. Жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды қамтитын ақпаратты орналастыруға тыйым салынады.
2014.17.01. № 166-V ҚР Заңымен 3-3-тармақпен толықтырылды
3-3. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметін жарнамалауға тыйым салынады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3-4-тармақпен толықтырылды
3-4. Бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникация желілерінде ата-анасы және өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, адамның дербес және биометриялық деректерін, мыналар:
1) құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен бала;
2) әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айып тағылған кәмелетке толмағандар туралы, олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты таратуға тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының күші ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, ауыр және (немесе) аса ауыр қылмыстарды жасауда сот кінәлі деп таныған кәмелетке толмағандарға қолданылмайды.
Осы тармақта белгіленген шектеулер осы Заңның 25-бабы 2-2-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларға қолданылмайды.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 3-5-тармақпен толықтырылды
3-5. Бағаны (тарифтерді, бағалауларды, мөлшерлемелерді) теңгемен көрсетпей, өткізу мақсатында тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы ақпаратты орналастыруға тыйым салынады.
4. Заңды негіздерде жүзеге асырылатын бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратуға жеке немесе заңды тұлғалар, сол сияқты мемлекеттік органдарды лауазымды адамдары тарапынан кедергі жасауға, заңсыз тәркілеуге, сондай-ақ таралымын немесе оның бiр бөлiгiн жоюға заңды күшіне енген шешімi негiзiнде болмаса жол берiлмейдi.
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен 15-бап өзгертілді
15-бап. Шығарылым деректерi
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мерзiмдi баспасөз басылымының әрбiр шығарылымында мынадай мәлiметтер қамтылуға тиiс:
1) мерзiмдi баспасөз басылымының атауы;
2) мерзiмдi баспасөз басылымының меншiк иесi;
3) бас редактордың (редактордың) тегi және инициалдары;
4) есепке қою немесе қайта есепке алу туралы куәлiктiң нөмiрi мен берiлген күнi және оны берген органның атауы;
5) басылымның мерзiмдiлiгi;
6) мерзiмдi баспасөз басылымының рет нөмiрi мен жарық көрген күні;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7) осы шығарылымның таралымы;
8) баспахананың атауы, оның мекенжайы және редакцияның мекенжайы.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Ақпараттық агенттіктер және желілік басылымдар арнайы мақсаттағы бөлімде:
1) ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның атауын;
2) ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның меншік иесінің тегі мен инициалдарын немесе атауын;
3) бас редактордың (редактордың) тегі мен инициалдарын;
4) есепке қою немесе қайта есепке алу туралы куәліктің нөмірі мен берілген күнін және оны берген органның атауын;
5) редакцияның байланыс деректерін (пошталық мекенжайын, телефон нөмірін, электрондық поштасының мекенжайын) орналастыруға міндетті.
2. Бұқаралық ақпарат құралы эфирге әрбiр шыққан сайын, ал үздiксiз хабар таратқан жағдайда тәулiгiне кемiнде төрт рет өзiнiң атауын жариялап отыруға мiндеттi.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бап жаңа редакцияда
16-бап. Мерзiмдi баспасөз басылымдарының мiндеттi даналары және теле-, радиобағдарламалардың материалдарын сақтау
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі мерзiмдi баспасөз басылымдарының, оның ішінде осы Заңның 12-бабына орай есепке қоюдан босатылғандарының мiндеттi тегiн даналарын не олардың бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық-цифрлық нысандарын олар шығарылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде ұлттық кiтапханаларға, Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына жiбереді.
Мерзімді баспасөз басылымдарының, оның ішінде осы Заңның 12-бабына орай есепке қоюдан босатылғандарының міндетті тегін даналарының бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық-цифрлық нысандары олар шығарылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың «орталық» мәртебесі берілген мемлекеттік кітапханасына жiберіледi.
Мерзiмдi баспасөз басылымдарының, оның iшiнде осы Заңның 12-бабына орай есепке қоюдан босатылғандарының бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған мiндеттi тегiн даналарының электрондық-цифрлық нысандары олар әзiрленген күнi уәкiлеттi органға жiберіледi.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарының (теле-, радиоарналардың) редакциялары өздерінің эфирге шығарылған теле-, радиобағдарламаларының жазбаларын алты ай бойы сақтауға, сондай-ақ оларды өзiнiң эфирлiк жұмысының тiркеу журналында тіркеуге және оны осы журналда соңғы жазба жасалған кезден бастап кемiнде бiр жыл сақтауға мiндеттi. Тарихи немесе мәдени құндылығы бар жазбалар Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасында айқындалатын тәртiппен сақталады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Уәкілетті орган мерзiмдi баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастырады.
4-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының азаматтармен және ұйымдармен қатынасы
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
17-бап. Авторлық туындылар мен хаттар
1. Редакция, интернет-ресурстың меншік иесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес авторлық, сабақтас және зияткерлік меншiкке өзге де құқықтарды қоса алғанда, зияткерлік меншік құқығының пайдаланылатын объектілеріне, сондай-ақ дербес деректерді өңдеуге және қорғауға құқықтарды сақтауға мiндеттi.
2. Пайдаланушылар интернет-ресурста орналастыратын ақпаратты қоса алғанда, оқырман хаттарын жариялау кезінде олардың мәтінін мазмұнының мағынасын бұрмаламай қысқартуға және редакциялауға жол беріледі.
3. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, бұқаралық ақпарат құралы редакциясын ол қабылдамай тастаған материалды жариялауға міндеттеуге ешкімнің құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған мәліметтерді қамтитын, интернет-ресурста пайдаланушылар орналастыратын ақпаратты қоса алғанда, оқырман хаттарын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға жол берілмейді.
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен 18-бап толықтырылды; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
18-бап. Ресми хабарлар
1. Ресми хабар ауызша немесе жазбаша нысанда, оның ішінде электрондық құжат түрінде таратылуы мүмкін.
Ресми хабарды ауызша нысанда тарату ақпарат иеленушінің басшысының немесе осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамының көпшілік алдында сөз сөйлеуі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Ресми хабарды жазбаша нысанда, оның ішінде электрондық құжат түрінде таратқан кезде, оған ақпарат иеленушінің басшысы немесе осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамы қол қоюға (электрондық құжат жағдайында - электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға) тиіс.
2. Ресми хабар бұқаралық ақпарат құралдарына олардың меншік нысанына және тиесілілігіне қарамастан, тең шарттарда беріледі.
3. Бұқаралық ақпарат құралының берілген ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі жазбаша сұрау салуына ақпарат иеленуші сұрау салу тіркелген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей жауап ұсынуға не оны ұсыну мерзімін немесе уәжді бас тартуды көрсете отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жауап беруге міндетті.
Қосымша зерделеу мен тексеруді талап ететін, берілген ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі жазбаша сұрау салуға қарау мерзімін ақпарат иеленушінің басшысы күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге бір мәрте ұзартуы мүмкін, ол туралы бұқаралық ақпарат құралына қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде хабар беріледі.
4. Қойылған мәселелерді шешу құзыретіне кірмейтін ақпарат иеленушіге бұқаралық ақпарат құралынан берілген ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі жазбаша сұрау салу келіп түскен жағдайда, осы сұрау салу екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тиісті органдарға жіберіліп, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралына хабар берілуге тиіс.
Бұқаралық ақпарат құралдарының жазбаша және (немесе) электрондық құжат түріндегі берілген ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі сұрау салулары бас редактордың (редактордың), уәкілетті тұлғаның немесе аккредиттелген журналистің қолы қойылып жіберіледі және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
5. Жазбаша немесе электрондық құжат түріндегі берілген ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі сұрау салуларға жауаптар өтініш келіп түскен тілде ұсынылады.
Берілген ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі сұрау салуларға жауаптар, егер сұрау салудың өзінде өзгеше көрсетілмесе, келіп түскен сұрау салу нысанында ұсынылады.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Бұқаралық ақпарат құралының өкілі сұрау салынған мәліметтерді беруден бас тартуға жоғары тұрған органға, лауазымды адамға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды
18-1-бап. Ресми хабарларға кірмейтін ақпаратты беру туралы сұрау салулар
1. Бұқаралық ақпарат құралы ақпарат иеленушіге ресми хабарға кірмейтін ақпаратты беру туралы сұрау салулармен жүгінуге құқылы.
Бұқаралық ақпарат құралының журналисі ақпарат иеленушіге телефон арқылы ауызша сұрау салумен жүгінген кезде өзін таныстыруға және әңгіменің аудиожазбасы жүргізілген жағдайда, ол туралы хабарлауға міндетті.
Бұқаралық ақпарат құралдарының жазбаша және (немесе) электрондық құжат түрінде берілген ақпаратты беру туралы сұрау салулары бас редактордың (редактордың), уәкілетті тұлғаның немесе аккредиттелген журналистің қолы қойылып жіберіледі және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Сұрау салуға жауап, егер сұрау салудың өзінде өзгеше көрсетілмесе, ол келіп түскен күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде, келіп түскен сұрау салу нысанында және тілінде ұсынылады.
Сұрау салынған ақпарат бірнеше ақпарат иеленушінің құзыретіне кіретін және жазбаша сұрау салуға жауап беру кезінде өзге ақпарат иеленушілерден ақпарат алу талап етілетін жағдайларда, қарау мерзімін ақпарат иеленушінің басшысы бір мәрте күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралына қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде хабар беріледі.
2. Сұрау салу бойынша ақпарат беруден:
1) егер сұрау салудың мазмұны сұрау салу жіберілген ақпарат иеленушінің құзыретіне кірмесе;
2) егер сұрау салу осы Заңның талаптарына сәйкес келмейтін болса;
3) егер сұрау салынған ақпарат қолжетімділігі шектелген ақпаратқа жататын болса;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) мемлекеттік бақылау нəтижелері бойынша шешім қабылданғанға дейін;
5) ведомствоаралық және ведомствоішілік хат алмасу немесе мемлекеттік органдардағы кеңесулер негізінде әзірленетін түпкілікті шешім қабылданғанға дейін;
6) шет мемлекеттерден немесе халықаралық ұйымдардан келіп түскен құжаттарды ашу шарттары туралы өзара келісім қабылданғанға дейін бас тартылады.
3. Бұқаралық ақпарат құралдарының сұрау салуына жауап ұсынбағаны немесе уақтылы жауап ұсынбағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Бұқаралық ақпарат құралының өкілі сұрау салынған ақпаратты беруден бас тартуға мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдардың азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне шағым жасау үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 18-2-баппен толықтырылды
18-2-бап. Міндетті хабарлар
1. Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары өз құзыреті шеңберінде және (немесе) жергілікті атқарушы органдар оқиға басталған кезден бастап үш сағаттан кешіктірмей, уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарына ағымдағы ахуал туралы ресми хабарлар беруге міндетті.
Ресми хабарларды бермегені немесе уақтылы бермегені үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары өтеусіз негізде мыналарды:
1) заңды күшіне енген сот шешімін, егер онда осы сот процесі бойынша жауапкер болып табылатын бұқаралық ақпарат құралында жауапты немесе теріске шығаруды жариялау туралы талап қамтылатын болса;
2) «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес төтенше жағдайды енгізу туралы ресми хабарларды;
3) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабында көзделген уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми хабарларын;
4) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2-тармағында көзделген уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми хабарларын;
5) осы баптың 1-тармағында көзделген уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми хабарларын жариялауға міндетті.
3. Міндетті хабарларды:
1) эфирге күн сайын шығатын теле-, радиоарналар - бір тәулік ішінде;
2) жарыққа (эфирге) шығу кезеңділігі немесе уақыты өзгеше бұқаралық ақпарат құралдары - осындай жарияланымдар үшін уәкілетті мемлекеттік органдар не сот белгілеген мерзімде жариялайды.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 18-3-баппен толықтырылды
18-3-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше)
1. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда, ведомстволарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарда (Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда) мемлекеттік органның құзыретіне, сондай-ақ оның қызметіне жататын мәселелер бойынша ақпарат таратуды жүзеге асыратын, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға тағайындалады не уәкілетті бөлімше құрылады.
Дербес құрылымдық уәкілетті бөлімше және (немесе) штаттық лауазым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген штат саны лимиттерінің шегінде құрылады, сондай-ақ мемлекеттік органның бірінші басшысына тікелей бағынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, штат саны жиырма бес адамнан аз мемлекеттік органдарда осы баптың 2-тармағында белгіленген функциялар мемлекеттік орган қызметкерлерінің біріне негізгі функционалдық міндеттерінен босатылмай жүктеледі.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) негізгі функциялары мыналар:
1) ақпарат пайдаланушыларға мемлекеттік органның құзыретіне, сондай-ақ оның қызметіне жататын мәселелер бойынша анық және қажетті ақпаратты беру;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбаттар, түсіндірмелер, жарияланымдар әзірлеуге жәрдемдесу;
3) журналистерді және бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да өкілдерін уақытша немесе тұрақты аккредиттеуден өткізу, сондай-ақ оларға мемлекеттік органның құзыретіне, сондай-ақ оның қызметіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты неғұрлым толық және кеңінен тарату үшін жәрдемдесу;
4) лауазымды адамдардың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен баспасөз конференцияларын, брифингтерін, сұхбаттары мен кездесулерін ұйымдастыру;
5) интернет-ресурстың қызметін техникалық қамтамасыз ету, оны кешенді реконструкциялау, дизайнын жетілдіру, жаңғырту және жаңа технологияларды енгізу мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу және енгізу;
6) ақпарат пайдаланушылардан келіп түсетін сұрау салуларға уақтылы жауаптар дайындау;
7) мемлекеттік органның және (немесе) оның бірінші басшысының интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру;
8) таратылуына Қазақстан Республикасының заңдарында немесе заңды күшіне енген сот актілерінде тыйым салынған немесе өзге де түрде шектеу қойылған ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік органның құзыретіне, сондай-ақ оның қызметіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты барынша ашуға ықпал ететін өзге де функциялар болып табылады.
3. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті бөлімше өз қызметін арнаулы мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметінің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, уәкілетті орган бекіткен үлгілік ереженің негізінде әзірленген ереже негізінде жүзеге асырады.
4. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды.
5. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімшелердің қызметкерлері) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
6. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) мемлекеттік орган жойылған (таратылған) немесе қайта ұйымдастырылған жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік органның штат саны бойынша (штаттық кестесінен) қысқартылуға (алып тасталуға) жатпайды.
2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 18-4-баппен толықтырылды
18-4-бап. Интернет-ресурстардағы балаға қатысты кибербуллинг фактілерін қарау мәселелері бойынша өтініштер
1. Балаға қатысты кибербуллинг фактілері анықталған жағдайда, азамат не баланың заңды өкілі құқыққа қарсы әрекеттер орын алған интернет-ресурстың атауын көрсете отырып, балаға қатысты жасалып жатқан кибербуллинг фактілері туралы өтінішпен уәкілетті органға жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жүгінуге құқылы.
Жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында берілген өтініштер қол қойылып жіберіледі және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады.
Балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті сараптама тобы ол келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды.
Сараптама тобын құру, сондай-ақ балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті қарау тәртібін уәкілетті орган айқындайды. Жауап мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде ұсынылады.
Сұратылатын ақпарат бірнеше ақпарат иеленушінің құзыретіне кіретін және өтінішке жауап беру кезінде өзге ақпарат иеленушілерден ақпарат алу талап етілетін жағдайларда, уәкілетті орган қарау мерзімін күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге бір рет ұзартуы мүмкін, ал өтініш берушіге қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде хабарланады.
2. Егер өтініш мазмұнында балаға қатысты кибербуллинг фактілері жасалып жатқан интернет-ресурс көрсетілмесе, өтінішті қараудан бас тартылады.
3. Кибербуллинг фактілері бойынша азамат не баланың заңды өкілі өтінішіне жауап ұсынбағаны немесе уақтылы ұсынбағаны үшін уәкілетті органның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
4. Өтінішті қараудан бас тартуға азамат не баланың заңды өкілі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.
Ескертпе. Осы баптың мақсатында кибербуллинг деп интернет-ресурс пайдаланыла отырып балаға қатысты қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан көп) әрекеттер, баланы қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер түсініледі.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
19-бап. Теріске шығару не жауап беру құқығы
1. Азамат немесе заңды тұлға бұқаралық ақпарат құралдарынан осы бұқаралық ақпарат құралында таратылған, шындыққа сәйкес келмейтін және ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді теріске шығаруды талап етуге құқылы. Мұндай құқыққа азаматтың немесе заңды тұлғаның өкілдері де ие болады.