Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің
штаттық санын ұлғайту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 19 шілдедегі № 1001 Қаулысы (ҚР Үкіметінің
21.09.99 ж. № 1433 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң аумақтық органдарының штаттық санын 49 бiрлiкке қысқарту есебiнен Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң орталық аппаратының штаттық саны 25 бiрлiкке ұлғайтылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң орталық аппаратына:
25 бiрлiк мөлшерiндегi қысқартылатын штаттық санды;
49 бiрлiк мөлшерiндегi қысқартылатын штаттық санға тиiстi мөлшердегi қаржыларды берсiн.
ҚР Үкіметінің 21.09.99 ж. № 1433 қаулысымен 3 тармақтың күші жойылды
3.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі