Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік тұқым инспекциясын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 наурыздағы № 252 қаулысы
ҚР Үкіметінің 02.03.00 ж. № 342 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Республикалық мемлекеттік тұқым инспекциясы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазтұқымсараптама» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Кәсіпорынның негізгі міндеті ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сорттық және егістік сапасын тексеру (сараптау) және оларды құжаттау болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы және оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісі функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бір ай мерзім ішінде Кәсіпорынның жарғысын бекітсін, оның басшысымен келісім-шарт жасассын және Кәсіпорынды заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 44-2-жолмен толықтырылсын:
«44-2. «Қазтұқымсараптама» республикалық
мемлекеттік кәсіпорыны
(шаруашылық жүргізу құқығында) Астана қаласы».
6. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:
1) Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің «Бақылау-тұқымдық лабораторияларын қайта құру туралы» 1967 жылғы 31 тамыздағы № 636 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1967 ж., № 7, 47-құжат);
2) Қазақ ССР Министрлер Советінің 1971 жылғы 24 наурыздағы № 197 өкімінің 1-тармағының б) тармақшасы.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі