2) ІІI бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"ІІI. Төрт және одан да көп бірге тұрып жатқан, кәмелетке толмаған балалары (соның ішінде, оқу орындарын бітірген кезге дейін, кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жоғары және арнаулы оқу орындарында оқитын балалары) бар көп балалы отбасыларына тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет көрсетулер (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету) шығындарын төлеу үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.".
13. "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 1997 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 109-құжат; 1998 жылы 25 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
69-баптың 1-тармағының екінші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
"селолық жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына тиісті жылға республикалық бюджетте белгіленген мөлшерде және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен отын сатып алуға біржолғы ақшалай төлем беріледі.".
2-бап. Осы Заң 1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті