1997 жылғы 29 мамырдағы № 889 қаулысын іске асыру туралы Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 1997 жылғы 30
мамырдағы № 159
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
"Жылуды, ыстық және суық суды тұтыну нормаларын қолдануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 29 мамырдағы № 889 қаулысын Алматы қаласында коммуналдық қызметтердi тұтынуды есепке алу құралдарын орнатуды ұйымдастыру бөлiгiнде жүзеге асыру мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi Ө.Е.Шүкеев:
Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрлігімен бiрлесiп Алматы қаласының тұрғындарына қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызметтердi тұтынуды есепке алу құралдарын орнату және пайдалану мәселелерiнде әдiстемелiк және iс жүзiнде көмек көрсету үшiн дереу жедел жұмыс тобын құрсын;
топтың жұмысына Алматы қаласы әкімінiң өкiлдерiн, ал қажет болған жағдайда - басқа да мемлекеттік органдардың өкiлдерi мен лауазымды тұлғаларын тартсын;
топты қажеттi қызметтiк үй-жаймен, көлiкпен, байланыс құралдарымен және ұйымдастыру техникаларымен қамтамасыз ете отырып, оның тиiмдi және тәулiк бойы жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасасын;
Алматы қаласының тұрғындарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аталған жұмыс тобының мақсаты мен мiндеттерi, құрамы, орналасқан жерi, оның кезекшi телефондары мен жұмыс кестесi туралы құлақтандырсын;
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне жедел жұмыс тобы жұмысының нәтижелерi туралы үнемi хабарлап отырсын.
2. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңсесiне жүктеймiн.
Премьер-Министр