Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 29 мамырдағы № 889
қаулысына өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
қаулысы 1997 жылғы 10 шiлдедегi № 1091
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
"Жылуды, ыстық және суық суды тұтыну нормаларын қолдануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 29 мамырдағы № 889 қаулысына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 24 маусымдағы № 193 өкіміне сәйкес Алматы қаласындағы есептеу құралдарымен жабдықталған үйлерде коммуналдық қызмет көрсетулердiң iс жүзіндегі тұтынуына тексерiстер жүргiзiлдi. Тексерiс қорытындысы бойынша Алматы қаласының әкімі жылу мен ыстық суды тұтынудың жаңа нормаларын есептедi.
Алматы қаласының жылу жүйелерiн қысқа дайындау жөніндегі жұмысты жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
"Жылуды, ыстық және суық суды тұтыну нормаларын қолдануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 29 мамырдағы № 889 қаулысының 2-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің
бiрiншi орынбасары