Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң
оқытушылары мен қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 17 маусымдағы
№ 982 қаулысы (ҚР Үкіметінің 17.06.02 ж. № 665 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
"Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң мәртебесi жөніндегі" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 9 қаңтардағы № 1059 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 2, 21-құжат) сәйкес республиканың дербес, жетекшi және iргелi жоғары оқу орны ретіндегі оның мәртебесiн ескере отырып, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық Университетiнiң ғылыми және педагогтық әлеуетiн сақтап қалу мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 17.06.02 ж. қаулысымен 1-тармақтың күші жойылды
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1998 жылға және кейiнгi жылдарға арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде университеттiң профессорлық-оқытушы құрамының және қызметкерлерiнiң еңбегiне жоғары оқу орындары үшiн белгiленген жалақы ставкаларына 1,75 көтерiңкi коэффициентпен ақы төлеуге қаражат көздейтiн болсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
"1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 1737 қаулысында :
25-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетi" деген сөздер алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 2 сәуірдегі № 465 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 14, 107-құжат):
аталған қаулының 2-қосымшаcында:
2-тармақ алынып тасталсын;
3 - 7-тармақтар 2 - 6-тармақтар болып есептелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi