Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1997 жыл 14 наурыздағы № 324 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "1997 жылға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі шараларының кең ауқымды Жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы № 1533 қаулысымен бекітілген қосымшадағы:
"Реформаларды заңдық қамтамасыз ету" деген ҮII тараудағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы және мұнай туралы" деген реттiк нөмiрi 112-жолдардағы /"Шетелдiк инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлуiне байланысты/ 4-бағандағы "1997 жылғы қаңтар" деген сөздер "1997 жылғы маусым" деген сөздермен ауыстырылсын.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылға арналған заң жобалары жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 7 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 1997 жылға арналған заң жобалары жұмыстарының жоспарындағы реттiк нөмiрi 10 және 12-жолдар алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 47а мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"47а "Жер қойнауы және жер Экономсаудаминi, мамыр.
қойнауын пайдаланушылар Қаржыминi, маусым,
туралы" және "Мұнай Әдiлетминi шiлде
туралы" Қазақстан --------------
Республикасы Президен. Кәсiпорындар
тiнiң Заң күшi бар реформасы
Жарлықтарына /"шетел бөлiмi
инвестициялары туралы"
Қазақстан Республикасының
Заңына өзгерістер мен
толықтырулар енгiзiлуiне
байланысты/ өзгерістер
мен толықтырулар енгізу
туралы
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бiрiншi орынбасары