Орталық және атқарушы органдардың көрсеткен қызметкерлерi үшiн
төлемдер алуды ретке келтiру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1745 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
Тұтынушылардың мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға (бұдан әрi мемлекеттік органдарға) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделмеген қызмет көрсету үшiн төлемақы алуға, сондай-ақ өздерiне жүктелген мемлекеттік функцияларды орындауды мемлекеттік емес нысандағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге беруiне тиым салынсын.
2. 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік органдар көрсеткен ақылы қызметтен түскен қаражат, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгедей көздемеген болса, республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң кiрiсiне есептелуi тиiс.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік органдардың ақылы қызмет көрсетуден түскен қаражаты бюджетке уақытылы аударылуын есепке алуды және бақылауды жүзеге асырсын.
4. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi:
1997 жылдың 15 қаңтарына дейiн мемлекеттік органдар көрсететiн ақылы қызметке баға белгiлеудiң әдiстемесiн әзiрлесiн;
1997 жылдың 1 сәуiрiне дейiн:
мемлекеттік органдар көрсететiн қызметтер үшiн төленетiн ақының мөлшерiн оларды орындауға жұмсалған шығындарға сүйенiп (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе) қайта қарасын;
көрсетiлетiн ақылы қызметтердiң тiзбесiн, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес ақылы қызмет көрсететiн мемлекеттік органдарды, сондай-ақ әрбiр қызмет үшiн төлем ақы мөлшерiн атап көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
Көрсетiлген қызметтер үшiн негiзделмеген төлем ақы алуға жол берген, сондай-ақ оны белгiленген мөлшерден асырып алған мемлекеттік органдардың кiнәлi адамдарын, тиiстi ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапқа тартуға шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң және Қаржы министрлігінiң келісімi бойынша 1997 жылдың 1 ақпанына дейiн министрлiктер, мемлекеттік комитеттер мен өзге де орталық атқарушы органдар туралы ережелерге Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделмеген ақылы қызмет көрсету жөніндегі тармақтарын алып тастауға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс тапсырсын.
5. Жергiлiктi атқарушы органдар өз шешiмдерiн осы қаулыға сәйкестендiрсiн.
6. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі 1997 жылдың 1 сәуiрiне осы қаулының орындалуы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат тапсырсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бiрiншi орынбасары